Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң Жамбыл аудандық бөлiмi бойынша ақпарат

Орналасқан мекен-жайы: Пресновка селосы, Горький бұрылысы, 10 үй

Жетекшi — Байсеиітов Ернар Амангелді ұлы

Жұмыс кестесi: күн сайын сағат 09.00-ден 20.00-ге дейiн, жексенбi — демалыс күнi.

Құрметтi аудан тұрғындары!

Ауданның шалғай жатқан ендi мекендерiнде тұратын азаматтардың өтiнiштерiн қабылдау және рәсiмделген құжаттарды тапсыру мақсатында, 2017 жылы шығатын мобильдi топ құрылды.

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерiмен кеңес беру және құжаттарды қабылдау ауыл аймақтардағы әкiмдiк ғимаратында өткiзiледi.

Қосымша хабарлайтынымыз, Халыққа қызмет көрсету орталығында, мемлекеттiк қызметтердiң барлық түрлерiне кезектi брондау және 2-29-10 телефон арқылы немесе Пресновка селосы, Горький қиылысы, 10 «Г» мекен жайы бойынша кеңес алуға болады.

Баспасөз релизі
2018 ж. 6 желтоқсан

Петропавл қ. СҚО еңбек мигранттары көші-қон орталығына жүгіне алады

СҚО еңбек мигранттары көші-қон орталығына жүгіне алады

Бүгiн Петропавл қаласында Көшi-қон орталығы өз есiгiн ашты. Мигранттар үшiн осы маңызды Орталықты «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ҚР IIМ-мен бiрлесiп таныстырды. Мұндай орталықтар Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Орал және Қостанайда жұмыс iстеуде.

Ресми ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң мемлекеттiк қызметтер басқармасының басшысы Болат Еңсегенов, Көшi-қон қызметiнiң басшысы Абилов Талғат  және «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Еркiн Жұмабай қатысты.

Петропавл қаласының тұрғындары үшiн ХҚО-ның негiзгi мамандануы — еңбек мигранттарына жұмыс iстеуге рұқсат беру және қайта рәсiмдеу болып табылады. Қазiргi уақытта Петропавл қаласына келген шетел азаматтары бiр жұмыс күнi iшiнде «бiр терезе» қағидаты бойынша мемлекеттiк қызметтердi ала алады. Бұған дейiн шетелдiктер жұмыс iстеуге рұқсат алу үшiн бес күн жүрсе, ендi рұқсатты бiр сағаттың iшiнде рәсiмдей алады. Ендi мигранттар бiр ғимараттың iшiнде электрондық кезек арқылы қызметтердi ала алады.

«Бұл жерде медициналық тексерiс пен дактилоскопиядан өтiп, сақтандыру полисiн рәсiмдеуге және жеке сәйкестендiру нөмiрiн алуға болады, сонымен қатар Көшi-қон орталығының қолайлы жағдайлары құжаттарды рәсiмдеудiң барысын мигранттар үшiн барынша ыңғайлы етедi», — дедi Еркiн Жұмабай.

«Мечта» ТК (Жамбыл к-сi, 71 А) ғимаратында орналасқа Көшi-қон ХҚО-да «бiр терезе» қағидаты бойынша қызметтердi алудан бөлек, мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларға кедергiсiз және ыңғайлы пайдалану үшiн барлық жағдайларлар жасалған. Ғимараттың кiреберiсi мүгедектерге арналған сырғыма баспалдақпен және қызметкерлердi шақыру түймесiмен жабдықталған. Мемлекеттiк қызметтердi мигранттар күнделiктi (сенбi, жексенбi және мереке күндерiнен басқа) сағат 09:00-ден 18:30-ға дейiн түскi үзiлiссiз ала алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕ АҚ
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының
PR-менеджерi Нургалиев Ерназар
Тел: 8-775-443-91-09

2018 жылғы 4 тоқсанға арналған «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының «Халыққа қызмет көрсету бойынша мобильдi ХҚҚО шығу кестесi (ZIP 1057 Kb)

Азаматтарға арналған үкiмет қазақстандықтарды ХҚО-ларының жұмысын бiрлесiп жақсартуға шақырады

Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтарды ХҚО-ларының жұмысын бірлесіп жақсартуға шақырады

Қыркүйек айында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы «Краудсорсинг» жобасының iске қосылғандығы туралы хабарлаған болатын. Аталған жоба өзгерiстерге бей-жай емес барлық қазақстандықтарды ХҚО-ларының жұмысын жақсартуға тартуды көздейдi. Масалы, азаматтар мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процесiн жетiлдiру бойынша өздерiнiң ұсыныстары мен ескертулерiн қалдыра алады.

Бүгiнгi күнi астаналықтар ең белсендi қолданушылар болып отыр, олар ХҚО-ның жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстардың 1/3-нен астамын қалдырған. Екiншi орында оңтүстiк астананың тұрғындары орналасты, олардың үлесiнде 26%. Осы ретте, жоба iске қосылған сәттен бастап 19 қатысушы анықталып, олардан 23 ұсыныс келiп түскендiгiн айта кеткен жөн. Ұсыныстардың көпшiлiгi кейбiр мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң бизнес-процестерiн өзгертуге қатысты.

Мемлекеттiк қызмет көрсету саласының барлық бағыттары және мемлекеттiк корпорацияның қызметi бойынша жалпы өз ұсыныстарыңызды енгiзуге болатындығын естерiңiзге саламыз. Сайтқа қалдырылған ұсыныстарды талқылауға, пiкiрлер қалдыруға және лайктар басуға болады. Бұдан өзге, үздiк идеялардың жеңiмпаздары сыйлықтармен көтермеленетiн болады. Жоба бойынша толық ақпаратты www.gov4c.info сайтынан көруге болады.

Iрiктеуден кейiн, ұсынылған бастамалар пысықталып, мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерлерiнен тұратын комиссия мүшелерi тарапынан iске асырылатын болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру жеңілдетілді

Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру жеңілдетілді

Egov.kz электрондық порталы арқылы жүргізуші куәлігін алу механизмі жеңілдей түсті. Енді азаматтар жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін онлайн өтінім жолдаған кезде екінші деңгейлі банк арқылы мемлекеттік бажды төлегені туралы чектің мәліметтерін енгізсе жеткілікті.

Ол үшін қызметке онлайн тапсырыс берген кезде төлем қадамында «бұрын төленді» деген белгі қою керек. Кейін чек бойынша мына деректерді енгізу қажет: салық органы, банктің БСК, төлем күні, КБК, ТТК және төлем сомасы. Содан кейін табылған чекті таңдап және ЭЦҚ арқылы сұранымға қол қою қажет.

Бұрын бұл қызметті портал арқылы алғанда, онлайн өтінім жіберген кезде ғана төлеу керек болатын.

Еске сала кетейік, жүргізуші куәлігін онлайн алу қызметі биыл наурыз айында іске қосылды. Қызметті алу үшін қолданушы egov.kz арқылы өтінім толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбасын қою керек. Өтінімге фотосурет және қолтаңбаның скан-көшірмесін тіркеу қажет. Кейін дайын хабарлама мен төлем чегі қағазға басып шығарылып, тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған ХҚО-ға ұсынылады.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
КЕАҚ Баспасөз қызметі

Мемлекеттік қызметтерді видеоқоңырау арқылы алуға болады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы CISCO компаниясымен бірге мемлекеттік қызметтерді қашықтықта онлайн тәртіпте ұсыну жобасын жасады. Енді 20 мемлекеттік қызметті видеобайланыс арқылы алуға болады.

Желілік технологиялар видеоқоңырау арқылы 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, қызметтерді алуға өтінім жасауға мүмкіндік береді. Осы жоба арқылы бірқатар ақпараттық анықтамаларға — мекенжай, соттылықтың бар-жоғы, зейнетақы төлемдері, тіркелген құқықтар, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы және тағы басқа да анықтамаларға қол жеткізуге болады. Сондай-ақ видеоқоңырау арқылы электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуға өтінім беріп, мобильді азаматтар базасына тіркелуге болады.

Пилоттық жоба Астана қаласында — Сығанақ көшесі, 29 үйде орналасқан «Жилстройбанк» бөлімінде, «Қазпошта» цифрлық бөлімдерінде, Бейбітшілік көшесі, 25 үйде орналасқан жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ Алматы қаласындағы «Мега парк» сауда үйінде іске қосылды. Жуырда Мәскеудегі Қазақстан Республикасының елшілігінде және Астана LRT аумағында жүзеге асыру жоспарлануда.

Қызметтер тізімі:

  1. БЖЗҚ салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру;
  2. Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру;
  3. Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша мәлімет беру;
  4. МГОВта тіркелу;
  5. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) туралы анықтама беру;
  6. Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру;
  7. Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру және кері қайтару (ЭЦҚ растау);
  8. Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру;
  9. Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама беру;
  10. Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру;
  11. Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру;
  12. Заңды тұлғаны әрекетсіз заңды тұлға деп немесе оның қатысушыларын әрекетсіз заңды тұлғаларға қатысы бар деп тану туралы анықтама беру;
  13. Заңды тұлғаның барлық тіркелген әрекеттері туралы анықтама беру;
  14. Көрсетілген мерзімге заңды тұлғаның тіркелгені туралы анықтама беру;
  15. Құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерістердің енгізілгені туралы анықтама беру;
  16. Заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы анықтама беру;
  17. Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру;
  18. ЭЦҚ алуға өтінім беру.

Мемлекеттік қызметтерді видеоқоңырау арқылы алуға болады

Мемлекеттік қызметтерді видеоқоңырау арқылы алуға болады

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметі

«Онлайн тәртiпте автокөлiктi тiрке және жүргiзушi куәлiгiн ауыстыр!» акциясы

Петропавл қаласында «Онлайн тәртiпте автокөлiктi тiрке және жүргiзушi куәлiгiн ауыстыр!» акциясы өтiп жатыр. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемкорпорациясының СҚО бойынша филиалының қызметкерлерi мамандандырылған ХҚО-да, автобазарларда онлайн тәртiпте мемлекеттiк қызметтердi алу мүмкiндiктерi туралы ақпараттандыру мақсатында кiтапшаларды таратып, түсiндiрме жұмыстарын жүргiзуде.

Осы орайда, азаматтар жүргiзушi куәлiктерiн (ЖК) мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, кез-келген уақытта электрондық үкiмет порталы арқылы ауыстыра алатынын, сондай-ақ автокөлiктi қайта тiркей алатындығын естерiңiзге саламыз. Бұл әдiс ұзын-сонар кезекте тұру мәжбүрлiгiнен құтқарып қана қоймай, уақытты үнемдеуге де мүмкiндiк бередi.

Жүргiзушi куәлiгiн онлайн тәртiпте ауыстыру қызметiн алу оңай әрi жылдам. Алдымен еgov.kz порталына кiрiп, электрондық өтiнiштi толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен растау қажет. Өтiнiшпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суретi де жолданады. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң (мобильдi азаматтар базасына тiркелген жағдайда хабарлама SMS түрiнде келедi) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын ЖК алып кетуге болады.

Бөлiмге барғанда, ауыстыратын ЖК, жеке басыңызды куәландыратын құжатты, өтiнiш пен баж салығын төлеу туралы электрондық чектi ұсыну қажет. Айта кетсек, жүргiзушi куәлiгiнiң баж салығы бұрынғыдай 1,25 АЕК, яғни 3 006,25 теңгенi құрайды.

Портал арқылы өтiнiм бергенде, ешқандай құжаттың скан-нұсқасын ұсынудың қажетi жоқ, себебi қажеттi мәлiметтердiң барлығы ақпараттық жүйелер арқылы алынады. . Қызметтi онлайн алу үшiн egov.kz порталында авторизациядан өтiп, сатылатын көлiк жайлы ақпаратты енгiзiп, айыппұлдар мен салық төлемдерiн, техникалық жағдайынтексеруге сұраныс жолдау керек.  Егер қарыздар болса, электрондық портал арқылы өтеуге болады. Мұнан кейiн автокөлiктi сатып алушы азамат электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинетi арқылы сатушы қалдырған өтiнiммен танысып, айыппұлдарды тексергеннен кейiн нөмiр белгiсiне, көлiк құралын тiркеуге және тiркеу туралы куәлiкке төлем жасай алады. Сатып алушы өзiнiң ЭЦҚ-мен смарт-келiсiмдi растаған соң мамандандырылған ХҚО-ға нөмiр белгiсiн алып кету үшiн ғана келедi. Сондай-ақ нөмiрдi үйге жеткiзу қызметiне де тапсырыс беруге болады.

Жыл басынан Петропавл қаласында жүргiзушi куәлiгiн онлайн ауыстыру қызметiн 405 адам пайдаланды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша
филиалының PR-менеджерi

Ұялы жылжымалы қызмет көрсету орталығының кестесi (ZIP 881 Kb)

«Азаматтарға арналған үкiмет» қазақстандықтарды бiрлесiп жұмыс iстеуге шақырады

«Азаматтарға арналған үкімет» қазақстандықтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы www.gov4c.info ресми сайтында мемлекеттiк қызмет көрсету бизнес-процесiн жетiлдiру бойынша қазақстандықтардың ұсыныс-тiлектерiн қабылдауға мүмкiндiк беретiн «Краудсорсинг» жобасын iске қосты.

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк корпорацияға басқарма төрағасының блогы, әлеуметтiк желiлер және керi байланыстың басқа да арналары арқылы азаматтардан түрлi проблемаларды шешу, сондай-ақ сервистердi жетiлдiру бойынша көптеген өтiнiш-ұсыныстар түсiп жатыр. Ендi ықылас танытқан әрбiр азаматтың мемлекеттiк қызмет көрсету саласына қатысты ұсыныс-талабы арнайы жоба аясында қабылданатын болады.

Жобаны енгiзушiлер қазақстандықтардың фронт-офис жұмысын жақсартып, электрондық сервистердi жетiлдiру бойынша инновациялық идеяларын күтедi. Мемлекеттiк қызмет көрсету саласын дамытып, корпорацияның жұмыс сапасын арттыруға бағытталған ұсыныс-тiлектердiң барлығын осы «Краудсорсингте» қалдыруға болады.

Ұсыныс-тiлектердi мемлекеттiк корпорация қызметкерлерiнен құрылған комиссия сараптамадан өткiзiп, таңдаулы ұсыныстар кең талқыланып, жүзеге асырылады.

Ұсыныс қалдыру үшiн https://www.gov4c.info/ сiлтемесi арқылы өтiп, арнайы форманы толтыру қажет. Сайт қолданушылары қалдырылған ұсыныстарды талқыға салып, пiкiрлер жазып, тiптi бағалай алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» қазақстандықтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

ХҚО-да электрондық цифрлық қолтаңба беру тәртiбi жеңiлдетiлдi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы жеке тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) беру процесiн жеңiлдеттi. Бұл үрдiс «бiр терезе» қағидаты бойынша пилоттық тәртiпте жүзеге асуда.

Ендi ЭЦҚ алу үшiн ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының (pki.gov.kz) порталы арқылы алдын-ала өтiнiм берiп, жеке тұлғаны растау үшiн ХҚО-ға барудың қажетi жоқ. Бiрден ХҚО-ға келiп, электрондық кезек талонымен маманға тiкелей жүгiнсе, оператор барлық қажеттi өтiнiмдер мен операцияларды өзi орындайды. Барлық процесске шамамен 5 минут уақыт кетедi.

Қызмет алушы өзiмен бiрге жеке басын куәландыратын құжат пен usb тасымалдаушыны әкелуi тиiс.

Ал заңды тұлғалар ЭЦҚ-ны жеңiлдетiлген үрдiспен қазан айының соңында ала бастайды.

Айта кету керек, «Азаматтарға арналған үкiметтiң» фронт-офистерi арқылы биылғы жылдың 8 айында 4,5 миллионға жуық ЭЦҚ берiлдi.

ХҚО-да электрондық цифрлық қолтаңба беру тәртібі жеңілдетілді

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Ақпарат
Шифрлық құралдарды әкелуге рұқсат беру мерзімі қысқартылды

Премьер-министрдiң орынбасары Асқар Жұмағалиевтың төрағалығындағы Мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу бойынша ведомствоаралық комиссия ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi көрсету мерзiмiн қысқарту жайлы шешiм қабылдады.

Ендi үшiншi елдермен сауда-саттықта тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитiне қорытынды беру құжаты бұрынғыдай 15 күнтiзбелiк күнде емес, 8 жұмыс күнiнен кейiн берiлетiн болады.

Үшiншi елдермен сауда-саттықта тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитiне қорытынды беру құжатын беру мерзiмi да 15 күнтiзбелiк күннен 8 жұмыс күнiне дейiн қысқартылды.

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың сипаттамасы туралы нотификацияларды тiркеу жұмыстары да ендi 10 жұмыс күнi орнына 5 жұмыс күнi iшiнде орындалатын болады.

Шифрлық құралдарды әкелуге рұқсат беру мерзімі қысқартылды

Мемлекеттiк тiл — ол халық бiрлiгiнiң негiзгi факторы

Қазақстан халқы Ассамблеясы ел халқының мемле­кет­тiк тiлдi меңгеруiнiң жалпы­ұлт­тық үдерiсiне басшылық жасауы ке­рек. Ол үшiн ешкiмге қысым жаса­май және ешкiмдi төмендетпей, қажеттi шаралар кешенiн жүйелi де табанды жүзеге асыру қажет. Мемлекеттiк тiл — ол халық бiрлiгiнiң негiзгi факторы», дедi өз сөзiнде Н. Назарбаев. Осы мәлiмдемесi арқылы Президент елiмiздегi бейбiтшiлiк пен келiсiмдi сақтап, этносаралық қарым-қатынасты дамытуда маңызды рөл атқарып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясын ендiгi жерде мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтеруге белсене атсалысуға шақырды. Елбасы тапсырмасынан кейiн Ассамблея сiлкiнiп өз елiнде, өз жерiнде тиiстi тұғырына әлi қонбаған қазақ тiлiн дамыту iсiне белсендi ат салысады деген үмiт мол. Бiздiңше жалпы қоғамды, өскелең жас ұрпақты Отанды сүюге, мемлекеттiң әрбiр құндылықтарын қастерлеуге, патриоттық рухта  тәрбиелеуде, сондай-ақ мемлекеттiк тiлдi дамыту iсiнде бұқаралық ақпарат  құралдары (БАҚ) алдыңғы қатардан табылып, бұл iстердiң игiлiктi болуы үшiн  бiр атаның баласындай үлес қосулары тиiс. Жоғарыдағы құндылықтардың барлығының төрiнде Қазақстандағы мемлекет құраушы ұлт — қазақтардың ғасырлар бойғы алтын қазынасына айналған әрi қазiргi уақытты ұлтты ұйыстырып отырған — қазақ тiлi тұр.

