Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мемлекеттiк қызметтер

Бақылау iс-шараларының жоспары (ZIP 16 Kb)

«Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкiмiнiң аппараты» КММ-дегi тексерiстер туралы ақпарат (ZIP 11 Kb)

Қолжетiмдi, жеңiл және жылдам көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмi 12.10.2017 ж. (ZIP 268 Kb)

Мемлекеттiк қызметтер Мемлекеттiк қызметтер Мемлекеттiк қызметтер

«Спорт мектептерiне және спорт мектептерiнiң бөлiмшелерiне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (ZIP 30 Kb)

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы (ZIP 73 Kb)

«Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерiне тұрғын үй беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (ZIP 25 Kb)

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмi

«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу және апостильдеу мәселелерi бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 17 сәуiрдегi №219 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Мұрағат

2016 жылы көрсетiлген мемлекеттiк қызмет бойынша ақпарат

«Электрондық үкiмет» порталынан мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуды жеңiлдету мақсатында бiр реттiк парольдiң көмегiмен қызметке тапсырыс беруге мүмкiндiк жасалған.

Ол қалай жқмыс iстейдi?

Бiр реттiк пароль — бұл sms-хабарлама, ол сұрау жiбергеннен кейiн азаматтың мобильдi телефонына келедi. Ол телефонына тексерiс кодын алады, оны e-gov.kz енгiзу қажет. Кодты енгiзгеннен кейiн портал автоматты түрде сiздiң номерiңiздi тексередi және телефон номерi мен осы базада тiркелген номермен сәйкес келген жағдайда сұралған қызмет нәтижесi тез арада ұсынылатын болады.

Мабильдi азаматтар базасына қалай тiркелуге болады?

Телефон номерiңiздi алушының жеке кабинетiнде не «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясына жүгiну арқылы ЖСН байлауға болады.

Бiр реттiк пароль бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi:

  1. Мекенжай анықтамасын алу;
  2. Жеке тұлғаларда жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру;
  3. ЖТ жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру;
  4. Жеке тұлғалар үшiн жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру;
  5. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру;
  6. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспорттың телнұсқасын беру;
  7. Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органмен бекiтiлген тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру;
  8. Жылжымайтын мүлiктiң меншiк иесi (құқық иесi) туралы мәлiметтi қамтитын техникалық паспортқа қосымша беру;
  9. Жылжымайтын мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың телнұсқасын алу;
  10. Жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiнен үзiндi беру;
  11. Мұрағаттық анықтамалар беру;
  12. Заңды тұлғаларды тiркеу, филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу туралы анықтаманы алу;
  13. Тiркелген заңды тұлға, филиал немесе өкiлдiк туралы анықтама беру;
  14. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкiлдiктерiнiң бар екендiгi туралы анықтама беру;
  15. Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру;
  16. Жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкiлдiктерге қатысуы туралы анықтама алу;
  17. Заңды тұлғаның барлық тiркелген әрекеттерi туралы анықтама алу;
  18. Көрсетiлген мерзiмге заңды тұлғаның тiркелгенi туралы анықтама беру;
  19. Құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерiстердiң енгiзiлгенi туралы анықтама беру;
  20. Заңды тұлғаның үлесiне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы анықтама беру;
  21. Некеге тұру туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру;
  22. Әкелiк құқықты бекiту туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш алу;
  23. Атын, тегiн, әкесiнiң атын өзгерту туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру;
  24. Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру
  25. Некенi бұзу туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру;
  26. Туу туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш алу;
  27. Аты, тегi, әкесiнiң атының ауысқаны туралы анықтама алу
  28. Некенiң бұзылғаны туралы анықтама алу;
  29. Некеге тұру туралы анықтама беру;
  30. Туу туралы анықтама алу.

«СҚО Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлiмi» ММ

Мемлекеттiк қызмет «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiп кешенi саласында мамандарға әлеуметтiк қолдау көрсету шараларын ұсыну» (одан әрi — мемлекеттiк қызмет).

Мемлекеттiк қызметтi облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергiлiктi атқарушы органдардың ауылдық аумақтарын дамыту саласында уәкiлеттiк органдармен (одан әрi қызмет берушiмен) көрсетiледi.

«СҚО Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк қызметтердi ұсынады:

  1. ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiп кешенi саласында мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесiне сәйкес берiлген өтiнiштер бойынша көтерме жәрдем ақылар төлеу бойынша;
  2. ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiп кешенi саласында мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесiне сәйкес берiлген өтiнiштер бойынша бюджеттiк несиелер беру бойынша.

Жалпы ереже: Мемлекеттiк қызметтi Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка ауылы Қожа берген-жырау 52 көшесi мекен жайы бойынша орналасқан «СҚО Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi (одан әрi уәкiлеттiк орган) көрсетедi, телефондары 8 (71544) 22823, 8 (71544) 21811.

Мемлекеттiк қызметтi «Агроөнеркәсiп кешенiнiң және ауылдық аумақтардың дамуын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 18 бабы 8 тармағына, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринария саласында мамандарға әлеуметтiк қолдау көрсету шараларын ұсыну ережесiн және мөлшерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылы 18 ақпандағы №183 қаулысымен бекiтiлген «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринария саласында мамандарға әлеуметтiк қолдау көрсету шараларын ұсыну Ережесiнiң 2 тармағына сәйкес көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызмет тегiн ұсынылады.