Елбасы әртүрлi деңгейдегi биiк мiнбелерден қазақ тiлiн дамыту туралы талай-талай тұщымды ойлар, пiкiрлер айтып жүр, жеке өзi бастамашы болып мемлекеттiк тiлдi өркендету үшiн қыруар шаруалар тындыруда. Қисынға салсақ, мемлекет басшысының мемлекеттiк тiлдi дамытуға қатысты айтқан әрбiр пiкiрiн  ең алдымен БАҚ өкiлдерi терең түсiнiп, тұңғиығына бойлап, қоғамға жеткiзiп, халықтың құлағына құюы тиiс. Қарапайым тiлмен айтқанда, бұл Қазақстанды — Отаным, қазақ тiлiн — мемлекеттiк тiл деп мойындайтын кез-келген БАҚ өкiлдерiнiң жазылмаған заңы, маңызды мiндеттерiнiң бiрi болуы керек. «Баяғы жартас, бiр жартас» болып тұра берсiн деген пиғыл басым сияқты олардың арасында. Қазақстанда тұрып жатқан әрбiр этнос мемлекеттiк тiлдi бiлуi тиiс.  Елбасының сөзiмен айтқанда, «бұл iстiң табыстылығы тек мемлекетке ғана емес, сонымен бiрге бүкiл қоғамның белсендiлiгiне де байланысты». Бұл тұтас қоғамның iшiнде БАҚ өкiлдерi де бар. Сондықтан да, қазақ тiлiн дамыту туралы айтылған әрбiр бастамаға құрметпен қарап, соны адал жүрек, шын ниетпен жан-жақты насихаттауға, көрсетуге шақыру керек. Бұдан бәстерiмiз артпаса, кеми қоймас.

Жамбыл ауданының
бөлiмiнiң маманы
Ж. Сүйiндiк-Ережепқызы

Мемлекеттiк тiл — татулық пен бiрлiктiң тiрегi

Тiл — адамдық белгiсiнiң бiрi. Тiл өте қажеттi, өйткенi тiл арқылы бiр — бiрiмiзбен әңгiмелесе аламыз. Тiлсiз мемлекет болмайды. Қазақта тiлi жоқ халықты — «тұл» деп атайды. Қазақ тiлi — «елiмiздiң мемлекеттiк тiлi» екендiгi Конституцияда заңдастырылған. Бiз хабар бiлсек оны ауызша және жазбаша түрде айтамыз, бiлдiремiз. Ауызша айтқан өте қажет. Өйткенi осылай әдебиет дамыған. Жазба ол ауызшадан да қажет. Өйткенi жазу арқылы бiз ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан қазақ халқының салт-дәстүрiн, тарихын бiлемiз. Қазақ халқының ақын, жазушылары, шешендерi өте көп. Олар қазақ тiлiнде еркiн сөйлейдi, өз ойын толық айта алады, өйткенi қазақ тiлi — өте бай тiл. Ана тiлi ана сүтiндей өте қасиеттi. Тiлсiз бiлiм жоқ, ал бiлiм — өмiрдiң шырағы. Соған орай қазақта «Бiлiм кiлтi — тiл» деген мақал бар. Бұл әдебиеттi, ғылым бiлiмдi мәдениеттi өркендетедi деген ұғым. Оған қоса мемлекеттiк тiл — татулық пен бiрлiктiң тiрегi. Тiл мен қарым қатынас бiрiккенде ғана сыйластық, достық, адамгершiлiк пайда болады. Мемлекеттiк тiлдi меңгеру елдiң бiрлiгiн бiлдiредi. Сонда мемлекетiк тiл — татулық тiрегi болды деп айтамыз. Сонымен қатар, профессор Мәшһүр Жүсiп Қуандықтың «Көркем сөз құдiретi» ғылыми — әдiстемесi, ақын М. Жаманбалиновтың «Жауқазын», Арман Қаниевтың «Ар алдында» өлең жинақтары тiл бағдарламасы бойнша шыққан кiтаптары ұлттық рухымыздың мәртебесiн көтеруге үлес қосқан болашақ ұрпақ үшiн бағасы биiк болары дауыссыз. Мемлекеттiк тiлiмiздi мейлiнше кемелдендiруге, осы күнi қаны жерге таңбай тұрған аса дiлгiр мәселе — тiлiмiздiң мәртебесiн ту етiп көтеруге қосылған үлкен үлес. Қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл ретiнде кеңiнен қолдануылына қажеттi жағдай жасауға ат салысу, оның қоғамдық аясын кеңейтуге, тiл мәдениетiн арттыруға көмек беру үшiн өткiзiлетiн мәдени — көпшiлiк шаралар оқырмандарға тiлдi оқып — үйренуге қажеттi әдебиеттермен, анықтамалық құралдар, сөздiктер, өз бетiмен оқып — үйренуге арналған тiлашар — тiлдескiш көрнектi құралдарға шолу кiтапхана жұмыстары iшiндегi ең бастысы болып табылады.

Тiлдi үйрену — өз ұлтыңды тану. Ұлттық тiлдi бiлу ұлт тiлiн, қасиетiн, мiнезiн, ой, жан — дүниесiн, сырын бiлу екенiн, халықтық мәдениет пен дәстүрдi жаңғырту болатынын естен шығармайық. Тiлдi оқулықтан үйрену өте мардымсыз болады. Бай қазынаны игеру қазақ тiлiндегi көркем әдебиеттердi оқу, ғылыми еңбектермен танысу, жазба жұмыстарын жүргiзу, күнделiктi оқу, үйрену арқылы ғана орындалады. Қазақ тiлi туған тiлiм екендiгiне өте қуаныштымын және мақтан етемiн.

Жамбыл ауданының
бөлiмiнiң маманы
Ж. Сүйiндiк-Ережепқызы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызмет түрлеріне тең қол жеткізуді қамтамасыз етеді

Бүгiнгi таңда «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларға мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша жұртшылықпен есептiк кездесу өткiздi.

Астана қаласының Есiл ауданының әкiмдiгiнде мемлекеттiк корпорацияның басшылығы мүмкiндiгi шектеулi жандармен кездесу өткiздi, онда мемлекеттiк корпорация төрағасының орынбасары Асемгуль Балташева мемлекеттiк қызметтi кедергiсiз көрсету арналары туралы баяндады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мүмкiндiгi шектеулi жандарға арналған мемлекеттiк қызметтерге тең қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету үшiн үйге қызмет көрсетуге барудан бастап, бiз барлық қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшiн жаңа пилоттық жобаларды үнемi енгiзiп отырамыз», — дедi Балташева.

Осылайша, мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiнде пандустар, қоңырау шалу түймелерi, Брайльдегi тактикалық белгiлер және мүгедектерге арналған жеңiлдiк терезелерi, сондай-ақ фронт-офис ғимараттарының алдындағы автотұраққа бөлек орындар белгiлеу сияқты жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар, I және II топ мүгедектерi 1414 бiрiңғай байланыс орталықтарына (тегiн қоңырау) өтiнiш беру арқылы мемлекеттiк қызмет түрлерiн үйге шақыртып алуға болады. 2018 жылдың үш айында мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi үйге барып 13 мың қызмет көрсеткен.

Өткен жылдың наурыз айында есту қабiлетiнен айырылған азаматтарға пилоттық режимде «онлайн-сурдоаудармашы» жобасы iске қосылды, бiлiктi ымдау тiлiнiң сарапшысы арнайы резервтiк монитордан нақты уақыттағы аударманы қамтамасыз етедi. Бүгiнгi таңда бұл қызмет түрiн 625 мың есту және сөйлеу қабiлетiнен айырылған азаматтар ала алды.

Сөзiмiзге дәйек болсын, қазiргi уақытта Мемлекеттiк корпорацияның бөлiмшелерiнде мүмкiндiгi шектеулi 475 адам жұмыс iстейдi.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызмет түрлеріне тең қол жеткізуді қамтамасыз етеді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызмет түрлеріне тең қол жеткізуді қамтамасыз етеді

«Азаматтарға арналған үкiмет
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Кәсіпкерлерге қатысты «бір өтініш» қағидаты іске қосылды

Қазақстанда бизнестi www.egov.kz арқылы жылдам әрi оңай ашуға болады. Электрондық үкiмет порталында кәсiпкерлердiң игiлiгi үшiн «Банктiк шот ашуды және қызметкердi еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезiнде жазатайым жағдайлардан мiндеттi сақтандыруды ескере отырып, заңды тұлғаны тiркеу» композиттiк қызметi iске қосылды. Ендi жеке iсiн ашқысы келетiн азаматтар үш қызметтi бiрден ала алады: заңды тұлғаны тiркеу, банктiк шот ашу және сақтандыру туралы келiсiм-шарт жасау. Бұл мемлекеттiк қызмет көрсету барысында «бiр өтiнiш» қағидатын қолданудың үлгiсi болып табылады.

Осы уақытқа дейiн азамат заңды тұлғаны тiркегеннен кейiн банктiк шот ашып, ҚҚС бойынша есепке қою үшiн салық органына, содан соң сақтандыру компаниясына баруы тиiс едi. Ал осы бiрнеше қызметтi бiрiктiрген композиттiк қызмет Қазақстанда бизнес ашу үрдiсiн айтарлықтай жеңiлдетедi. Ендi екi күннiң iшiнде (өтiнiш берген күндi есептемегенде) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуге алынғаны туралы куәлiктi, банктiк шот нөмiрiн және қызметкерлердi жазатайым оқиғалардан сақтау туралы қол қойылған келiсiм-шартты алуға болады.

Заңды тұлғаны электрондық тәсiлмен тiркеу кезiнде әзiрше 4 коммерциялық банктен шот ашып, 3 сақтандыру компаниясымен шарт жасасуға болады. Жуырда бұл тiзiм тағы 9 банк және 4 сақтандыру компаниясымен толығады.

Айта кету керек, бұл композиттiк қызметтi қолдану үшiн құрылтайшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасы болып, порталда тiркеуден өтуi тиiс.

Кәсіпкерлерге қатысты «бір өтініш» қағидаты іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Ендi мекенжай бойынша онлайн-тiркелуге жиырма минут қана жеткiлiктi

Енді мекенжай бойынша онлайн-тіркелуге жиырма минут қана жеткілікті

Қазақстанда электрондық үкiмет порталында тұрғылықты жерi бойынша онлайн тiркелу рәсiмi өзгердi. Ендi бұл үшiн азаматтарға 20 минут жеткiлiктi. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексiне енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес биыл қаңтар айынан бастап тiркеуге мемлекеттiк баж алынбайды.

Естерiңiзге сала кетейiк, бұрын электрондық үкiмет порталы арқылы тiркелгенде 10% АЕК көлемiнде мемлекеттiк баж төлеу керек болатын. Сосын «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның фронт-офисiне келiп, жеке куәлiк чипына тiркеу туралы деректер жазбасын енгiзу үшiн көшi-қон қызметкерiне жүгiну қажет едi. Ал биылғы наурыз айынан бастап портал арқылы тұрғылықты жерi бойынша тiркелу рәсiмi айтарлықтай жеңiлдетiлдi.

Ендi жылжымайтын мүлiк иесi және тiркелетiн азамат egov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейiн, тiркелетiн азамат өтiнiш берiп, меншiк иесi өзiнiң электрондық-цифрлық қолтаңбасымен растауы тиiс.

Өтiнiш берiлгеннен кейiн деректер шамамен 10 минутта өңделедi, содан кейiн тiркелген мекенжай бойынша анықтама алуға тапсырыс беруге болады.

Бұл қызметке ЭЦҚ-сы бар кез-келген азамат Қазақстанның барлық аймақтарында қол жеткiзе алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Жүргiзушi куәлiгiн онлайн тәртiпте ауыстыруға болады

Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыруға болады

Ендi қазақстандықтар жүргiзушi куәлiгiн электрондық үкiмет порталында ауыстыра алады. Бұл қызмет Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарының тұрғындарына ұсынылады.

Жүргiзушi куәлiгiн онлайн тәртiпте ауыстыру үшiн электрондық-цифрлық қолтаңба (ЕЦҚ) қажет. Қызмет алушы еgov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейiн электрондық өтiнiштi толтырып, ЕЦҚ-мен қол қоюы тиiс. Өтiнiшпен қоса фотосурет пен қойған қолының скан-суретiн де жолдап, сондай-ақ мемлекеттiк баж салығын төлеу керек. Айта кетейiк, жүргiзушi куәлiгiнiң баж салығы 1,25 АЕК (3007 теңге) құрайды.

Қызметтi онлайн тәртiпте рәсiмдегеннен кейiн жеке кабинеттегi «Қызметтердi алу тарихы» бөлiмiнен толтырылған электрондық өтiнiштi және «Қызметтердi төлеу тарихы» бөлiмiнен мемлекеттiк баж салығын төлеу туралы электрондық чектi басып шығару керек.

Сосын дайын құжатты алып кету үшiн тұрғылықты жерде орналасқан мамандандырылған ХҚО-ға немесе жол полициясының ТЕБ-не бара беруiңiзге болады. Өзiңiзбен бiрге қағазға басып шығарылған өтiнiш пен чектi, ауыстыратын жүргiзушi куәлiгiн, жеке басыңызды куәландыратын құжат, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамның баспасөз қызметi

Сегiзiншi наурыздан сегiзiншi наурызға дейiн…

Сегізінші наурыздан сегізінші наурызға дейін...

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы халықаралық әйелдер күнi — 8 наурыз қарсаңында нәзiк жандыларға қатысты статистикалық көрсеткiшке көз жүгiртудi ұсынады. Былтырғы 8 наурыздан бүгiнге дейiн халыққа қызмет көрсету орталықтарына 13 миллионнан астам әйел адам жүгiнген.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 620-дан астам қызмет көрсетедi. Күн сайын фронт-офистерге Қазақстан бойынша мыңдаған адамдар жүгiнедi. Оның жартысынан көбi әйел азаматтар екен. Мысалы, аталған мерзiм iшiнде берiлген электрондық-цифрлық қолтаңбаның 53 пайызы, яғни екi миллионнан астамы қыз-келiншектерге тиесiлi.

Автоәлемге қатысты көрсеткiштерге келсек, мамандандырылған ХҚО арқылы берiлген жүргiзушi куәлiгiнiң 25 пайызы, яғни 96 мыңнан астамы әйел азаматтардың еншiсiнде. Ал 337 мыңға жуық нәзiк жанды көлiк құралына құқықтарын тiркеген.

Қазiргi таңда елiмiзде 236 мыңнан астам көпбалалы ана бар екен. Сондай-ақ 303 508 ана бiр жасқа дейiнгi бала күтiмi бойынша жәрдемақы, ал 1 525 818 әйел зейнетақы алып отыр.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
коммерциялық емес акционерлiк қоғамның
баспасөз қызметi

Елiмiзде тағы он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады

Бүгiн Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары Асқар Жұмағалиевтiң қатысуымен кеңейтiлген алқа отырысы өттi.

«Цифрландыру саласында сiздер құзыреттi орталыққа айналу керексiздер. Бұл үшiн сiздерде барлық ресурстар мен мүмкiндiк бар. Мобильдi үкiметтi қалыптастыру үшiн мекемелердiң ақпараттық жүйелерiн бiрiктiру үрдiсiн қарқынды түрде жүргiзiп, халықты жаңашылдықтар туралы құлағдар етуге де күш салыңыздар», — дедi А. Жұмағалиев.

Ақпарат және коммуникация министрi Дәурен Абаев өз кезегiнде министрлiктiң «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан iс-шаралары туралы баяндап, алдағы мақсат-мiндеттерiмен бөлiстi. «Мемлекет басшысы бiздiң алдымызға қойған барлық тапсырманы жүзеге асыруға кiрiстiк. Бiр жылдың iшiнде жоспардағы шаруаларды толық атқардық деген ойдамын. Олардың арасында ақпарат саласы, байланыс, ақпараттандыру мен мемлекеттiк қызмет бағыттары бар. Сонымен қатар, ақпарат және коммуникация бойынша заң жобасына түзетулер енгiзiлдi. Ең бастысы биыл «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы қабылданды», — дедi министр. Сондай-ақ ол «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның атқарып жатқан жұмыстарына да тоқталды.

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн қызметтердi iрiктеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның қызметтердi оңтайландыру және автоматтандыру барысындағы жұмысы қарқынды түрде жүрiп жатыр. Былтыр 415 мемлекеттiк қызмет сарапқа салынып, оның 206-сын оңтайландыру туралы шешiм қабылданды. Комиссия жұмысының қорытындсы бойынша жүзеге асқан пилоттық жобалардың iшiнде «Анықтамасыз қызмет» — «Paper free» сервисi де бар. Бұл жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшiншi тұлғалар электрондық үкiмет порталынан ақпараттық анықтамалар ала алады.

Кездесу барысында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов 2017 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен биылғы жылдың мақсат-мiндеттерi туралы баяндады. Сондай-ақ ол былтыр 29 желтоқсанда iске қосылған бала туу бойынша проактивтi қызмет желiсiмен де бөлiстi. Осы жобаға сәйкес жаңа босанған 34 мыңнан астам әйелге мемлекеттiк қызметтердi телефон арқылы алу ұсынысымен SMS-хабарлама жолданып, оның 17 мыңнан астамы бұл мүмкiндiктi тиiмдi пайдаланған. Проактивтi мемлекетке көшуге бағытталған жоба аясында фронт-офиске бармай-ақ, тiптi үйден шықпай-ақ, туу туралы куәлiк пен тиiстi жәрдемақыларды рәсiмдеуге, сәбидi балабақшаға кезекке қоюға болады. Жуырда жаңа туған баланы SMS көмегiмен тұрғылықты жерге тiркеу қызметi де iске қосылады.

«Биыл бiз жылжымайтын мүлiк иесiнiң мәлiметтерiнiң өзгеруiне, зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк төленуiне, сондай-ақ мүгедектiктi белгiлеу мен атқарушылық iс жүргiзудi қозғауға қатысты мемлекеттiк қызметтердi көрсету барысын да проактивтi тәсiлге көшiремiз», — дедi А. Оспанов. Сондай-ақ биыл халықтың цифрлық сауаттылығын 77 пайызға дейiн арттыру көзделген. Осы мақсатта алдағы уақытта ел бойынша тағы 15 цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) ашылады. Қазiргi таңда цифрлық ХҚО тек Астана қаласында бар.

Еске сала кетейiк, 2017 жылы мемлекеттiк корпорация 38 миллионнан астам мемлекеттiк қызмет көрсетiп, оның 63 пайызын электрондық нұсқада ұсынды.

Елімізде тағы он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады Елімізде тағы он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады Елімізде тағы он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Алкоголь өнiмдерiнiң саудасына лицензия алу айтарлықтай жеңiлдейдi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның кезектi отырысында Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң құзырындағы мемлекеттiк қызметтердi оңтайландыру туралы шешiм қабылданды. Биылғы жылдың соңына дейiн кәсiпкерлер үшiн алкогольдiк өнiмдердi сақтау, көтермелеп және жекелеп сатуға лицензия алу айтарлықтай жеңiлдейдi.

Қазiр кәсiпкерлер алкоголь саудасына төрт құжат жинаса, болашақта тек қана электрондық үкiмет порталында мәлiметтер формасын ғана толтырып, мемлекеттiк баж салығын төлеп, өзiнiң электрондық-цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) қоюы жеткiлiктi. Ал өзге де қажеттi мәлiметтердi мемлекеттiк орган автоматты түрде тиiстi ақпараттық жүйелерден алады.

Сондай-ақ рұқсатқа қол жеткiзу мерзiмi он бес жұмыс күнiнен бiр күнге дейiн қысқарады. Ал этил спиртi мен темекi өнiмдерiн шығару лицензиясын алу мерзiмi он бес күннен он жұмыс күнiне дейiн шегерiледi.

Еске сала кетейiк, Астана мен республикалық маңызы бар қалаларда алкоголдiк өнiмдердi сақтау және жекелеп сату лицензиясының құны 100 АЕК, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарда — 70 АЕК, ауылдық елдi-мекендерде — 30 АЕК, сондай-ақ, көтермелеп сату және сақтау лицензиясы 200 АЕК құрайды. Рұқсатты қайта рәсiмдеу — лицензия берiлгендегi төлемнiң 10%, көшiрмесiн жасату — 100% құрайды.

Алкоголь өнімдерінің саудасына лицензия алу айтарлықтай жеңілдейді

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Нәрестенi тұрғылықты жерi бойынша SMS арқылы тiркеуге болады

Ендi SMS-хабарлама арқылы жаңа туған баланы тұрғылықты жерi бойынша автоматты түрде тiркеуге болады. ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Асқар Жұмағалиевтiң төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның «Азаматтарға арналған үкiмет» ұсынатын проактивтi қызметтердiң аясын кеңейту туралы отырысында осындай шешiм қабылданды.

Ендi қызмет алушы SMS-хабарламаға жауап ретiнде өзi тiркеуде тұрған жердiң мекенжайын жазып жiберсе, меншiк құқығы туралы мәлiметтер тексерiлiп, меншiк иесi рұқсат берген жағдайда нәрестенi көрсетiлген тұрғылықты жерге тiркейдi.

Естерiңiзге сала кетейiк, осыдан бiр ай бұрын мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнiң бiрiгуiнiң арқасында баланың өмiрге келуiне байланысты көрсетiлетiн композиттiк қызметтер проактивтi принциппен ұсыныла бастады. Соған сәйкес нәрестенi тiркеу өтiнiштерi автоматты түрде жасалып, жаңа босанған аналардың телефонына бала тууға байланысты мемлекеттiк қызметтердi SMS-хабарлама арқылы алуға ұсыныс жiберiледi. Нәтижесiнде, балалы болған ата-аналар «Азаматтарға арналған үкiметтiң» фронт-офистерiне бармай-ақ, телефон көмегiмен туу туралы куәлiк пен тиесiлi жәрдемақыларды рәсiмдеу, балабақшаға кезекке қою сияқты мәселелердi шешу мүмкiндiгiне ие болды. Ендi осы проактивтi принциппен көрсетiлетiн қызметтер қатарына сәбидi тұрғылықты жерi бойынша автоматты түрде тiркеу қызметi де енгiзiлдi.

Ескеретiн жайт, проактивтi қызметтi пайдалану үшiн мобильдi азаматтар базасына тiркелу, яғни азаматтың жеке сәйкестендiру нөмiрiне телефон нөмiрiн байланыстырып қою қажет. Мұны электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинетте немесе кез-келген Халыққа қызмет көрсету орталығында жүзеге асыруға болады.

Ақпарат: Бiр ай iшiнде пилоттық жоба аясында 18 мыңнан астам жас анаға SMS арқылы проактивтi тәсiлмен қызмет алу ұсынысы жiберiлiп, оның 7 мыңнан астамы келiсiм берген. Қазiргi таңда телефон хабарламасының көмегiмен 2 мыңға жуық туу туралы куәлiк жасалып, 777 сәби балалабақшаға кезекке қойылды.

Қазақстандық автожүргiзушiлер жаңа мүмкiндiкке ие болды

Биыл «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы Iшкi iстер министрлiгiмен бiрге автокөлiк иелерiне жаңа мүмкiндiк ұсына бастады. Ендi көлiкке әдемi нөмiр алғанда, сандарды ғана емес әрiптердi де таңдауға болады.

15 қаңтардан бастап iске қосылған қызметке сәйкес қазақстандық автожүргiзушiлер мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерi арқылы симметриялық нөмiр белгiлерiн таңдай алады. Бұл үшiн азаматтар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) өтiнiмдерiн рәсiмдеп, мемлекеттiк алымды төлеулерi тиiс.

2014 жылдан бастап автокөлiк иелерi ел арасында «айна нөмiр» деп аталатын симметриялық нөмiрлердi сатып алу мүмкiндiгiне қол жеткiзген едi. Ендi азаматтар ақылы түрде сандар мен әрiптердi өз қалауынша қиыстырып ала алады. Мысалы, тiлек бiлдiрушiлер 010, 020, 030, 077, 707 сияқты жоғары сұранысқа ие нөмiрлерге 5 700% АЕК көлемiнде төлейдi, ал осындай таңдаулы сандарға қоса әрiптердiң де симметриялы болғанын қаласаңыз, оның құны — 11 400% АЕК. 2017 жылы жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеге 4500-ден астам таңдаулы нөмiр сатылған.

Сондай-ақ, егер азаматтың қалаған нөмiрлiк белгiсi базада болмаса, онда қажеттi мемлекеттiк алымды төлеп, мамандандырылған ХҚКО арқылы тапсырыс беруге болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының СҚО бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң Петропавл қ. Мамандандырылған бөлiмнiң мекен-жайы: Нефтепроводная к-сi, 7Б, тел.: 50-49-08, 50-49-09.

Қазақстандық автожүргізушілер жаңа мүмкіндікке ие болды

Қазақстандық автожүргізушілер жаңа мүмкіндікке ие болды

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес
акционерлiк қоғамының баспасөз қызметi

Астанада цифрлық және миграциялық ХҚКО ресми түрде ашылды

Бүгiн Астанада ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Асқар Жұмағалиев, ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев және миграциялық қызмет комитетiнiң төрағасы Мұрат Қабденов, Астана қаласы IIД басшысы Марат Қожаевтың қатысуымен миграциялық және цифрлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының ресми ашылу салтанаты өттi.

Көшi-қон қызметтерiн көрсету орталығында шетелдiк азаматтарға мемлекеттiк қызметтер көрсетiледi. 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап пилоттық тәртiпте iске қосылған миграциялық ХҚКО-да құжаттарды қабылдау және тiркеу қызметтерiн «Азаматтарға арналған үкiметтiң» мамандары көрсетедi. Нәтижесiнде, көшi-қонға байланысты мемлекеттiк қызметтер де «бiр терезе» принципi бойынша бекiтiлген стандартқа сай ұсынылатын болады.

Иманов көшесiнде, 31 орналасқан Миграциялық ХҚКО сағат таңғы 9.00-ден кешкi 18.30-ға дейiн үзiлiссiз жұмыс iстейдi. Бұл жерде медициналық тексерiс пен дактилоскопиядан өтiп, сақтандыру полисiн рәсiмдеуге және жеке сәйкестендiру нөмiрiн алуға болады. Бұған дейiн шетелдiктер Астанада жұмыс iстеуге рұқсат алу үшiн бес күн жүрсе, ендi рұқсатты бiр сағаттың iшiнде рәсiмдей алады.

Айта кетсек, 2017 жылы Қазақстанда «Еңбекшi көшiп келушiге рұқсаттар беру және ұзарту» мемлекеттiк қызметiн 446 мыңнан астам шетелдiк азамат пайдаланған.

Астанадағы цифрлық ХҚКО да былтырғы жылдың желтоқсанынан бастап тестiлiк тәртiпте жұмыс iстеуде. Digital ХҚКО-да мемлекеттiк қызметтер толықтай автоматты түрде ұсынылып, бұл процеске операторлар қатыспайды. Барлық компьютерде орнатылған зияткерлiк көмекшiлер мемлекеттiк қызметтi өз бетiнше алып жатқан азаматтар үшiн айти-кеңесшi рөлiн атқарады. Мемлекеттiк қызметтердi ұсынудың жаңа нұсқасы болып табылатын цифрлық ХҚКО-да азаматтар өз бетiнше қоғамдық қолжетiмдiлiк орындары, «Connection point» өзiне-өзi қызмет көрсету секторлары және арнайы стенд-павильондарындағы планшеттер арқылы электрондық өтiнiштер бередi.

Сондай-ақ, 2017 жылдың 20 желтоқсанында халықтың цифрлық сауатын ашу мақсатында тегiн оқу сыныбы ашылды. Оқу аптаның әр күнiнде бекiтiлген тақырыптар бойынша сағат 9:00-ден 20:00 аралығында жүргiзiледi. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы аясында ұйымдастырылған оқу сыныбында фронт-офис мамандары азаматтарға www.egov.kz электрондық үкiмет порталын пайдалану жолдарын түсiндiрiп, мемлекеттiк қызметтерге өз бетiнше қол жеткiзуге үйретедi. Бiр сағатты құрайтын сауат ашу курсына кез-келген адам қатыса алады.

Астанада цифрлық және миграциялық ХҚКО ресми түрде ашылды

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiметтiң» төрағасы бiрiншi «проактивтi» балаға туу туралы куәлiк табыс еттi

Мемлекеттiк қызметтердi проактивтi принцип бойынша алған алғашқы қазақстандық Астана қаласының тұрғыны Роза Айнабекова болды. Оның нәрестесi Айымға туу туралы куәлiгiн мемлекеттiк корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов табыс еттi.

Жаңа жыл қарсаңында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бала туған ата-аналарға мемлекеттiк қызметтердi проактивтi тәсiлмен көрсету жобасын жүзеге асыра бастады. Ендi ақпараттық жүйелердiң бiрiгуiнiң арқасында жаңа туған нәрестенi тiркеу бойынша өтiнiш автоматты түрде келетiн болады.

Пилоттық жоба iске қосылғаннан берi SMS-хабарлама арқылы 1208 әйелге SMS-хабарлама арқылы құттықтау келiп, сәбидi тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтердi проактивтi принциппен алу ұсынысы жасалды. Бұл орайда Электрондық үкiмет порталы барлық мәлiметтердi түрлi мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен жинап, ал өзге деректердi SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды.

Сондай-ақ, телефон арқылы шот нөмiрiн жiберiп, жәрдемақыларды рәсiмдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына баланың куәлiгiн алып кету үшiн ғана келу керек немесе үйге жеткiзу қызметiн пайдалануға болады.

Көп ұзамай әлеуметтiк қамсыздандыру және зейнетақы саласына қатысты қызметтер де проактивтi принциппен ұсынылатын болады. Еске сала кетейiк, мемлекеттiк қызметтерге проактивтi тәсiлмен қол жеткiзу үшiн азаматтар жеке сәйкестендiру нөмiрiн порталдағы жеке кабинетiнде көрсетiлген телефон нөмiрiне бекiтуi тиiс.

«Азаматтарға арналған үкіметтің» төрағасы бірінші «проактивті» балаға туу туралы куәлік табыс етті

«Азаматтарға арналған үкіметтің» төрағасы бірінші «проактивті» балаға туу туралы куәлік табыс етті

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк
корпорациясы» коммерциялық емес
акционерлiк қоғамының баспасөз қызметi

Құрметтi аудан тұрғындары!

Ауданның шалғай жатқан ендi мекендерiнде тұратын азаматтардың өтiнiштерiн қабылдау және рәсiмделген құжаттарды тапсыру мақсатында, 2018 жылы шығатын мобильдi топ құрылды.

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерiмен кеңес беру және құжаттарды қабылдау ауыл аймақтардағы әкiмдiк ғимаратында өткiзiледi.

Қосымша хабарлайтынымыз, Халыққа қызмет көрсету орталығында, мемлекеттiк қызметтердiң барлық түрлерiне кезектi брондау және 2-29-10 телефон арқылы немесе Пресновка селосы, Горький қиылысы, 10 «Г» мекен жайы бойынша кеңес алуға болады.

Мобильдi Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерiнiң 2018 жылдың 1 тоқсанында шығу кестесi

Қантар

Ауыл аймақтың атауы Шығатын уақыты
Кайранколь а/о 04, 10 қантар
Жамбыл а/о 05, 11 қантар

Ақпан

Ауыл аймақтың атауы Шығатын уақыты
Троицк а/о 21, 27 ақпан
Архангелка а/о 22, 28 ақпан

Наурыз

Ауыл аймақтың атауы Шығатын уақыты
Пресноредут а /о 01, 06 наурыз
Первомай а/о 02, 07 наурыз

Ж. Смагулов

Бүгiн қазақстандықтар алғашқы рет мемлекеттiк қызметке проактивтi тәсiлмен қол жеткiздi

Бүгін қазақстандықтар алғашқы рет мемлекеттік қызметке проактивті тәсілмен қол жеткізді

Бүгiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бiрге бала туған ата-аналарға көрсетiлетiн қызметтердiң проактивтi әдiсi бойынша пилоттық жобаны iске қосты.

Ендi ақпараттық жүйелердiң бiрiгуiнiң арқасында жаңа туған азаматты тiркеу бойынша өтiнiш автоматты түрде келетiн болады. Бала өмiрге келiсiмен оның ата-анасына SMS-хабарлама арқылы құттықтау келiп, сәбидi тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтi алу ұсынысы жасалады.

Электрондық үкiмет порталы барлық мәлiметтердi түрлi мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен жинап, ал өзге деректердi SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды.

«Қазiргi таңда бала туғаннан кейiн ата-аналар баланы тiркеу, куәлiк алу, жәрдемақы тағайындау және балабақшаға кезекке қою үшiн халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруы тиiс. Бүгiннен бастап проактивтi қағидаттың iске қосылуына байланысты ендi фронт-офистерге барудың, тiптi электрондық үкiмет порталына жүгiнудiң де қажетi жоқ. Барлық қажеттi қызметтердi ол SMS-хабарлама арқылы ала алады. Бiрақ SMS-хабарлама алу үшiн азаматтар кез-келген ХҚКО-ға барып, өздерiнiң телефон нөмiрлерiн порталдағы жеке кабинеттерiнде бекiтуi тиiс», — дедi «Азаматтарға арналған үкiметтiң» Қоғаммен байланыс департаментiнiң директоры Мұрат Жұманбай.

Баланы тiркеу, жәрдемақыны рәсiмдеу және балабақшаға кезекке қою қызметтерiн ХҚКО-дан да алуға болады. «Бала туу» композиттiк қызметi проактивтi тәсiлмен ұсынылады. Яғни телефон арқылы шот нөмiрiн жiберiп, жәрдемақыларды да рәсiмдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа ызмет көрсету орталығына баланың куәлiгiн алып кету үшiн ғана келу керек немесе үйге жеткiзу қызметiн пайдалануға болады.

Еске сала кетейiк, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк қызмет көретудi проактивтi тәсiлге көшiру үрдiсiн ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаевтың тапсырумен қолға алған болатын.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк
корпорациясы» коммерциялық емес
акционерлiк қоғамының баспасөз қызметi

Жемқорлыққа қарсы күрескерлер «Азаматтарға арналған үкiметтiң» басқарма төрағасын марапаттады

Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күнi «Жемқорлыққа қарсы бiрiншi медиа-форум» қоғамдық бiрлестiгi қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттiк органдар, сондай-ақ БАҚ өкiлдерiн «Қоғамдық құрмет-2017» ұлттық сыйлығымен марапаттаудың V рәсiмiн өткiздi.

«Саяси жiгерлiгi үшiн» номинациясы бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсету саласын жетiлдiрiп, сапасын көтергенi және керi байланысты қамтамасыз еткенi үшiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның төрағасы Абылайхан Оспанов марапатталды.

А.Оспановтың айтуынша, бұл — марапат күн сайын мемлекеттiк қызметтердi көрсету саласында тер төгiп жүрген 22 мыңға жуық қызметкердiң еңбегi, сондықтан саланы дамытып, сапасын көтеруде ұжымның рөлi зор.

«Мемлекеттiк корпорациясын құру — Елбасымыздың Ұлттық жоспарында көсреткен нақты қадамдардың бiрi. Және бұл марапат мемлекеттiк қызмет көрсетудi ашық және барынша қолжетiмдi ету жолында «Азаматтарға арналған үкiмет» дұрыс бағытта келе жатқанын дәлелдейдi», — дедi Оспанов.

Жемқорлыққа қарсы күрескерлер «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрағасын марапаттады

Ана тiлiмiз — мәңгiлiк тiл

Ана тiлi — ар өлшемi. Олай болса, тiлдi шұбарлау — арды шұбарлау, көңiл тұнығын майлау. Ең жақсы адам — ана тiлiн құрметтеген адам. Бұл басқа тiлдi меңгеруге бөгет болмайды, қайта адамгершiлiкке, шын патриот болуға жетелейдi. Ана тiлдiң терең иiрiмдерiне бойлай бiлу — саналы адам болғысы келетiн жас адамның бiрiншi парызы. Ол — туған жерiңдi, елiңдi, сүйiктi Отаныңды сүйе бiлу деген сөз. Бiздiң ел — көп ұлтты Қазақстан. Қанша ұлттың баласы бiр анадан туғандай тату-тәттi өмiр сүрiп жатыр. Қазақстанда ұлттар арасында татулық пен бiрлiк, ынтымақтастық пен достық орнағаны — бәрiмiз үшiн мақтаныш. Бұл — бiздiң Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының, дана ойларының жемiсi. Елiмiздi жарқын болашаққа жетелейтiн, халық мүддесiн ғана ойлайтын Елбасының арқасында бiз, қазақ елi, мәңгiлiк ел болып қала бермекпiз. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: «Бiр мақсат,бiр мүдде,бiр болашақ» атты Жолдауында: «Ендi ешкiм өзгерте алмайтын бiр ақиқат бар! Ана тiлiмiз Мәңгiлiк елiмiзбен бiрге Мәңгiлiк тiл болды. Бұл мәселенi даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете бiлгенiмiз жөн. Бiздiң тiлiмiз мемлекеттiң барлық жүйесiнде қолданылуы үшiн бiз өзiмiздi өзiмiз қамшылауымыз керек және осыған өзiмiз атсалысуымыз қажет» деген жолдауындағы сөздерiн барша қазақстандық құптайды. Бiз әлемдегi ең бай, ең сұлу тiлдердiң бiрi — қазақ тiлiнiң құдiретiне әрдайым сенуiмiз керек. Тiлiмiз — бiрлiгiмiздiң тiрегi, халқымыздың ұлттық байлығы. Қазiр Елбасымыз үш тiлдi бiлудi мiндеттеп отыр. Болашақта бұл үлкен мәселе болмақ. Егер адам өзге тiлдi бiлетiн болса, ол рухани бай адам. Өйткенi сол тiл арқылы басқа халықтың мәдениетiн, дәстүрiн үйренедi, басқа тiлдi үйрену арқылы танымы кеңейедi. Сондықтан «өзге тiлдiң бәрiн бiл, өз тiлiңдi құрметте» деп ақын Қ.Мырзалиев айтқандай, басқа тiлдi бiле отырып, ең алдымен өз ана тiлiмiздi құрметтеуiмiз керек.