Қызмет берушiнiң жұмыс кестесi: дүйсенбiден жұмаға дейiн сағат 9-00-ден 18-00-ге дейiн, түскi үзiлiсiмен сағат 13-00-ден 14-00-ге дейiн, Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасы негiзiнде мерекелiк және демалыс күндерiнен басқа. Мемлекеттiк қызмет уәкiлеттiк органның ғимаратында қосымша жазбасыз және жеделдетiлген қызметтерсiз құжат арқылы дайындалады.

«Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде өзгерiстер

«Жамбыл ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне баланың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуiрдегi Заңымен, «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне өзгерiстер және толықтырулар енгiзiлгендiгi жөнiнде хабардар етедi.

Баланың тууы туралы өтiнiштi оның ата-аналары не басқа да мүдделi адамдар тiркеушi органдарға ол туған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей беруге тиiс, ал бала өлi туған жағдайда, босанған кезден бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы өтiнiштi бередi.

Үш жұмыс күнi өткен соң берiлген өтiнiш бойынша баланың тууын мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша тiркеушi орган жасаған қорытындының негiзiнде жүргiзiледi.

Бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған жағдайда баланың тууы туралы өтiнiштi оның ата-аналары не басқа да мүдделi адамдар Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiне оның туған күнiнен бастап екi айдан кешiктiрмей беруге тиiс.

Жамбыл ауданы әкiмiнiң аппарат басшысы
Е. Пестова

«СҚО Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлiмi» ММ хабарлайды:

Заң жобасымен «мемлекеттiк қызмет» түсiнiгiне жаңа анықтама берiлдi, жеке мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыру формаларының бiрi ретiнде, материалдық және материалдық емес игiлiктердi беруге бағытталған, қызмет алушының үндеуi бойынша жеке тәртiпте жүзеге асырылады.

Сонымен бiрге «қызмет алушы», «қызмет берушi», «мемлекеттiк қызметтi жеткiзушi» сияқты жаңа анықтамалар енгiзiлуде.

«Қызмет алушы» анықтамасы Қазақстанда мемлекеттiк қызмет алу құқығы бар тұлғалардың тобын кеңейтуде. Осы анықтамаға жеке және заңды тұлғалар кiредi, тек қана мемлекеттiк органдар, шетелдiк азаматтар мен заңды тұлғалар, азаматтығы жоқ адамдар кiрмейдi. «Қызмет берушi» мемлекеттiк қызмет көрсететiн жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiтетiн мемлекеттiк органдар болып табылады.

Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi келесi мемлекеттiк қызметтердi ұсынады.

  1. Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өткiзгiштiгi жоғары арнайы машиналарды басқаруға куәлiк беру бойынша мемлекеттiк қызмет түрiн көрсету.
  2. Сенiмхат бойынша тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өткiзгiштiгi жоғары арнайы машиналарды басқаратын тұлғаларды тiркеу бойынша мемлекеттiк қызмет түрiн көрсету.
  3. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өткiзгiштiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн беру және тiркеу құжатын (көшiрме) беру.
  4. Кепiлдiк тракторы және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiне, сондай-ақ өткiзгiштiгi жоғары арнайы машиналарға мемлекеттiк тiркеу.
  5. Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiне, сондай-ақ өткiзгiштiгi жоғары арнайы машиналарға жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқау жүргiзу» мемлекеттiк қызмет түрiн көрсету.
  6. Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiне, сондай-ақ өткiзгiштiгi жоғары арнайы машиналарға кепiлдiктiң жоқтығы (бары) туралы ақпарат ұсыну.
  7. Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау.
  8. Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау.
  9. Тұқым шаруашылығын субсидиялау.

Жалпы ережелер: Мемлекеттiк қызмет «Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiмен көрсетiледi (бұдан әрi — уәкiлеттi орган), орналасқан мекен-жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка с. Дружба к. 6, тел. 8-715-44-2-25-85, 8-715-44-2-11-16.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң формалары: автоматтандырылған емес.

Мемлекеттiк қызметтер 2014 жылдың 17 маусымындағы № 664 Қазақстан Республикасы Қаулысының негiзiнде, 2013 жылдың 15 сәуiрiндегi «Мемлекеттiк қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, 3-тармақшасына сәйкес көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызметтер тегiн ұсынылады.

Қажеттi құжаттар мен мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат www.minagri.gov.kz, http://mgov./tag/gos/one_cat/, http://.dsh.sko.gov.kz/page.php?cat=64&Lang=2 интернет-ресурстарда бар.

Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi: дүйсенбi-жұма сағат 9-00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс: 13-00-ден 14-30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мерекелiк күндерi «Қазақстан Республикасында мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес.

Қабылдау жедел қызмет көрсету мен алдын ала жазбасыз, кезексiз өткiзiледi.

Мемлекеттiк қызметтер уәкiлеттi органның ғимаратыңда өткiзiледi. Залда күте тұру орындары, толтырылған бланктардың үлгiлерiмен ақпараттық стендтар, өтiнiш бланктарымен үстелшелер орналасқан.

Аудан әкiмi аппаратының бас маманы
Т.В. Ластовец

Мұрағат 2015 жыл Zip (3 Mb)

Мақаланың шыққан күні: 28.08.2017 16:32

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.07.2018 12:09

СҚО Жамбыл ауданы әкiмi
Турков Иван Иванович

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасыБолашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2018 Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+