Жамбыл аудандық бөлiмiнiң құжаттарды
қабылдау жөнiндегi маманы
Ж. Сүйiндiк-Ережепқызы

Елiмiздiң мемлекеттiк тiлi

Тiл — адамдық белгiсiнiң бiрi. Тiл өте қажеттi, өйткенi тiл арқылы бiр-бiрiмiзбен әңгiмелесе аламыз. Тiлсiз мемлекет болмайды. Қазақта тiлi жоқ халықты — «тұл» деп атайды. Қазақ тiлi — «елiмiздiң мемлекеттiк тiлi» екендiгi Конституцияда заңдастырылған. Бiз хабар бiлсек оны ауызша және жазбаша түрде айтамыз, бiлдiремiз. Ауызша айтқан өте қажет. Өйткенi осылай әдебиет дамыған. Жазба ол ауызшадан да қажет. Өйткенi жазу арқылы бiз ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан қазақ халқының салт- дәстүрiн, тарихын бiлемiз. Қазақ халқының ақын, жазушылары, шешендерi өте көп. Олар қазақ тiлiнде еркiн сөйлейдi, өз ойын толық айта алады, өйткенi қазақ тiлi — өте бай тiл. Ана тiлi ана сүтiндей өте қасиеттi. Қазiргi жастардың бiр қатары ана тiлiн бiлмейдi, құрметтемейдi. Ал кейбiреулерi бiрiншi орынға шет тiлдерiн қойып қазақ тiлi қазағымыздың байлығы екенiн бiлмейдi. Сол үшiн бiз қазақ тiлiнiң мәртебесiн көтеруiмiз керек, басқа ұлттарға үлгi көрсетуiмiз керек. Тiлсiз бiлiм жоқ, ал бiлiм — өмiрдiң шырағы. Соған орай қазақта «Бiлiм кiлтi — тiл» деген мақал бар. Бұл әдебиеттi, ғылым бiлiмдi мәдениеттi өркендетедi деген ұғым. Оған қоса мемлекеттiк тiл — татулық пен бiрлiктiң тiрегi. Мемлекеттiк тiлдi өркендетсек өзге ұлт адамдарымен осы тiл арқылы қарым — қатынаста боламыз. Тiл мен қарым қатынас бiрiккенде ғана сыйластық, достық, адамгершiлiк пайда болады. Мемлекеттiк тiлдi меңгеру елдiң бiрлiгiн бiлдiредi. Сонда мемлекеттiк тiл — татулық тiрегi болды деп айтамыз. Қазiр тiлдiң тағдырын шешпесек, оның тiзгiнiн қолымызды ұстамасақ, елiмiз мемлекет бола алмайды, ол ол ма, келешек ұрпақ — бiздiң балаларымыз, немерелерiмiз тiлдi бiлмей қалады. Содан барып мемлекетiмiздiң жағдайы мүшкiл халге ұшырайды. Ондай күн елiмiзде ешқашан болмасын деп тiлейiк. Сонымен қатар, профессор Мәшһүр Жүсiп Қуандықтың «Көркем сөз құдiретi» ғылыми — әдiстемесi, Арман Қаниевтың «Ар алдында» өлең жинақтары тiл бағдарламасы бойынша шыққан кiтаптары ұлттық рухымыздың мәртебесiн көтеруге үлес қосқан болашақ ұрпақ үшiн бағасы биiк болары дауыссыз. Мемлекеттiк тiлiмiздi мейлiнше кемелдендiруге, осы күнi қаны жерге таңбай тұрған аса дiлгiр мәселе — тiлiмiздiң мәртебесiн ту етiп көтеруге қосылған үлкен үлес. Қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл ретiнде кеңiнен қолдануылына қажеттi жағдай жасауға ат салысу, оның қоғамдық аясын кеңейтуге, тiл мәдениетiн арттыруға көмек беру үшiн өткiзiлетiн мәдени — көпшiлiк шаралар, қызметкерлердi тiлдi оқып — үйренуге қажеттi әдебиеттермен, анықтамалық құралдар, сөздiктер, өз бетiмен оқып — үйренуге арналған тiлашар — тiлдескiш көрнектi құралдарға шолу ең басты болып табылады. Тiлдi үйрену — өз ұлтыңды тану. Ұлттық тiлдi бiлу ұлт тiлiн, қасиетiн, мiнезiн, ой, жан — дүниесiн, сырын бiлу екенiн, халықтық мәдениет пен дәстүрдi жаңғырту болатынын естен шығармайық. Қазақ тiлi туған тiлiмiз екендiгiне мақтан етуiмiз керек.

Жамбыл аудандық бөлiмiнiң құжаттарды
қабылдау жөнiндегi маманы
Ж. Сүйiндiк-Ережепқызы

24.11.2017

Кең таралған 10 мемлекеттiк қызмет

Кең таралған 10 мемлекеттiк қызмет

Қазiргi таңда «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының фронт-офистерi мен бэк-офистерi арқылы барлық мемлекеттiк қызметтердiң 83% көрсетiледi. Олардың қайсысы жоғары сұранысқа ие?

Бiрiншi орында мекенжай анықтамасын беру қызметi (2017 жылғы 10 ай iшiнде 14 534 750 анықтама берiлдi). Негiзiнен, мұндай анықтамаларды жұмысқа орналасу және оқу орындарына ұсыну үшiн алады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тiркеу куәлiгiн беру және қайтару бойынша 4 009 557 қызмет көрсетiлдi (электрондық-цифрлық қолтаңба).

Үшiншi орында жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру қызметi тұр. 10 ай iшiнде 2 528 944 қызмет көрсетiлген.

Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама да жиi сұратылады. Мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерi арқылы мұндай анықтама 2 422 347 азаматқа берiлдi.

Осы он ай iшiнде мемлекеттiк корпорация 1 714 465 рет бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуi және қозғалысы туралы ақпарат беру қызметiн көрсеттi.

Жыл басынан берi сотталғандығы болуы не болмауы туралы 1 309 485 анықтама берiлдi. Бұл анықтама азаматтарға жұмысқа орналасу үшiн керек.

Биыл 10 ай iшiнде Қазақстан Республикасының азаматтары 1 302 778 төлқұжат пен жеке куәлiк алды. Көлiк құралының сәйкестендiру нөмiрi бойынша көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу — 1 218 658.

Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу қызметiне қазақстандықтар 1 113 348 рет жүгiнген.

Биыл 10 ай iшiнде азаматтарға 314 155 жүргiзушi куәлiгi берiлген.

Осылайша, ең кең тараған қызмет түрi — түрлi анықтамаларды беру. 2016 жылы 37 млн. астам мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, оның 24 млн. электрондық анықтамалар. Сондықтан мемлекеттiк корпорация бiрқатар мемлекеттiк органдармен бiрге «Азаматтарға арналған үкiметтiң» фронт-офисiне келушiлердiң санын шегеруге мүмкiндiк беретiн Paperfree жобасын iске қоспақ.

Мемлекеттiк органдар мен жеке ұйымдарға анықтама беру сервисiн жүзеге асыру бұл қызмет түрiн көрсетудi 21,5 млн қысқартар едi. Азаматтар SMS-хабарлама арқылы рұқсатын растап, үшiншi тұлғалардың сұратуы бойынша жеке мәлiметтерiн бере алады. Мысалы, сервис енгiзiлгеннен кейiн, оқу орны электрондық портал арқылы қажеттi құжатты сұратады, ал қызмет алушы (бұл жағдайда ата-ана) SMS-хабарлама арқылы бiр рет электрондық анықтама балуға өзiнiң рұқсатын бередi. Осылайша, жаңа оқу жылы қарсаңында анықтама алу үшiн 3 млн оқушының ата-анасы ХҚКО-ға бармайды.

Кең таралған 10 мемлекеттiк қызмет

Азаматтарға арналған үкiметте ХҚКО қызметiн жетiлдiру мәселелерi бойынша кеңес өткiзiлдi

Азаматтарға арналған үкіметте ХҚКО қызметін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізілді

2017 жылғы 7 қарашада халыққа қызмет көрсету жұмысын жетiлдiру мәселелерi бойынша Ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев пен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың қатысуымен жұмыс кеңесi өттi.

БАҚ қатысқан iс-шарада ХҚКО арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетудегi өзектi мәселелер талқыланды. Кеңес аяқталғаннан кейiн брифинг өтiп, сұрақтар қойылды.

Жұмыс кеңесi кезiнде мемкорпорацияның жоспары туралы да айтылды. Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiмен бiрiгiп жасалған сервиске сәйкес, қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда мемлекеттiк органдар мен жеке ұйымдарға «электронды үкiмет» арқылы анықтама беру қызметiн iске қосу жоспарлануда. Бұл қызмет түрi ХҚКО қызметкерлерiнiң қатысуысыз өтедi. Азамат жеке мәлiметтерiн беру-бермеу жөнiнде шешiмдi өзi қабылдап, SMS-хабарлама арқылы жауап бередi.

Мемлекеттiк органдар мен жеке ұйымдарға, соның iшiнде екiншi деңгейлi банктерге анықтама беру сервисiн жүзеге асырсақ, электронды анықтама берудi 21,5 млн. қысқартуға мүмкiндiк бередi. Мысалы, қазiр жәрдемақы тағайындаған кезде банк шотының нөмiрi туралы анықтаманы әкелу қажет. Интеграцияның арқасында қызмет алушыға бұл анықтаманың қажетi болмайды.

Жалпы, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын iске асыру аясында қызметтердi көрсетудiң проактивтi түрiне өту бойынша мемкорпорация мемлекеттiк органдармен бiрге қыруар жұмыстар атқаруда. Болашақта ақпараттық жүйелердегi мәлiметтер автоматты түрде өзгеретiн болады.

Кеңестен кейiн қатысушылар жаңартылған ахуал орталығымен танысты. Орталық қайта жасақталғаннан кейiн мемлекеттiк қызметтердi ұсыну сапасын бақылау деңгейi өстi. Құралдар мен техникалар жаңартылып, қызметкерлерге жайлы жұмыс орны қамтамасыз етiлдi. «Азаматтарға арналған үкiметтiң» ахуал орталығы қызметкерлерi халыққа қызмет көрсету орталықтарын үнемi бейнебақылау арқылы қадағалайды. Бүгiнгi таңда ахуал орталығына халыққа қызмет көрсету орталықтарының барлық фронт-офистерi қосылған.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық
емес акционерлiк қоғамының Баспасөз қызметi 

«Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы

Меморандумға сәйкес өзара ынтымақтастық туралы оқыту дағдыларын алу порталы арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi «Электрондық үкiмет» 2017-2018 оқу жылына бөлiмiнiң қызметкерi департаментi Жамбыл ауданының «ХҚКО филиалы ҰАҚ «АК «азаматтарға арналған Үкiмет» СҚО бойынша 2017 ж. 02.11. Преснов №2 орта мектебiнде оқудан өттi, информатика пәнi мұғалiмдерiнiң мектептерiнде жұмыс iстейтiн Жамбыл ауданы дағдыларына жұмыс электрондық үкiмет порталында, ал электронды цифрлық қолтаңба алу, тiркеу egov порталында, «Мобилдiк үкiмет». Оқуға қатысқандар — 21 адам. Осы жұмыс жүргiзiлетiн болады әрi бойы 2017-2018 оқу жылы.

Мобильдi Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерiнiң 2017 жылдың 4 тоқсанында шығу кестесi

Қазан

Ауыл аймақтың атауы Шығатын уақыты
Троицк а/о 23, 31 қазан
Архангелка а/о 24, 30 қазан

Қараша

Ауыл аймақтың атауы Шығатын уақыты
Благовещенка а/о 01, 09 қараша
Жамбыл а/о 02, 10 қараша

Желтоқсан

Ауыл аймақтың атауы Шығатын уақыты
Пресноредут а/о 21, 28 желтоқсан
Первомай а/о 22, 29 желтоқсан

ТМД елдерiнiң өкiлдерi Қазақстанның мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша тәжiрибесiн игеруге келдi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы Астанадағы мемлекеттiк қызмет саласындағы Өңiрлiк хабпен бiрге ұйымдастырған «Қазақстанның мемлекеттiк қызметтi дамыту саласындағы тәжiрибесi. Инновациялық тәсiлдер: сын-тегеурiндер мен шешiмдер» атты халықаралық конференция барысында басқа елдерден келген қатысушылар Қазақстанның мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы тәжiрибесiмен танысып, инновациялық жобаларды мемлекеттiк басқару секторына енгiзу мүмкiндiктерiн талқылады.

Конференцияның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрiнiң орынбасары Қайрат Балықбаев, Астанадағы мемлекеттiк қызмет саласындағы Өңiрлiк хабтың басқарушы комитет төрағасы Әлихан Бәйменов, Сингапурдағы мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiндегi БҰҰ «Даму» бағдарламасы ғаламдық орталығының директоры Макс Эверест Филлипс және т.б. сөз сөйледi.

Спикерлердiң айтуынша, қазiр Қазақстан UNDESA электрондық үкiметтi дамыту индексi аясында 27-шi орында, яғни бұл үкiметтiң халыққа мемлекеттiк қызметтердi ұсыну тәртiбiн жеңiлдетуге бағытталған белсендi жұмысының көрсеткiшi.

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк қызметтер бiрнеше тәсiл бойынша көрсетiледi: электрондық үкiмет порталы арқылы (700-ден астам қызметтер мен сервистер), Халыққа қызмет көрсету орталықтары (548 мемқызмет), Mgov мобильдi қосымша (80-нен астам қызмет пен сервистер). Айта кетейiк, халықаралық үкiметтiк саммитте Mgov мобильдiк үкiметтiң үздiк қосымшасы боп танылды. Мемкорпорацияға келсек, қазiр 723 мемлекеттiк қызметтiң 548-i «Азаматтарға арналған үкiметтiң 349 фронт-офистерi арқылы ұсынылады. Және бұл көрсеткiш жылдан-жылға ұлғайып келедi (2011 жылы ХҚКО арқылы 51 мемқызмет ұсынылған). Қазiр қызметтер толық циклмен көрсетiлгендiктен, сұратылатын құжаттар мөлшерi азайды. Ал қызметтер электронды түрге көшiрiлгендiктен, Мемлекеттiк корпорацияға келушiлер саны қысқарды.

ХҚКО-ның сапасын көтерген басты ерекшелiк — түрлi органдардың құжаттарын «бiр терезе» қағидаты бойынша дайындап беру. Мысалы, Әзiрбайжан, Малайзия, Сингапур және тағы басқа елдерде түрлi органдардың құжат дайындаушы өкiлдерi бiр ғимаратта болғанымен, бөлек бұрыштарда қызмет көрсетедi. Ал қазақстандықтар түрлi органның құжаттарын алу үшiн әр бұрышқа барып кезек тұрмайды, «бiр терезе» арқылы ХҚКО-ның кез-келген қызметкерiнен ала алады.

Конференцияға қатысушы елдердiң өкiлдерi Қазақстанның тәжiрибесiн зерттеу реформалар өткiзу кезiндегi ақпараттық-сараптамалық жұмыстың базасын күшейтуге септiгiн тигiзетiнiне, сонымен қатар мемқызметтердi көрсету саласында тәжiрибе алмасу барысында тиiмдi диалог орнататынына сенiмдi.

Анықтама:

Iс-шара Тәжiрибешiлдер альянсының ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) институттарының тиiмдi платформасы негiзiндегi «тең теңiмен» принципi бойынша жасалған серияларының жалғасы болды. Альянсты 2016 жылдың сәуiрiнде Астаналық хаб iске қосты. Нәтижесiнде Қазақстан, Әзiрбайжан, Грузияда мемқызметтердi «бiр терезе» принципi арқылы көрсету саласында үш зерттеу жасалды. 2017 жылдың мамыр айында Сингапурда өткен мемқызметтердi көрсетудi жетiлдiру бойынша ғаламдық семинарда осы үш елдiң тәжiрибесi ұсынылды. Бұл ғаламдық семинарды ұйымдастыруға Қазақстан өкiлдiгi мен Аймақтық хаб ат салысқан едi.

ТМД елдерінің өкілдері Қазақстанның мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тәжірибесін игеруге келді

ТМД елдерінің өкілдері Қазақстанның мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тәжірибесін игеруге келді

Қазақстандықтарда дербес менеджер көрсететiн қызметтердi пайдалану мүмкiндiгi туды

Азаматтарға арналған үкiметте тағы да кезектi пилоттық жоба — «Сiздiң дербес менеджерiңiз» iске қосылды. Дербес менеджер қызметiн пайдаланған адамтүрлi анықтамаларды жинап әуре болмайды, ол жұмысты мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi атқарады. Дербес менеджер мемлекеттiк қызметтi жеке көрсетедi, қажеттi анықтамаларды жинайды, қажет болған жағдайда, банкке де барады, құжаттың телнұсқасын жарамсыз деп тану туралы газетке хабарландыру бередi және т.б.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтыңайтуынша, қазiргi уақытта көптеген қызметтердi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi барынша азайтылған. «Алайда, ХҚКО-дан басқа да мекемелерге баруға тура келетiн «күрделi» қызметтер бар. Мысалы, автосалоннан несиеге немесе бөлiп төлеуге көлiк сатып алған кезде, бiздiң дербес менеджерiмiз өздiгiнен жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркейдi, көлiктi есепке қояды және қажет болса, барлық дайын құжаттарды үйге жеткiзiп бередi», — деп түсiндiрдi Оспанов.

Жаңа сервис мемлекеттiк корпорацияның облыстық маңызы бар қалалардағы 37 фронт-офистерiнде, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында iске қосылды, ол ХҚКО-ға баруға және құжаттар жинауға уақыты жоқ жандарға арналып отыр. Жоба банктен несие алушылар, көлiк сатып алушылар мен бизнес өкiлдерi арасында сұранысқа ие болады деп күтiлуде.

Оспановтың айтуынша, дербес менеджер қарапайым анықтамалар бойынша кеңестер алу үшiн ғана емес, басқа да өте сұранысқа ие «күрделi» мемлекеттiк қызметтердi, оның iшiнде жылжымайтын мүлiк объектiсiн және кепiл шартын тiркеу, жер учаскесiне жекеменшiк құқығына актiлердi ресiмдеу және алу,жеке және заңды тұлғалар үшiн нотариалды куәландырусыз жылжымайтын мүлiкке сату-сатып алу/алмастыру/сыйға тарту шартынтар жасай отырып, тiркеу қызметтерi үшiн қолжетiмдi болып табылады. Келешекте бұл тiзiм ұлғаятын болады. Азаматтың атына құжаттарды жинауды корпорация қызметкерi нотариалды куәландырылған сенiмхат негiзiнде жүзеге асыратын болады.

Кеңестер берудi дербес менеджер телефон, «Telegram» және «Whatsapp» вэб-мессенджерi арқылы дүйсенбi мен сенбi аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн жүргiзедi, ал дайын құжаттар қызмет алушының электрондық поштасына жiберiледi немесе өз қолына жеткiзiледi. Дербес менеджер қажет болған жағдайда, тапсырыс берушiнiң үйiне барады.

Дербес менеджердiң қызметi жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетiледi.Мұндай қызметтiң құны мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң күрделiлiгiне және елдi мекеннiң орналасқан жерiне байланысты болады. Дербес менеджер көрсететiн қызметтердi пайдалануға болатын ХҚКО-лардың толық тiзiмiн www.gov4c.kz сайтынан алуға болады.

Қазақстандықтарда дербес менеджер көрсететін қызметтерді пайдалану мүмкіндігі туды

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

Мобильдi Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерiнiң 2017 жылдың 3 тоқсанында шығу кестесi

Шiлде

Ауыл аймақтың атауы Шығатын уақыты
Благовещенский а/о 03, 10 шілде
Жамбылский а/о 04, 11 шілде

Тамыз

Ауыл аймақтың атауы Шығатын уақыты
Пресноредутский а/о 21, 28 тамыз
Первомайский с/о 22, 29 тамыз

Қырқүйек

Ауыл аймақтың атауы Шығатын уақыты
Озерный а/о 01, 08 қырқүйек
Майбалыкский а/о 04, 11 қырқүйек

Ж. Смагулов

Қазақстан бойынша 46 ХҚКО-да туу туралы куәлiктi 3 сағат iшiнде алуға болады

Азаматтық хал актiлерiн тiркеу, баланың туылуын тiркеу, қайтыс болуды тiркеу, неке бұзуды тiркеу (ерлi-зайыптылықты) секiлдi қызметтердi ендi 3 сағат iшiнде алуға болады.

Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiмен бiрлескен пилоттық жобасы айдың басынан басталғанын естерiңiзге саламыз. Бұл ретте, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi тек Астананың тұрғындары ғана №1 Есiл аудандық бөлiмнен ала алатын. Ендi пилоттық жобаны Е-ХҚКО қағидаты бойынша 10 облыс және Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары пайдалана алады. Жеделдетiлген режимде АХАТ бағыты бойынша қызметтердi ресiмдеуге болатын ХҚКО-ның толық тiзiмiн
https://gov4c.kz/kk/2017/07/20/aza-stan-bojynsha-46-h-ko-da-tuu-turaly-ku-likti-3-sa-at-ishinde-alu-a-bolady/ алуға болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жобаның мәнi — «Е-ХҚКО» бiрыңғай қызмет көрсету орталығы қағидаты бойынша қызмет берушiден қызмет алушыға құжаттарды жедел жеткiзу.

«Азаматтардың жеделдетiлген режимде АХАТ қызметтерiн алуы үшiн, Астана қаласы бойынша бiз Астана қ. №1 ХҚКО бөлiмiнде АХАТ қызметкерлерi үшiн жұмыс орындарын, ал өңiрлерде — «Е-ХҚКО» қағидаты бойынша АХАТ қызметкерлерiнiң ХҚКО бөлiмдерiмен бiр ғимаратта орналасуын ұйымдастырдық. Ендi олар логистикаға уақыт жоғалтпай, азаматтық хал актiлерiндегi жазбаларға өзгерiстер енгiзу функцияларын сол жерде орындайтын болады», — дейдi Оспанов.

Ол пилотты iске қосқан сәттен бастап жеделдетiлген режимде 462 мемлекеттiк қызмет берiлгенiн де айтып өттi, оның iшiнде 428 — туу туралы куәлiк, 17 — қайтыс болуды тiркеу, 17 — соттың шешiмi негiзiнде некенi бұзу.

Бұрын АХАТ бағыты бойынша бұл қызметтер мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес, қайтыс болуды тiркеу — бiр жұмыс күнi iшiнде, бала тууды тiркеу және 2008 жылдан кейiн тiркелген, заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiнде некенi бұзуды тiркеу — 2 жұмыс күнiнде жүзеге асырылған.

Сағат 17.00-ден кейiн берiлген өтiнiштер бойынша көрсетiлген қызметтердiң нәтижесi келесi күнi сағ. 12.00-ге дейiн берiлетiнiн айта кеткен жөн.

Жақын уақытта Е-ХҚКО қағидаты бойынша қызметтердi алуға болатын фронт-офистердiң толық тiзiмi:

Алматы қ.

1. Бостандық аудандық №1 бөлiмi — Алмагүл ш/а, Ходжанов к-сi, 9А.

2. Жетiсу аудандық №1 бөлiмi, Құлагер ш/а, Серiков к-сi, 6А.

Ақмола облысы

3. Сандықтау аудандық бөлiмi — Балкашино а., Абылайхан к-сi,119 А.

4. Зерендi аудандық бөлiмi — Зерендi а., Бейбiтшiлiк к-сi, 52.

Алматы облысы

5. Ақсу аудандық бөлiмi — Жансүгiров к., Қабанбай батыр к-сi, 20.

6. Алакөл аудандық бөлiмi — Үшарал қ., 8 наурыз к-сi, 63.

7. Балқаш аудандық бөлiмi — Бақанас а., Бижанов к-сi, 25А.

8. Қапшағай қалалық бөлiмi — Қапшағай қ. 1 ш/а., 41.

9. Еңбекшi аудандық бөлiмi — Есiк қ., Абай к-сi, 314 А.

10. Есiл аудандық бөлiмi — Қарабұлақ к., Шестаков к-сi, 17.

11. Iле аудандық бөлiмi — Өтеген Батыр к., Қуат ш/а., Тәуелсiздiкке 10 жыл к-сi, 23.

12. Қаратал аудандық бөлiмi — Үштөбе қ., Абылай хан к-сi, 22.

13. Кербұлақ аудандық бөлiмi — Сарыөзек к., Момышұлы к-сi, 1В.

14. Панфилов аудандық бөлiмi — Жаркент қ., Головацкий к-сi, 51Б.

15. Райымбек аудандық бөлiмi — Кеген а., Момышұлы к-сi, н/з.

16. Сарқан аудандық бөлiмi — Сарқан қ., Жамбл к-сi, 44.

17. Талғар аудандық бөлiмi — Талғар қ., Лермонтов ксi, 53А.

18. Талғар ауданы Текелi қ. бөлiмi секторы — Текелi қ., Тәуелсiздiк к-сi, 9.

19. Ұйғыр аудандық бөлiмi — Чунджа а., Қасымбеков к-сi, 35.

Атырау облысы

20. Мақат аудандық бөлiмi — Мақат к., С. Мукашев к-сi, 36.

Шығыс Қазақстан облысы

21.Өскемен қ. №3 бөлiмi — Белинский к-сi, 37А.

22. Абай аудандық бөлiмi — Қарауыл а., Құнанбай к-сi, 12.

23. Бородулиха аудандық бөлiмi — Бородулиха а., Молодежная к-сi, 25.

24. Зырян аудандық бөлiмi — Зырян қ. Стахановская к-сi, 39.

25. Курчатов қ. бөлiмi — Тәуелсiздiк к-сi, 4.

Батыс Қазақстан облысы

26. Бөкейорда аудандық бөлiмi — Сайхин к. Бергалиев к-сi, 1.

27. Сырым аудандық бөлiмi — Жымпиты к. Қазақстан к-сi, 11/2.

Қарағанды облысы

28. Қарағанды қ. №2 бөлiмi — Чкалов к-сi, 7.

29. Қарағанды қ. №4 бөлiмi –Архитектура көш., 8.

30. Балқаш қ. бөлiмi — Бөкейхан к-сi, 20А.

31. Қаражал қ. бөлiмi — Ленин к-сi, 18.

32. Қарқаралы аудандық бөлiмi — Қарқаралы қ., Аубакиров к-сi, 21.

33. Нұра аудандық бөлiмi — Киевка к., Сүлейменов к-сi, 2.

34. Осакаров аудандық №1 бөлiмi — Осақаров к., Пристанционная к-сi, 12.

35. Саран қ. бөлiмi — Жамбыл к-сi, 85/3.

36. Шахтинск қ. №1 бөлiмi — Абай даңғ., 65Б.

Қызылорда облысы

37. Қызылорда қ. №1 бөлiмi — Ғ. Мұратбаев к-сi, 2Е.

Маңғыстау облысы

38.Отдел Мунайлинского района — с. Мангистау, 24 квартал, строение 10/3.

Павлодар облысы

39. Ертiс аудандық бөлiмi — Ертiс а. И. Байзақов к-сi, 14.

40. Качир аудандық бөлiмi — Тереңкөл а., Тургенев к-сi, 85А.

41. Павлодар аудандық бөлiмi — Павлодар қ., Толстой к-сi, 10.

42. Успен аудандық бөлiмi — Успен а., Тәуелсiздiкке 10 жыл к-сi, 30.

43. Лебяжi аудандық бөлiмi — Аққу а., Ташимов к-сi, 114.

44. Павлодар қ. №2 бөлiмi — Исиналиев к-сi, 24.

45. Ақсу қ. бөлiмi — Ленин к-сi, 10.

Солтүстiк Қазақстан облысы

46. Петропавл қ. №2 бөлiмi — Қазақстан Конституциясы к-сi, 72.

Қазақстан бойынша 46 ХҚКО-да туу туралы куәлікті 3 сағат ішінде алуға болады

Пресс-служба некоммерческого
акционерного общества
«Правительство для граждан»

Қазақ тілі өз егемендігін алған тіл

«Тіл — тіршіліктің бастауы» деп бекер айтылмаған. Себебі, адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, үйрене бастайды. Ана тілін балалар ананың әлдиінен, бесік жырынан, қоршаған ортасынан еліктеу арқылы үйренеді. Есейе келе кітаптан, қоғамнан, халықтан үйреніп, меңгереді. Осылай ана тіліміз ананың ақ сүтіндей бойымызға сіңе береді. Әркім өзінің ана тіліне деген құрметін ешқашан жоғалтпауға тиіс. Өйткені, ана тілі арқылы ғана маңайындағыны саралап ой түйетін адам өзінің еліне деген сүйіспеншілігін арттыра түседі. Қазақтың ұлы тұлғалары Абай, Мағжан, Мұхтар, Сәбит, Жұбандар сөйлеткен қазақ тілі. Қазақ халқымен, бірге абыройлы да асқақ, сынақты да сындарлы тағдырды басынан кешірді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп, жүйелі сөзбен алқалы топты еңсерген ойшыл, шешендерді ел басқару ісіне арластырып, халық жүрегінде жатталған дала данышпандары, кемеңгер ойдың кемелді арнасы, тілінен бал тамған, қара қылды қақ жарған әділетті би — шешендер ұлылық пен ұлағат, өнеге мен тағылымның мектебі, аталы ойдың алтын қазығы бола білді. Тек ана тіліміз арқылы ата-анаға, елге, Отанға, халыққа деген махаббатымызды жеткізе аламыз. Адам баласы өз анасын қалай сүйсе, өз тілін де солай сүюі тиісті екені анық.

Табысқан соң дүние фәнименен,
Тал бесікте жатқанда сәби денем.
Ана тілі бойыма сіңдің шым-шым,
Даусыменен анамның әлдилеген.

Тіл — қастерлі де қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға анасындай қымбат. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер — ана тілі. Бүгінгі күні біздің елімізде тілдердің үш тұғырлығы деген жаңа термин де пайда болды. Әлемдік өркениетке қадам басу үшін қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де жетік білуді талап етуде. Жас ұрпақтың білім ордаланыда осыған орай шет тілін меңгеру үшін білім алып жатқаны да қуантады. Әрине, әлемдік даму үрдістерінен кейін қалып қоюға болмайды. Бірақ онсыз да өз елінде еркін өркендей алмаған қазақ тілін кейінгі орынға ысыру қисынсыз деп ойлаймын. Мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі-әлемдегі барлық мемлекеттік тіл сияқты өзінің егемендігін алған тіл. Қазақстанда тұратын әрбір азамат мемлекеттік тілді білуге міндетті. Тілге деген құрмет, халыққа деген құрмет.

Жамбыл аудандық бөлімінің
құжаттарды қабылдау
жөніндегі маман
Ж. Сүйіндік-Ережепқызы

«Үш тұғырлы тілдің жаңа замандағы жағдайы»

Тіл — ұлттың тірегі. Ол — жан дүниеңді ашып көрсететін мөлдір айнаcы. Осы айна бетіндегі тоталитарлық жүйе түсірген дақты кетіріп, дидарымызды анық көруге ұмтылғалы да біраз жыл болды. Жаңа мыңжылдықтар тоғысындағы өскелең ұрпақ әр түрлі мемлекеттердің, халықтар мен мәдениеттердің өзара бағыныштылығы мен өзара байланысып кемелденуі негізінде дамып жетілетіндігі айқындалып келеді. Сол себепті де шет тілін үйрену өскелең ұрпақтың қазіргі кезде өзекті, ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік міндеті болуымен қатар, адамның жаңа әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-мәдени бейімделуінің басты индикаторы болып табылады. Аталмыш мәселе Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында да көрініс тапқан. Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауда еліміз бен оның азаматтарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасын кезеңмен жүзеге асыру ұсынылып, жобаға сәйкес үш тілді: қазақ тілі мемлекеттік тіл, орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі жаһандану экономикасына табысты түрде ықпалдасу тілі ретінде дамыту қажеттілігі айтылған болатын. Тілдерді дамыту — еліміздегі мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыттарының бірі. Тіл проблемаларын оңтайлы шешу — ұлтаралық қатынастар үйлесімділігінің, халық бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудың түпқазығы болып табылады. Халқымыздың біртуар перзенті Мағжан Жұмабаев: «...Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт — тілі болуы. Ұлттың тілінің кеми бастауы — ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат еш нәрсе болмасқа тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі — бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ,» — деп тіл жайында терең толғанған екен кезінде. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда мемлекеттік тіл туралы оңды қоғамдық көзқарас қалыптасып отыр. Тіпті Отанымызда өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдерінің де мемлекеттік тілді меңгеруге деген құлшынысы күннен-күнге арта түсуде. Бұл жағдайды қазақ тіліне көрсетіліп отырған құрмет деп түсінуіміз қажет. Бүкіл өркениетті адамзатпен бірге жаңа даму жолына бет түзеген Қазақстанның, оның мемлекеттік құрылысының алдында тұрған міндеттері күрделі, ауқымды әрі алуан түрлі. Солардың ішіндегі ең бір өзектісі, рухани-тарихи маңызымен ұрпақтар сабақтастығы, тәрбиесі мен болашағы үшін орны ерекше проблема — қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылуын іс жүзінде қамтамасыз ету.

Жамбыл аудандық бөлімінің
құжаттарды қабылдау
жөніндегі маман
Ж. Сүйіндік-Ережепқызы

Ақпараттық хабарлама
МӘМС шеңберінде аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін ағымдағы шот ашылды

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Барлық жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустер өздері үшін және өз қызметкерлері үшін аударымдар мен жарналарды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке сәйкестендіру нөмірлері базасында аударымдар мен жарналарды есептеу және оларды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын операторы болып белгіленді.

Жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін, төлеушілерге міндетті аударымдар мен жарналар бойынша төлем тапсырмаларын қалыптастыруға көмектесін «Міндетті әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарын есептеу» автоматтандырылған арнайы жүйесі әзірленді. Оны
https://gov4c.kz/programmnye-produkty сілтемесі бойынша өтіп, тегін орнатуға болады.

Сондай-ақ ұйымдар, кәсіпорындар және басқа да төлеушілер 1 шілдеден бастапміндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды келесі деректемелер бойыншатұрақты түрде аударулары тиіс ағымдағы шоттың ашылғанын хабарлаймыз:

Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ92009MEDS368609103

БСН: 160440007161

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару кезінде төлемдерді тағайындаудың келесі кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырылған:

121 — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;

122 — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар;

123 — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;

124 — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік
қоғамыныңбаспасөз қызметі

Құрметті аудан тұрғындары!

Ауданның шалғай жатқан ендi мекендерiнде тұратын азаматтардың өтiнiштерiн қабылдау және рәсiмделген құжаттарды тапсыру мақсатында, 2017 жылы шығатын мобильдi топ құрылды.

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерiмен кеңес беру және құжаттарды қабылдау ауыл аймақтардағы әкiмдiк ғимаратында өткiзiледi.

Қосымша хабарлайтынымыз, Халыққа қызмет көрсету орталығында, мемлекеттiк қызметтердiң барлық түрлерiне кезектi брондау және 2-29-10 телефон арқылы немесе Пресновка селосы, Горький қиылысы, 10 «Г» мекен жайы бойынша кеңес алуға болады.

Астанада Сауран көшесi, 7 мекенжайындағы ХҚКО түн ортасына дейiн жұмыс iстейтiн болады

Үкiмет клиенттерге ыңғайлы болу үшiн азаматтарға арналған арнайы жаңа пилоттық жобаны iске қосты. Ендi бiр күн iшiнде мемлекеттiк қызмет алып үлгермеген астаналықтар, оны жұмыс күндерi таңғы сағат 8.00-ден түн ортасына дейiн және сенбi күнi таңғы сағат 8.00-ден 20.00-ге дейiн ала алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Аблайхан Оспановтың айтуынша, пилоттық жоба әзiрге тек Сауран, 7 мекенжайында орналасқан астаналық ХҚКО-да iске асырылды. «Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары бұл ХҚКО-да мемлекеттiк қызметтердi танғы сағат 8-ден түн ортасына дейiн ала алады. Сонымен қатар басқа ХҚКО-ға барып, белгiлi бiр қызметке құжаттарын тапсырып, нәтижесiн алуға үлгермеген азаматтар оны Сауран, 7 мекенжайындағы ХҚКО-да сағат 7-ден 24.00-ге дейiн алуларына болады. Пилоттық жоба 2 айға жалғасады. Түнгi уақытта бұл ХҚКО-ға келушiлер саны артқан жағдайда, бiз Алматы қаласында және Қазақстанның басқа өңiрлерiнде де осындай жұмыс кестесiмен ХҚКО-ларды ашу нұсқасын қарастырамыз», — дедi ол.

Оспанов, егер азамат басқа ХҚКО-ға барып, қызметтердi ресiмдеген жағдайда, Сауран, 7 мекенжайындағы ХҚКО-да дайын қызметтi алуына болатын екi нұсқаның барын атап өттi. Бiрiншi жағдайда, азамат құжаттарын ресiмдеу барысында-ақ ХҚКО инспекторына қызметтердi түнгi уақытта жұмыс iстейтiн ХҚКО-да алатынын айтады. Екiншi жағдайда, ол 1414 нөмiрi бойынша Бiрыңғай байланыс орталығына хабарласып, дайын нәтиженi Сауран, 7 мекенжайындағы ХҚКО-да алуға өтiнiш қалдырады, бұл ретте операторға қолхат нөмiрiн қосымша айтады.

Естерiңiзге сала кетейiк, бұл Үкiметтiң мемлекеттiк қызметтердi алуды жеңiлдетуге бағытталған бiрiншi жобасы емес. Мемлекеттiк корпорация наурыз айында есту және сөйлеу қабiлетi бұзылған клиенттерге қызмет көрсету үшiн онлайн сурдоаударма қызметiн, дайын құжаттарды үйге жеткiзу жаңа сервисiн iске қосты, сондай-ақ наурыз айынан бастап қазақстандықтарға мемлекеттiк көрсетiлген қызметтердiң нәтижесi туралы смс-хабарлама түсiп тұрады.

Астанада Сауран көшесі, 7 мекенжайындағы ХҚКО түн ортасына дейін жұмыс істейтін болады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамы баспасөз қызметi

Азаматтарға арналған үкiмет дайын құжаттарды үйге жеткiзу қызметiн iске қосты

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы «Қазпошта» АҚ-мен бiрлесiп дайын құжаттарды үйге жеткiзу қызметiн iске қосуда. Ендi қазақстандықтардың дайын құжаттарды алу үшiн ХҚКО-ға барудың қажетi жоқ, кез келген көрсетiлген орынға, үй болсын, кеңсе болсын, курьер жеткiзiп беретiн болады.

Бұл сервистi пайдалану үшiн клиент қызмет алуға қажеттi толық құжаттар пакетiн ХҚКО инспекторына өткiзедi және дайын құжаттарды жеткiзiп беру жөнiндегi өтiнiмдi толтыру үшiн ХҚКО ғимаратында орналасқан «Қазпошта» АҚ қызметкерлерiне жүгiнедi. Құжаттарды жеткiзiп беру қызметi жеке және заңды тұлғаларға коммерциялық негiзде көрсетiледi. Үйге жеткiзiп беру бағасы қызмет көрсетiлетiн аймаққа және соңғы жеткiзiлiм мекенжайына байланысты болады. Жеткiзiлiм жайлы ақпаратты берiлген трек-нөмiрi бойынша post.kz. сайтынан қадағалап отыруға болады. Қызметтiң ең төменгi құны — 500 теңге. Қызмет алушы жеткiзiлiм төлемiн дайын құжаттарды алғаннан кейiн жүргiзедi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жаңа қызмет ХҚКО-ға келуге уақыты тапшы жандарға арналған. «Қазiргi уақытта қызметтердi автоматтандыру жұмыстары белсендi түрде жүрiп жатыр. Көптеген қазақстандықтар қызметтi электрондық үкiмет порталының көмегi арқылы үйден шықпай-ақ алады. Алайда, ХҚКО-ға келмей рәсiмдеуге болмайтын қызмет түрлерi де бар. Соңғы уақытта қызметтi үйде отырып алуға өтiнiш бiлдiрген азаматтардың қатарының өсуiне байланысты, бiздiң қызмет алушыларымызға ыңғайлы болу үшiн осы сервистi iске қосуды шештiк» — дедi ол.

Сондай-ақ Оспановтың айтуынша, бүгiнде «Азаматттарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алуға ыңғайлы болатын барлық жағдайларды жасауда, атап айтқанда ХҚКО-ларда күту және рәсiмдеу уақыттарын қысқарту, электрондық кезектiң, бейнекамераның жұмыс iстеуi, сондай-ақ ХҚКО-лардан қызметтi алуда жайлылық жағдайларының жаңа мүмкiндiктерi қарастырылуда.

Мемлекеттiк корпорация алдағы уақытта интернет, телефон, ұялы байланыс және т.б. арналар арқылы тағы да бiрнеше сервистер мен жобаларды енгiзудi жоспарлап отыр.

Азаматтарға арналған үкімет дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске қосты

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамы баспасөз қызметi
тел.: 8 7172 27 06 58 (iш.109)

Мобильдi Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерiнiң 2017 жылдың 2 тоқсанында шығу кестесi

Сәуiр

Ауыл аймақтың атауы Шығатын уақыты
Кладбинка с/о 20, 27 cәуір
Жамбыл с/о 21, 28 сәуір

Мамыр

Ауыл аймақтың атауы Шығатын уақыты
Троицк с/о 02, 10 мамыр
Архангелка с/о 03, 11 мамыр

Маусым

Ауыл аймақтың атауы Шығатын уақыты
Озерный с/о 22, 29,маусым
Майбалык с/о 23, 30 маусым

О. Дурнова

Азаматтарға арналған үкiметте онлайн сурдоаударма қызметi iске қосылды

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияда сөйлеу және есту қабiлетi бұзылған азаматтарға мемлекеттiк қызметтердi көрсетуде жаңа сервис пайда болды. Ендi бұл адамдарға ымдау тiлiнiң кәсiби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимiнде сурдоаударма ұсынатын болады. Бұл пилоттық жоба Азаматтарға арналған үкiметтiң бастамасымен «Ауған соғысының қазақстандық республикалық мүгедектер бiрлестiгi» қоғамдық бiрлестiгiмен бiрiге отырып жүзеге асырылды.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша бүгiнде халыққа қызмет көрсету орталықтарында сурдоаударма тiлiн меңгерген 862 маман жұмыс iстеуде. «Дегенмен де, бiз осымен тоқтап қалмай, одан әрi дамытуды жөн көрдiк. Ендi ХҚКО-ның жеңiлдiк терезесiне жүгiнген сөйлеу және есту қабiлеттерi бұзылған тұлғалар ым-ишарат тiлiнде қажеттi құжатты қалай алу керектiгiн шынайы уақыт режимiнде айтып беретiн, онлайн сурдоаударма арқылы қызмет ала алады» — дедi Оспанов.

Әзiрге бұл пилоттық жоба Астана мен Алматының ХҚКО-ларында жүзеге асырылған, ал басқа аудандарда пилоттық жобаны жүзеге асыруға дайындық жұмыстары жүргiзiлуде.

Сондай-ақ, Оспановтың айтуынша бүгiнде «Азаматттарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi кедергiсiз және сапалы көрсетуге мүмкiн болатын барлық жағдайларды жасауда. Мысалы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пандус немесе шақырту қоңырауы, жеңiлдiк терезелерi, ал 1 және 2 топтық мүгедектiгi бар тұлғалар Бiрiңғай байланыс орталығының 1414 нөмiрiне қоңырау шалу арқылы ХҚКО-ны үйiне шақыруына болады.

Айта кетсек, өткен жылы мемлекеттiк корпорация жұмыскерлерi 1 және 2 топтық мүгедектiгi бар азаматтарға 39 мыңға жуық қызметтi үйiнде көрсеткен.

Азаматтарға арналған үкіметте онлайн сурдоаударма қызметі іске қосылды

Азаматтарға арналған үкіметте онлайн сурдоаударма қызметі іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамы баспасөз қызметi
тел.: 8 7172 27 06 58 (iш. 109)

ҚР ӘМ «Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi» деректер базасының жұмысы қалпына келтiрiлдi

«Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi» мемлекеттiк деректер базасының жұмысын қалыпқа келтiру бойынша техникалық жұмыстар аяқталды. Ендi қазақстандықтар ХҚКО-лардан барлық мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алуларына болады.

Жүйенiң iстен шығуы кезiнде жылжымайтын мүлiк саласы бойынша қызметтердi алу мүмкiн болмады, оның үстiне тұрғылықты жерi бойынша тiркелуге ниет бiлдiргендер мекенжайларының тiркелу кодын тексере алмағандықтан, тұрғылықты жерi бойынша уақытша тiркеуде қиындықтар болды.

Естерiңiзге сала кетсек, елiмiздiң ХҚКО-ларында уақытша тiркеу жалғасуда, оны қазақстандықтар қазiргi кезде кезексiз алуларына болады. ХҚКО-лардағы кезек саны туралы ақпаратты мемлекеттiк корпорацияның www.goscorp.kz ресми сайтынан көруге болады және ақпарат сағат сайын жаңартылып тұрады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi
тел.: 8 7172 27 06 58 (iшкi 109)

Абылайхан Оспанов: «Азаматтарға арналған үкiмет» азамат-мемлекет қарым-қатынастарын өзгертудiң негiзгi драйверi болуы тиiс

Мемлекеттiк корпорация төрағасы Абылайхан Оспанов ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi алқасының кеңейтiлген отырысында: «Азаматтарға арналған үкiмет» дамуының перспективалары туралы, заманауи ХҚКО-лар құру, үйге барып қызмет көрсету және мемлекеттiк қызметтердi алудың жаңа орындарының ашылуы туралы айтты.

Оспановтың айтуынша, қазiргi таңда мемлекеттiк корпорация трансформациялау жоспарын пысықтап жетiлдiруде. «Азаматтарға арналған үкiмет» азамат-мемлекет қарым-қатынастарын өзгертудiң негiзгi драйверi болуы тиiс. Ол үшiн корпорация азаматтармен өзара қарым-қатынас кезiнде тиiмдi және ең үздiк, сандық тәжiрибенi ендiрiп, iштен өзгеруi тиiс — дедi Абылайхан Оспанов.

Аталған жетiстiктерге жету үшiн мемлекеттiк корпорацияның 2017 жылы үш негiзгi даму бағыты анықталды. Бұл мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде сервистiң артуы, қызметтердi көрсету процесiнде жаңа технологияларды ендiру және қызмет көрсету спектрiн кеңейту. Осылайша, жақын арада қызметтi үйге жеткiзiп алуды қосу, Астана және Алматы қалаларында заманауи ХҚКО-ларды ашу жоспарланып отыр.

Мемлекеттiк корпорация басқармасының төрағасы кейбiр қызметтердi алу кезiнде тiркелген мекенжайына байланыстыруға, қызметтi берушiлердiң ақпараттық жүйеде кездесетiн құжаттарды талап етуге қатысты және т.б. бiрқатар проблемалық сұрақтарды көтердi. «Бiз мемлекеттiк қызметтердi алу кезiндегi қиыншылықтарды шешу жолдарымен жұмыс iстеудемiз. Қаңтар айында ҚР еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен бiрлесiп босанған әйелдерге бала тууға және бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне жәрдемақы тағайындауды тiркелген орнына байланыстырмай, яғни облыс шеңберiнде ресiмдеуге жол беретiн пилоттық жоба iске қосылды. Қазiр бұл қызметтiң эксаумақтылығын Қазақстан бойынша енгiзу мәселелерi пысықталуда» — дедi Оспанов.

Абылайхан Оспанов: «Азаматтарға арналған үкімет» азамат-мемлекет қарым-қатынастарын өзгертудің негізгі драйвері болуы тиіс

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық
емес акционерлiк қоғамы
баспасөз қызметi
тел.: 8 7172 27 06 58 (iш. 109)

Азаматтарға арналған үкiмет көрсететiн қызметтер саны тағы 53 қызметке артты

Бүгiнде Азаматтарға арналған үкiмет арқылы 546 мемлекеттiк қызмет қолжетiмдi. Жаңа қызметтердiң басым бөлiгiн Ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика министрлiктерiнiң және ҚР инвестициялар және даму министрлiгiнiң қызметтерi құрады.

Мемлекеттiк корпорацияда ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiрiсiн басқару жүйесiн дамытуды субсидиялауды, АӨК (агроөнеркәсiп кешенi) саласында дайындау ұйымын аккредиттеудi, құрылыс объектiлерi жоспарларын кешендi ведомствоiшiлiк сараптау жүргiзуге үмiткер заңды тұлғаларды аккредиттеудi, ҚР резидентi болып табылмайтын және ҚР аумағында инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын т.с.с. тұлғаларға нвесторлық визалар алуға қолдаухат берудi рәсiмдеуге болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы бұл қызметтердi көрсету мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiн өзгерткеннен және «ХҚКО» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесiне (ХҚКО ЫАЖ) өзгерiстер енгiзгеннен кейiн мүмкiн болып отыр. Ендi азаматтардың бұл қызметтер үшiн мемлекеттiк ооргандарға жүгiну қажеттiгi жоқ. Демек, аталмыш қызметтердi мемлекеттiк корпорацияның басқа қызметтерi сияқты аптасына 6 күн сағат таңғы 8.00-ден кешкi 20.00-ға дейiн түскi үзiлiссiз алуға болады.

Сондай-ақ, ахуалдық орталықтың бақылауынша, халыққа қызмет көрсету орталықтарында соңғы кездерi азаматтарды уақытша тiркеу қызметi бойынша орын алған кезек саны едәуiр азайған. Жыл басынан бастап 400 мыңнан астам адам уақытша тiркеуден өткен.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық
емес акционерлiк қоғамы
баспасөз қызметi
тел.: 8 7172 27 06 58 (iш. 109)

Құрметтi аудан тұрғындары!

Ауданның шалғай жатқан ендi мекендерiнде тұратын азаматтардың өтiнiштерiн қабылдау және рәсiмделген құжаттарды тапсыру мақсатында, 2017 жылы шығатын мобильдi топ құрылды.

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерiмен кеңес беру және құжаттарды қабылдау ауыл аймақтардағы әкiмдiк ғимаратында өткiзiледi.

Қосымша хабарлайтынымыз, Халыққа қызмет көрсету орталығында, мемлекеттiк қызметтердiң барлық түрлерiне кезектi брондау және 2-29-10 телефон арқылы немесе Пресновка селосы, Горький қиылысы, 10 «Г» мекен жайы бойынша кеңес алуға болады.

Мобильдi Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерiнiң 2017 жылдың 1 тоқсанында шығу кестесi

Қантар

Ауыл аймақтың атауы Шығатын уақыты
Троицк с/о 05,11 қантар
Архангелка с/о 06,12 қантар

Ақпан

Ауыл аймақтың атауы Шығатын уақыты
Пресноредуть с/о 22,27 ақпан
Первомай с/о 23,28 ақпан

Наурыз

Ауыл аймақтың атауы Шығатын уақыты
Кайранколь с/о 01,09 наурыз
Благовещенка с/о 02,10 наурыз

Ж. Смагулов

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мобильдiк топтары базарлар мен оқу орындарына шықты

Бүгiннен бастап азаматтардың қолайлылықтары үшiн халыққа қызмет көрсету орталықтарының мобильдiк топтары электрондық үкiмет порталы арқылы азаматтарды уақытша тiркеу бойынша қызметтердi көрсету үшiн оқу орындарын, базарлады және сауда орталықтарын аралайтын болады.

«Уақытша тiркелiп үлгермеген азаматтардың қолайлылықтары үшiн ХҚКО-лардың мобильдiк топтары ЖОО-ларда және сауда үйлерiнде қызмет көрсететiн болады. Мобильдiк топтардың инспекторлары барлық қалаушыларға электорондық цифрлық қолтаңба жазып, электрондық үкiмет порталында уақытша тiркеуге өтiнiш ресiмдеуге көмектеседi. Бұл шығулар барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында ұйымдастырылды», — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ филиалы — Мемлекеттiк қызметтердi көрсету дирекциясының директоры Әсемгүл Балташева.

Оның айтуынша, Астанада мобильдiк топтар «Артем», «Еуразия», «Азиа парк» сауда үйлерiне, ал Алматыда «Тигрохауд», «Арыстан», «Болашақ» және т.б. базарларға шығатын болады. Мобильдiк топтар барлығы 82 нүктенi, оның iшiнде ЖОО-ларды, базарларды және мемлекеттiк ұйымдарды қамтуды жоспарлап отыр.

Естерiңiзге сала кетсек, азаматтарды уақытша тiркеу қызметiн электрондық үкiмет порталы арқылы онлайн жүзеге асыруға болады. Қызмет «Азаматтық, миграция және иммиграция» тарауында қолжетiмдi. ХҚКО қызметкердерi азаматтарға уақытша тiркеуге өтiнiмдi ресiмдеуге көмектеседi, бұл ретте меншiк иесi (бiреу немесе бiрнеше) ЭЦҚ арқылы өз келiсiмiн растауы тиiс, одан кейiн өтiнiм тiркелушiнiң Жеке кабинетiне қайтып келедi. Ол онлайн режимiнде мемлекеттiк баж салығын төлеуi қажет және өз өтiнiшiнiне ЭЦҚ арқылы қол қоюы қажет. Уақытша тiркелгенiн мекенжайын тексеру үшiн азамат мекенжай анықтамасын ала алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз-қызметi

Халыққа электрондық. цифрлық. қ.олтаңба беру бойынша мемлекеттiк корпорация жұмыскерлерiнiң шығу нүктелерiнiң (сауда нүктелерi, базарлар, оқ.у ұйымдары т.б.) тiзiмi

Қала, облыс Шығу нүктелері (сауда орындары, базар, оқу ұйымдары) Орналасқан орны
1 СҚО 1. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
2. Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі
3. Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі
4. №4 Емхана ШЖҚ КМК Петропавл қаласы, «Денсаулык»
5. «Тайга» базары
Петропавл қ., Пушкин к/сі 86
Петропавл қ., Бостандық к/сі 51
Петропавл қ., Шухов к/сі 42
Петропавл қ., Шухов к/сі 34
Петропавл қ., Жамбыл к/сі 188

Ендi бала тууына байланысты жәрдемақыны тұрғылықты жерiне байланыстырмай-ақ рәсiмдеуге болады

Азаматтарға арналған үкiмет қазақстандықтардың уақытын үнемдейтiн кезектi пилоттық жобаны iске қосты. Бүгiннен бастап, жас аналар бала тууына байланысты және оның бiр жасқа дейiнгi күтiмiне жәрдемақыны бiр облыс iшiнде тiркеуiне қарамастан ресiмдеуiне болады.

Естерiңiзге түсiре кетсек, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы пилоттық жобаны iске қосқан болатын, оның шеңберiнде корпорация қызметкерлерi перзентхана ғимараттарында бiрден 4 бiрдей қызмет көрсетуге өтiнiш қабылдай алатын. Бұл қызметтер: бала тууын тiркеу, бала тууына және оны бiр жасқа дейiн күтуге жәрдемақы тағайындау, әлеуметтiк тәуекелдер жағдайына әлеуметтiк төлемдер тағайындау: бiр жасқа толғанға дейiнгi уақытта бала күтiмiне байланысты кiрiсiнен айырылу, балаларды мектепке дейiнгi мекемелерге кезекке қою. Бүгiнгi күнде бұл жобаға ҚР бойынша 206 перзентхана мен перинаталдық орталықтар жұмылдырылған.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасы Данияр Еренчиновтiң айтуынша бала тууымен байланысты перзентханаларда көрсетiлетiн композиттiк қызметтер пилотын мемлекеттiк корпорация өткен жылдың қыркүйек айынан бастап тестiледi. Бұл ретте, жәрдемақыларды тағайындауда құжаттарды қабылдау барысында ең проблемалық мәселе эксаумақтық қағидаттың болмауы болып шықты, яғни азаматтар жәрдемақы тағайындауға тек тұрақты тiркелген жерiнен ғана өтiнiш берулерiне болатын болды.

«Басқаша айтқанда, бұрын, егер әйел Бурабайда тұрғылықты мекенжайы бойынша тiркелген болып, ал Көкшетау қаласының перинаталдық орталығында босанған болса, ол жәрдемақы тағайындау үшiн тiркелген жерi бойынша, яғни Бурабайдағы ХҚКО-ға жүгiнуiне тура келетiн. Бiз бұл мәселенi шештiк және бала тууына байланысты және оның бiр жасқа дейiнгi күтiмiне жәрдемақы тағайындауға өтiнiш қабылдауда эксаумақтық қағидатты қолдану механизмiн әзiрледiк. Бастапқыда пилоттық жоба тек облыс iшiнде ғана жұмыс iстейтiн болады, ал жақын арада эксаумақтықты барлық Қазақстан бойынша iске қосуды жоспарлап отырмыз», — дедi Еренчинов.

Сондай-ақ Еренчиновтiң айтуынша, балаларға жәрдемақы тағайындауды рәсiмдеу үшiн эксаумақтық қағидатты енгiзу — мемлекеттiк қызметтердi алуды жеңiлдетудiң кезектi қадамы, себебi, бұл 4 бiрдей қызметтi алу үшiн қазақстандықтарға құжаттардың минималды топтамасы қажет  — бұл  — ата-ананың жеке басын куәландыратын құжат, неке қию туралы куәлiк және оның көшiрмесi (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан соң неке қиған азаматтар куәлiктiң көшiрмесiн бермейдi), баланың тууы туралы медициналық куәлiк (перзентханада берiледi), барлық балалардың тууы туралы куәлiктерi немесе ахуалдық жазбалардың көшiрмесi, банктiк шоттың нөмiрi жайлы құжат.

Пилоттық жобаны iске қосқан сәттен бастап «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы перзентханалар мен перинаталдық орталықтарды жүз мыңнан астам қызмет көрсеткендiгiн айта кету керек.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы бiр жылда 35 миллионнан астам қызмет көрсеттi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2016 жылы қазақстандықтарға 35 миллионнан астам қызмет көрсеттi, оның 33 миллионнан астамын мемлекеттiк қызмет көрсету дирекциясы көрсетсе, 1,3 миллионнан астамын «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясы көрсеткен, сондай-ақ 703 мыңнан астам қызмет жылжымайтын мүлiк және жер кадастры саласы бойынша көрсетiлген.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтiң айтуынша, тек қана «Connection Point» өз өзiне қызмет көрсету секторы арқылы жыл бойы 8 миллионнан астам кеңес берiлiп, қызмет көрсетiлген. «Бүгiнде бiз мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн барынша қолайлы жағдай жасау, оларды оңтайландырып, автоматтандыру мүмкiндiктерiн қолданудамыз. Осылайша, әрбiр бөлiмде азаматтар өз бетiнше электрондық анықтамаларды алып, баланы балабақша кезегiне қойып, айыппұлдар мен баж салықтарын төлей алатын өз өзiне қызмет көрсету секторлары жұмыс iстеуде. Ол үшiн оларға осы жерде, яғни мемелекеттiк корпорацияның ғимаратында берiлетiн электрондық цифрлық қолтаңбасы болса болды», деп қосты Құмарғалиев.

Айта кетерлiгi, жыл бойы 3,5 млн. астам қазақстандықтар қолтаңбаның электрондық нұсқасына ие болды.

Сондай-ақ Қазақстанда көлiктi қайта ресiмдеу және жүргiзушi куәлiгiн беру қызметтерi көрсетiлетiн, автокөлiк иелерiне арналған 12 мамандандырылған ХҚКО жұмыс iстеуде. Жыл басынан берi мамандандырылған ХҚКО-ларда миллиондай автокөлiк қайта тiркелген, ал жүргiзушi куәлiктерiн 253 мыңнан астам адам алған.

Құмарғалиевтiң айтуынша, мемлекеттiк корпорацияның бөлiмдерi жоқ шалғай елдi мекендерде мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда. «Шалғай елдi мекендердегi тұрғындардың уақыты пен қаражатын үнемдеу мақсатында, бiздiң қызметкерлер қажеттi жабдықтармен оларға өздерi баруда. Шығу кестесi тоқсан сайын аудандық әкiмшiлiкпен бiрлесiп құрылып, жергiлiктi БАҚ-та жарияланып отырады», — деп қосты ол. Жыл басынан берi мобильдiк ХҚКО 13 мыңнан астам шығуларды ұйымдастырып, 500 мыңға жуық қызмет көрсеткен.

Естерiңiзге сала кетсек, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы осы жылдың сәуiр айында құрылған, оның құрамына 4 РМК — «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжымайтын мүлiк орталығы», «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы», «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» кiрдi. Қазiргi кезде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында 21 мыңнан астам адам жұмыс iстеуде. Қазақстан бойынша мемлекеттiк корпорацияның 530 мемлекеттiк қызмет көрсететiн барлығы 362 фронт-офисi жұмыс iстейдi. Осы ретте, 2017 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкiмет» арқылы көрсетiлетiн қызметтер саны тағы 53-ке артпақ.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бір жылда 35 миллионнан астам қызмет көрсетті

Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерлерi қыстық сенбiлiк өткiздi

Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерлерi қыстық сенбiлiк өткiздiМемлекеттiк корпорацияның жұмыскерлерi қыстық сенбiлiк өткiздi

Азаматтарға арналған үкiметтiң орталық аппарат жұмыскерлерi жаңа жыл қарсаңында сенбiлiк өткiздi. «Таза өмiрдегi — таза болашақ» атты ұранмен екi жүзден астам әрiптес ғимарат маңындағы қарды тазалауға жиналды. Ұжымдық iс-шараға басқарма төрағасы Данияр Еренчиновтiң бастауымен Қоғамның орталық аппаратының барлығы, сондай-ақдепартамент мамандары түгел қатысты. Тазалық таңертең жұмыс уақытына дейiн басталды.

Аппарат басшысы Қайратғали Хайрулланың айтуынша, мұндай iс-шаралар ұжымды ұйымшылдыққа бастап қана қоймай, денсаулықты да шынықтырады. «Күнде өз тереземiзден қаланың коммуналдық қызметтерi қала көшелерiн қардан тазартып жүргендерiн көремiз. Ал жаңа жыл алдындағы жауған қар барлық ұжымға далаға шығып, астананы қардан тазартуда өз үлестерiн қосуға тамаша бiр себеп болды», — дедi Хайрулла.

Сенбiлiктемемлекеттiк корпорация қызметкерлерiн қолдап, iске сәттiлiк және армандарының орындалуына тiлек бiлдiруге келген Аяз Ата мен Ақшақардың келуi ұжым үшiн күтпеген жаңалық болды. Ал қар тазалау жұмысы аяқталған кезде, орталық аппарат эстафетаны Алматы қаласы бойынша жер кадастры және жылжымайтын мүлiктi техникалық тексеру департаментiндегi әрiптестерiне жолдады.

Халыққа қызмет көрсету орталығының Өскемен қалалық №1 бөлiмi жаңа ғимаратқа көштi

Халыққа қызмет көрсету орталығының Өскемен қалалық №1 бөлiмi жаңа ғимаратқа көштi

Өскемен қаласының Жiбек маталар комбинаты шағын ауданы тұрғындары үшiн жағымды жаңалық — Халыққа қызмет көрсету орталығының Өскемен қалалық №1 бөлiмi жаңа ғимаратқа көшуде. Ашылу салтанатына арнайы сапармен келген «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы басқарма төрағасы Данияр Еренчинов, басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев және аппарат басшысы Қайратғали Хайрулла қатысты.

«Мемлекеттiк корпорация адамдарға көмек көрсету үшiн құрылған. Сонымен қатар, бiз шығындарды оңтайландыру жолдарын ойлауымыз керек. Жалға алынған ғимараттар үшiн үлкен қаражат төлеп қайтемiз, оның үстiне ол адамдар үшiн қолайсыз болса. Сондықтан бiз өз ғимаратымызда жөндеу жұмыстарын жасадық, көрiп тұрағандарыңыздай ол бұрынғыдан да жарық, жылы, үйлесiмдi. Бiздiң ең басты мақсатымыз — адамдардың өмiрiн жақсарту. Бұл бүгiн көрнекi түрде көрсетiлдi, — дедi ашылу кезiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы басқарма төрағасы Данияр Еренчинов.

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25-жылдығына орай ашылып отырған жаңа да ыңғайлы ғимарат тұрғындар үшiн ерекше сыйлық болып отыр. Жаңа ғимарат барынша кең және мемлекеттiк қызметтердi сапалы ұсынға барлық жағдайлар жасалған. Реттеу залында 44 жұмыс орны және электрондық үкiмет порталы арқылы өз беттерiмен қызмет алуға орталық мамандары көмектесетiн «Connection point» өзiне-өзi қызмет көрсету секторы, мүмкiндiктерi шектеулi жандарға қызмет ұсынатын арнайы жұмыс орны бар, сонымен қатар азаматтарды тiркеу және құжаттандыру бағыты бойынша мемлекеттiк қызмет ұсынатын көшi-қон полициясы мамандары да осы жерде орналасқан. Азаматтарға ыңғайлы болу үшiн автотұрақ та қарастырылған.

Айта кетерiмiз, аталған бөлiм осы уақытқа дейiн көп қабатты тұрғын үйдiң бiрiншi қабатында, дүкенмен бiрге, бiр алаңда орналасқан едi. Ал ендi, бөлек тұрған жаңа ғимараттың бiрiншi қабатында Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментiнiң фронт-офисi орналасса, екiншi қабатында Жер кадастры және жылжымайтын мүлiктi техникалық тексеру департаментi мамандары орналасқан. Бұл оңтайландыру «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясынң сәуiр айында құрылғандығынан мүмкiн болды, себебi екi департамент те мемлекеттiк корпорация құрамына енген. Көшiру жұмыстарының арқасында мемлекеттiк корпорация 6 млн теңге үнемдемек, себебi бұл қаражат бұрын жалға алу үшiн жылына төлетiн. Ғимаратты жөндеу жұмыстарын өз қаражатымызға iстедiк.

Ендi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ұсынатын мемлекеттiк қызметтердiң барлық түрлерiн Өскемен қаласы тұрғындары мына мекенжайдан алуларына болады: Сатпаев даңғылы 34/2. Фронт-офистiң жұмыс кестесi өзгерген жоқ: дүйсенбi мен сенбi күндерi аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, үзiлiссiз жұмыс iстейдi. Айта кетер болсақ, бүгiнде мемлекеттiк корпорация арқылы 530 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi.

Анықтама үшiн: Күнiне №1 қалалық бөлiмге 500-600 қызметалушы келедi, соның 250 азаматы — ЫАЖ ХҚКО ақпараттық жүйесi арқылы көрсетiлетiн дәстүрлi қызметтер үшiн келсе, 200-ден астам азамат ҚҚП арқылы электронды қызмет алушылар. Әрқашан өзiне — өзi қызмет көрсету секторына үлкен жүк артылатын. Оған 100 қызмет алушы келедi. Көшi- қон полициясы бөлiмiне күнiне 100 қызметалушы келедi, оның 40-тан астамы құжаттандыру қызметi бойынша болса, 60-тан астамы тұрғылықты мекенжайы бойынша тiркелуге келедi.

Астанада жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк кадастрлық есебiнiң өзектi мәселелерi талқылануда

Астанада «Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк кадастрлық есебiнiң өзектi мәселелерi» атты халықаралақ конференциясы басталды. ҚР Ауыл шаруашылық министрлiгi мен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы бiрлесiп ұйымдастырған iс-шараға кадастрлық қызмет саласындағы салалық кәсiпорындардың және Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушы мемлекеттердiң ұйымдары мен Литва Республикасының делегациялары қатысуда. Сондай-ақ, конференцияға ҚР Ақпарат және коммуникация министрлiгi, ҚР Әдiлет министрлiгi, «Қазгеодезия» РМҚМ, «Зерде» ҰИХ АҚ және «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ өкiлдерi қатысуда. Конференция нәтижесiнде қатысушылар ынтымақтастық жөнiндегi меморандумға қол қоймақ.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтiң айтуынша конференция қатысушалары кадастрлық қызмет саласында тек тәжiрибе аламсып қана қоймай, Қазақстанда жылжымайтын мүлiктiң бiрiңғай мемлекеттiк кадастрын құруды дамыту перспективаларын талқылайтын болады.

«Бұл шара бiз үшiн — тек қана бiрегей диологтар алаңы емес, сонымен бiрге Қазақстан Республикасында Бiрiңғай кадастрлық есеп жүйесiн құру механизмi мен шешiм қабылдауда бiрыңғай түсiнiстiкке келу мүмкiндiгi болып табылады» — дедi Медет Құмарғалиев. «Осы жылдың мамыр айында бiз жылжымайтын мүлiктiң бiрыңғай мемлекеттiк кадастрын құруды компаниямыздың стратегиялық жоспарына енгiзген болатынбыз. Бiрыңғай кадастрды құру жекеленген ақпараттық жүйелердi бiрiктiрудi, жылжымайтын мүлiктi ресiмдеу барысында әкiмшiлiк кедергiлердi азайтуды, сапаны жоғарылатып және жылжымайтын мүлiкке құқықтарды есепке алу және тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтiң ашықтығын қамтамасыз етедi».

Бүгiнгi күнi мемлекеттiк корпорацияда жер телiмдерiнiң, ғимараттар мен құрлыстардың ГАЖ — қабаттары, инженерлiк коммунакациялармен, жол-көшелiк желiлер және т.с.с. қамтыған жылжымайтын мүлiктiң бiрыңғай кадастрының мүмкiндiктерi жайлы демонстрциялық тақта жасалған. Жер кадастры және жылжымайтын мүлiктi техникалық тексеру дирекциясы Астана қ. бойынша 92 күрделi құрылыстар мен құрылыстарды үйлестiрудi орындаған.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

Астанада жылжымайтын мүлік объектілерінің мемлекеттік кадастрлық  есебінің өзекті мәселелері талқылануда

Астанада жылжымайтын мүлік объектілерінің мемлекеттік кадастрлық  есебінің өзекті мәселелері талқылануда

Менiң тiлiм

Мемлекеттiк тiлдi меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. Қазақстан Республикасының «Тiл туралы» Заңына сәйкес қазақ тiлi республикамыздағы негiзгi тiл — мемлекеттiк тiл болуына орай оның қолдан аясы, бедел-мерейi мемлекет iшiнде ғана емес, халықаралық қатынастар деңгейiне дейiн артып келедi. Осыған байланысты қазақ тiлiн оқу мен оқытуды жан-жақты зерттеп, дамыту жауапкершiлiгiн алға тартып отыр. Мемлекеттiк тiлдiң мәдениетiн көтеру, әдебиеттi насихаттау, талантты жастарды iздеп табу мақсатында және өз елiн, жерiн, Отанын, туған халқының тiлi мен салт-дәстүрiн қастерлейтiн саналы да парасатты азамат етiп тәрбиелеу үшiн жыл сайын бiздiң мектебiмiзде дәстүрлi тiл мерекесi өтедi. Осы мерекеге байланысты тiл апталықтары жоспарлы түрде жүргiзiледi. Өзге ұлт өкiлдерiне қазақ тiлiн оқытудағы мақсат — мемлекеттiк тiлде сөйлей бiлуге, өз ойын айта бiлуге, сауатты жаза бiлуге үйрету. Тiл — ұлттың жаны. Ғабит Мүсiрепов тiл туралы былай деген: «Тiлiн бiлмеген түбiн бiлмейдi». Әрине, әр халықтың тiлi өзiне ерекше құрметтi. Тiлдiң байлығы, сөздiк қорының өсуi халықтың өзiне байланысты.

Халықтың тiлiн бiлсең, оның жанын сезiнесiң, тiл арқылы бүкiл адамзатқа тән гуманистiк идеяларға қол жеткiзуге болады. Қазiргi таңда елiмiз өз тәуелсiздiгiне қол жеткiзгеннен кейiн мемлекеттiк тiлiмiз — қазақ тiлi болып бекiтiлдi. Қазақстан Республикасының «Тiл туралы Заңы» күшiне ендi. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз — тiлiмiз. «Адамға екi нәрсе тiрек тегi, бiрi — тiл, бiрi — дiлiң жүректегi», — деп Жүсiп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттiң, елдiң ең негiзгi рәмiзi де, ұраны да, тiрегi де сол елдiң ана тiлi болмақ. Бiздiң ана тiлiмiз — қазақ тiлi. Бiздiң Отанымыз — Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тiлi бар.

Жамбыл аудандық бөлiмiнiң
құжаттарды қабылдау маманы
Ж. Сүйiндiк-Ережепқызы

Ана тiлiмiздi ардақ тұтайық

Тiл — тазалықтың, пәктiктiң, имандылықтың жаршысы. Тiл — тәуелсiздiгiмiздiң қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгiсi, елдiгiмiз бен бiрлiгiмiздiң туы. Халқымыздың бiртуар перзентi Мағжан Жұмабаев: «… Ұлттың ұлт болуы үшiн бiрiншi шарт — тiлi болуы. Ұлттың тiлiнiң кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетедi. Ұлтқа тiлiнен қымбат ешнәрсе болмасқа тиiс. Бiр ұлттың тiлiнде сол ұлттың сыры, тарихы, мiнезi айнадай көрiнiп тұрады. Қазақтың тiлiнде қазақтың сары сайран даласы, бiресе желсiз түндей тынық, бiресе құйындай екпiндi тарихы, Сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мiнезi — бәрi көрiнiп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тiлi бай. Осы күнгi түрiк тiлдерiнiң iшiнде қазақ тiлiнен бай, оралымды, терең тiл жоқ», — деп тiл жайында терең толғанған екен. Бүгiнгi қазақ тiлiнiң тағдыры мен болашағы, қадiр-қасиетi Елбасын да аз ойландырып, аз толғандарып жүрген жоқ. Бiр сөзiнде, «Қазақстанның болашағы — қазақ тiлiнде», «Анна тiлi — бәрiмiздiң анамыз, өйткенi ол — ұлтымыздың анасы», — десе, кейiнгi Жолдауында айтылған: «Бiз барша қазақстандықтарды бiрiктiрушi басты факторларының бiрi — елiмiздiң мемлекеттiк тiлiн, барлық қазақтардың анна тiлiн одан әрi дамытуға күш жiгерiмiздi жұмсауымыз керек», — деген сөзiнде қазақ тiлiнiң Қазақстан халықтарының басын бiрiктiрушi ұйытқысы болуын уағыздап отыр. Иә, айта берсең, қазақ тiлi туралы проблема көп. Жаза берсең, таусылмайды… Ең бастысы, ана тiлiмiздi ардақ тұтайық, ағайын!

Жамбыл аудандық бөлiмiнiң
құжаттарды қабылдау маманы
Ж. Сүйiндiк-Ережепқызы

Тiлiмiз — бiрлiгiмiздiң тiрегi

Менiң ана тiлiм — шексiз бай, шұрайлы, тегеурiнi мықты тiл. Өйткенi өмiрдiң алмастай қырын, абзал сырын түсiне бiлуiме басты себепкер — сол ана тiлiм! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиiмен бойыма сiңiрiп келе жатқан тiлiм мен үшiн ең қастерлi, ең қымбат тiл.  Ақын С.Торайғыров ана тiлiмдi:Сүйемiн туған тiлдi — анам тiлiн,Бесiкте жатқанымда-ақ берген бiлiм. Шыр етiп жерге түскен минутымнан,Құлағыма сiңiрген таныс үнiн, — деп жырға қосқан. Ана тiлiм-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тiлiн көзiнiң қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиiс. Амал не, туған тiлiмiздi шұбарлап, басқа тiлдiң сөздерiмен араластырып сөйлейтiндердi жиi көремiн. Тiптi, туған тiлiнен безетiн сорақыларды да, менсiнбеушiлiкпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгiлi орыс жазушысы К.Г. Паустовскийдiң «Туған тiлiне жаны ашымаған адам — жәндiк» деген сөзi ойыма ерiксiз оралады. Ана тiлi — ар өлшемi. Олай болса, тiлдi шұбарлау — арды шұбарлау, көңiл тұнығын майлау. Ең жақсы адам — ана тiлiн құрметтеген адам. Бұл сенiң басқа тiлдi меңгеруiңе бөгет болмайды, қайта сенi адамгершiлiкке, шын патриот болуға жетелейдi. Ана тiлдiң терең иiрiмдерiне бойлай бiлу — саналы адам болғысы келетiн жас адамның бiрiншi парызы. Ол — туған жерiңдi, елiңдi, сүйiктi Отаныңды сүйе бiлу деген сөз. Ақиық ақын М.Мақатаев «Отан» атты өлеңiнде:Мен оның түнiн сүйем, күнiн сүйемАғынды өзен, асқар тау, гүлiн сүйем. Мен оның қасиеттi тiлiн сүйем Мен оның құдiреттi үнiн сүйем, — деп Отанды сүюдiң, ана тiлiн сүюдiң құдiреттi биiк сезiм екендiгiн бiлдiредi.  Менiң елiм — көп ұлтты Қазақстан. Қанша ұлттың баласы бiр анадан туғандай тату-тәттi өмiр сүрiп жатыр. Қазақстанда ұлттар арасында татулық  пен бiрлiк, ынтымақтастық пен достық орнағаны — бәрiмiз үшiн мақтаныш. Бұл — бiздiң Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының, дана ойларының жемiсi. Елiмiздi жарқын болашаққа жетелейтiн, халық мүддесiн ғана ойлайтын Елбасының арқасында бiз, қазақ елi, мәңгiлiк ел болып қала бермекпiз. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: «Бiр мақсат,бiр мүдде,бiр болашақ» атты Жолдауында: «Ендi ешкiм өзгерте алмайтын бiр ақиқат бар! Ана тiлiмiз Мәңгiлiк елiмiзбен бiрге Мәңгiлiк тiл болды. Мен әлемдегi ең бай, ең сұлу тiлдердiң бiрi — қазақ тiлiнiң құдiретiне әрдайым сенемiн. Тiлiмiз — бiрлiгiмiздiң тiрегi, халқымыздың ұлттық байлығы.

Жамбыл аудандық бөлiмiнiң
құжаттарды қабылдау маманы
Ж. Сүйiндiк-Ережепқызы

Мемлекеттiк корпорацияда қазақстандықтардың уақытын үнемдейтiн кезектi пилоттық жоба iске қосылды

Ендi жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң жаңа техникалық паспортын алу және сәйкестендiру сипаттамаларының өзгерiстерiн тiркеу үшiн халыққа қызмет көрсету орталығына бiр рет барсаңыз жеткiлiктi. Бұрын қызмет алушы бұл мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ХҚКО-ға кемiнде үш рет баруы қажет болатын.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтiң айтуынша, деректердiң өзгерiстерiн тiркеуге 2 фактi — қайта өлшеу кезiнде анықталған алаңның өзгерiсi және жылжымайтын мүлiк объектiсiн қайта жоспарлаған жағдайдағы сәйкестендiру сипаттамаларының өзгерiсi негiз болуы мүмкiн.

Жөндеу жұмыстарының, балкон алаңының қосылуы және т.бнәтижесiнде алаң көлемi өзгерген жағдайда, азамат сәйкестендiру деректерiнiң өзгерiстерiмен тiркелген техникалық паспортты және құқық белгiлейтiн құжатты (жекешелендiру, сыйға беру, сату-сатып алу шарты) алады.

Жылжымайтын мүлiк қайта жобаланған немесе қайта жабдықталған жағдайда, азамат жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгерiстерiн тiркетуi қажет. Ол үшiн алдымен өзгерiстердi заңдастыру үшiн сәулет органдарына жүгiну қажет, нәтижесiнде ол пайдалануға қабылдау актiсiн алады. Бiрақ, Құмарғалиевтiң айтуынша, ендi барлық құжаттар топтамасын мемлекеттiк корпорация қызметкерi жинап бере алады. Ол сенiмхат негiзiнде өз бетiнше барлық құжаттар топтамасын жинақтайды, оның iшiнде пайдалануға арналған қабылдау актiсiн де ресiмдейдi. Ал қызмет алушы ХҚКО-дан дайын құжатты алады.

Құжаттар топтамасын жинақтау қызметiн мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi ақылы негiзде жүзеге асыратынын атап өткен жөн.

Бұл сервис мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiне келуге және құжаттар жинауға уақыты жоқ азаматтарға ыңғайлы болуы үшiн ұйымдастырылған, сондай-ақ ол бизнес жүргiзу жағдайларын жеңiлдетуге арналған.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк қоғамының
Баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында Бiрыңғай гербарий қоры құрылды

Бүгiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясындағы Бiрыңғай гербарий қоры Қазақстан Республикасындағы гербарийлердiң маңыздылығы мен сан алуандығы бойынша екiншi болып табылады. Оған Қазақстанның өсiмдiктер әлемiнiң 100 тұқымдасына жататын шамамен үш мың түрi және он мыңнан асатын жапырақтар қамтылған. Онда өсiмдiк жабынының доминанттары, бағалы жемдiк, улы, арамшөп, дәрiлiк, сирек және жойылып бара жатқан өсiмдiктер таңдалып алынған. Жусан, қорық, таулы, дала және шөл өсiмдiктерiнiң гербарийлерi жеке топтастырылған.

Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтiң айтуынша, Қазақстанда жерге орналастыру жүйесiнде геоботаникалық зерттеулер және геобатаникалық карталар жасау өткен ғасырдың 50 жылдарынан берi жоспарлы жүргiзiлуде, ол Қазақстанның өсiмдiктер әлемiндегi мұрасын сақтауға мүмкiндiк бередi. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының құрылымына негiзiне гербарий кiретiн геоботаникалық картаны құрумен айналысатын жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы кiргендiктен, бiз гербарий қорын жаңарту жұмысын әрдайым жүргiзiп отырамыз. Қазiргi кезде алқапқа шығу алдында геоботаник мамандар гербарий бойынша оқу курстарынан өтiп, өсiмдiк түрлерiмен танысады, оларды жүйелейдi, ал барып келген соң оның қорытындысы бойынша гербарийдi жаңа өсiмдiк түрлерiмен толықтырады», — дедi Құмарғалиев.

Сондай-ақ ол, БГҚ құрудың мақсаты өсiмдiктер морфологиясын, олардың георафиялық, экологиялық және жекеше өзгермелiлiгiн зерттеу; кез-келген аумақтағы өсiмдiк әлемiнiң құрамын құжаттандыру, сондай-ақ өсiмдiктердiң жеке түрлерiн (аймақтарға) тарату; белгiлi бiр кезеңде өсiмдiктiң өзгеруi жайлы толық мәлiметтер жинау болып табылады.

Мемлекеттiк корпорацияда Энглер жүйесi бойынша сандық гербарий құрылып, қораптарда орналасқан өсiмдiктердi тез табу үшiн каталог жасалған. Жақын уақытта гербарийдi облыстар бойынша цифрландыру жүргiзiлетiн болады және жемдiк, бал-шырынды, дәрiлiк және сол сияқты шаруашылық маңызы бойынша өсiмдiктер iрiктелiп алынады.

Бiрыңғай гербарий қорындағы өсiмдiктердiң толық флористикалық тiзiмiн құру үшiн Астана қаласы мен Қарағанды облысынан гербарийлер жеткiзiлген және аллдағы уақытта солтүстiк аймақтағы өсiмдiктер түрлерiмен толықтырылатын болады. Келешекте Бiрыңғай гербарий қорының ақпараттық-копмьютерлiк деректер базасын құру жоспарлануда.

Қазiргi таңда «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының гербарийлерiн магистранттар, докторанттар, биологиялық, ауыл шаруашылығы және географиялық мамандықтардың ғылыми қызметкерлерi жаңа жиналған өсiмдiк даналарын нақтылау және анықтау, жекелеген аймақтардың флорасын құру және тақырыптық көрме жүргiзу үшiн қолдануда.

Қазан айында мемлекеттiк корпорацияның бiрiңғай гербарий қорын құру «Мәңгiлiк мұра» жобасы шеңберiнде Қазақстан Республикасы Тәуелсiздгiнiң 25 жылдығы құрметiне өтiп жатқанын атап айтамыз.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

Баланың туылуы бойынша мемлекеттiк қызметтердiң толық спектрiн ендi Қазақстанның перзентханаларында ресiмдеуге болады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы жаңа пилоттық жобаны iске қосты, бұл жоба шеңберiнде баланың туылуын тiркеудi, балатуу мен оның күтiмiне жәрдемақытағайындауды, босану және жүктiлiкке байланысты табысын жоғалтқан жағдайдағы әлеуметтiк төлемдердi ресiмдеудi, сондай-ақ баланы балабақша кезегiне қоюды жас аналар перзентханада жүзеге асыра алады. Композиттi қызмет көрсету барлық 4 қызметке бiр уақытта перзентханада өтiнiш қабылдауды бiлдiредi.

«Естерiңiзге сала кетейiк, осы жылдың наурыз айында Әдiлет министрлiгi баланың туылуын тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтер стандартына азаматтар баланың туылуын тiркеуге өтiнiштi 3 жұмыс күнi iшiнде берулерi тиiс деген өзгерiстер енгiзген. Қазақстандықтарға қолайлы болу үшiн осы және оған iлеспе қызметтердi композиттiк түрде көрсету мүмкiндiктерiн қарастырдық. Бұл қазақстандықтардың өмiрiн жеңiлдетiп, уақыттарын үнемдейдi» — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев.

Құмарғалиевтiң айтуынша, композит «Баланың туылуын тiркеу, оның iшiнде азаматтық ахуал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, түзетулер мен толықтырулар енгiзу», «Бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi бойынша жәрдемақыларды тағайындау», «Әлеуметтiк тәуекелдер жағдайларына әлеуметтiк төлемдер тағайындау: еңбекке қабiлеттiлiгiн жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктi болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылу» және «Мектеп жасына дейiнгi (7 жасқа дейiн) балаларды балалар мектепалды ұйымдарына жiберу үшiнкезекке қою» қызметтерiне қатысты болып табылады.

Дайын болған туу туралы куәлiктi ата-аналар, құжат тапсырған күндi есептемегенде, 2 жұмыс күнi iшiнде халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуларына болады, ал жәрдемақыны тағайындау туралы ақпарат клиенттiң ұялы телефонына sms-хабарландыру арқылы түседi. Сонымен қатар, қазақстандықтар балабақша кезегiн egov.kz электронды үкiмет порталынан немесе мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiндегi «Connection Point» өз өзiне қызмет көрсету секторлары арқылы көрулерiне болады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 8 айда 24 миллионнан астам мемлекеттiк қызметтер көрсетiлген, оның 235 мыңнан астамы туу туралы куәлiк беру болып табылады.

Баланың туылуы бойынша мемлекеттік қызметтердің толық спектрін енді Қазақстанның перзентханаларында ресімдеуге болады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

Ана тiлiн жақсы бiлу — әркiмнiң азаматтық борышы

Бiздiң қазақ халқының тiлi өте бай, айтылуға орамды, көркем тiл. Тiл-адамның барлық саналы өмiрiнiң құралы: өнер-бiлiмдi, мәдениеттiлiктi, қоғамның белсендi азаматы болуды ол тiл арқылы үйренедi. Тiл оның iшiнде бiздiң ана тiлi елiмiздегi халықтардың барлық iс-әрекетiнiң, қарым-қатынасының құралы болуы тиiс, оның мәдениетiн жоғары сатыға көтеру әрбiрiмiздiң борышымыз. Тiл байлығын игеру — ана тiлiн қадiрлейтiн, тiл мәдениетiнiң шыңына қол созатын адамның әрекетi. Ана тiлiн жақсы бiлу — әркiмнiң азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметiнiң тiрегi. Елiмiздiң тәуелсiз мемлекет болып, егемендiк алуы тiлi мен психологиясына оның өз мәнiнде дамуына мүмкiндiк бердi. Бүгiнгi күнi мемлекеттiк тiлдi қоғам өмiрiнiң барлық саласына тереңдете енгiзу мәселесi үлкен маңыз алып отыр. Соңғы кезде мемлекеттiк тiлдiң өрiсiн кеңейтуге, оның өркен жайып дамуына ықпал ететiн басты-басты қадамдар жасалуда. Тiл туралы заңның қабылданғаны, оның баптарының жүзеге асырылуының бағдарламаларының жасақталғаны, мемлекет басшысының тiл саясатында дұрыс бағыт ұстап, қолдау танытып отырғаны көпке мәлiм. Аталған әрекеттердiң бастауы мектептерде қазақ тiлiн оқып үйретудi дұрыс жолға қою болып табылатыны сөзсiз. Сол себептi басты жауапкершiлiк тiл мамандары бiздерге жүктелiп отыр. Ата заңының баптарында сонымен қатар «Тiл саясатының тұжырымдамасы» мен «Тiл туралы Заңда» айтылған басты мәселе мемлекеттiк қазақ тiлiн дамыту. Қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы өз заманында: “Тiл байлығы — елдiң елдiгiн, жұртшылығын, ғылыми әдебиетiн, өнеркәсiбiн, мәдениетiн, қоғамдық құрылысын, салт-санасының, жауынгерлiк дәстүрiнiң, мұрасының қай дәрежеде екенiн көрсететiн сөзсiз дәлелi, мөлшерi” — деп тайға таңба басқандай анық та айқын көрсетiп берген болатын. Бұрынғы даналардан қалған: «Қанша тiлдi бiлсең, сонша мәдениеттiсiң, сонша байсың» деген сөз бар. Әрине, құптарға боларлық ой, бiрақ, өзге тiлдi бiлемiн деп жүргенде өз тiлiмiзден көз жазып қалмайық! Қазақстандықтардың бәрiне жуығы көпұлтты ортада өмiрге келген. Қазақстанның көпұлтты болуы — ешкiмнiң қолдан жасаған әрекетiнiң нәтижесi емес, тарихи даму жолымен солай қалыптасты. Және бұл бiздiң елiмiздiң кемшiлiгi емес, басқалардан артықшылығы. Өйткенi, көп түрлi мәдениеттiң, дiннiң, дәстүрдiң, бiлiмнiң, т.б. арасынан шыққан жақсылықтарды бойымызға сiңiре аламыз.

Жамбыл аудандық бөлiмiнiң
құжаттарды қабылдау маманы
Ж. Сүйiндiк-Ережепқызы

Мемлекеттiк тiлдi бiлу — заман талабы

Халықтың тәуелсiздiгiнiң ең басты белгiсi — оның ана тiлi, ұлттық мәдениетi жоқ ел ешқашан да егемендi ел бола алмайды, болуы мүмкiн емес. Қазақ тiлiнiң тағдыры үшiн күрес соңғы жүз жылда бiрде-бiр толас тапқан жоқ. Ұлы Абайдың заманын айтпағанда, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар бастаған алып топ тiл мәселесiне ерекше мән берiп, оның шексiз байлығын, суреткерлiк қуатын, бейнелiгi мен саздылығын көркемдiк сапаға жеткiздi. Бүгiнгi таңда мемлекеттiк тiлдi бiлу — мемлекеттiк қызметкерлердiң ең басты бiлiктiлiк талабына айнала бастады. Бiз өзi намысшыл халықпыз. Бiреу итiң жаман десе де намыстанып қаламыз. Тiл бiлетiн қазақ — намысшыл. Тiл бiлмейтiн қазақ одан данамысшыл. Оларды тiл бiлмедiң деп шетке итермеу керек. Қайта бауырға тарту керек. Бiзге көп тiл бiлгеннiң артықтығы жоқ. Бiзге қазақ, орыс, ағылшын, тiптi қытай тiлiн де мықтап меңгерiп алу керек. Домбыраны шерткендей, бiздiң мықты мамандарымызды да мемлекет iсiне шертiп-шертiп таңдап аларда олардың бiрнеше тiлдi еркiн меңгергенiне артықшылық берiлiп тұрылуы тиiс. Қазақстан — көп ұлтты мемлекет болғандықтан тiл мәселесi аса күрделi мәселе болып отыр. Тiл мәселесiнiң өте нәзiк екендiгi, оның зорлықпен емес тек қана шынайы ынталылықпен ғана ыңғайланатын шаруа екендiгi белгiлi. Ал тiлдiң өзi — тарих тереңiне бойлатып, өнер мен мәдениеттiң кәусар бұлағына сусындататын рухани әлемiмiздiң сарқылмас қазынасы.Олай болса, қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл мәртебесiне сай қолданылу аясын кеңейте түсу қажеттiгi — заңды құбылыс. «Тiл туралы» Заңның 4-бабында: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы” деп жазылған. Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi, өкiлдi және атқарушы органдар Қазақстан Республикасыныңбарша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға мiндеттi» — делiнген. Яғни, қазақ халқы болашақта өз ана тiлiн сақтап, дамыта алмаса, күндердiң күнiнде өз алдына жеке мемлекет болып өмiр сүруiн тоқтатады.Қазақстан тәуелсiз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен қазақ халқының ұлттық мәдениетiн, ұлттық салт — дәстүрiн, ана тiлiн дамытуға күш салғанымыз жөн. Қорыта келгенде, мемлекеттiк тiлдi ғылым мен техниканың түрлi саласына енгiзiп, сапасын арттыру — уақыт талабы. Ал, уақыт талабын орындау — баршамыздың абыройлы парызымыз.

Жамбыл аудандық бөлiмiнiң
құжаттарды қабылдау маманы
Ж. Сүйiндiк-Ережепқызы

Тiл — ұлттың жан дүниесi. Тiл жоқ жерде — ұлт жоқ.

Әр ұлт, әр адам өз тiлiн қастерлейдi. Барлық адамдардың бойына ана сүтiмен енедi де қалыптасады. Әр адамның тiл байлығы — әр ұлттың мақтанышы. Ол атадан балаға мұра болып қалады. Сондықтан, адам баласы өзiнiң ана тiлiн көзiнiң қарашығындай қорғау керек екенiн ұмытпау керек. Ана тiлi бiздiң басты байлығымыз. Менiң ана тiлiм — қазақ тiлi. Қазақ тiлi — ең ұлы, әсем тiл. Қазақ тiлi — бiздiң Отанымыздың мемлекеттiк тiлi. Бiздiң тiлiмiздi меңгеру өте қиын, бiрақ өзiн құрметтеген азамат өз тiлiн үйрену, бiлу керек. Қазақ тiлi — өте бай тiл. Бiздiң тiлiмiздi өзге ұлт өкiлдерi меңгерiп, өз мемлекеттерiнде алған бiлiмдерiн таратып жүр. Елiмiздiң мәдени дәрежесiн көтере алатын құрал, халқымызды жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудiң басты құралы, қуатты қаруы болып табылады. Тiл — ұлтымыздың жаны. Әр ұлттың болашағы — оның ана тiлiнде. Тiл — халықпен бiрге өмiр сүрiп дамиды, әр ұлттың тiлi — оның бақыты мен тiрегi. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттiң ең басты дүниесi — байлық емес, сонымен қатар ана тiлiмiздiң болашағы», — деген болатын. Мемлекеттiк тiлiмiздi мейлiнше кемелдендiруге, қазiргi кезде басты мәселе — тiлiмiздiң мәртебесiн ту етiп көтеруге қосылған үлкен үлес. Ана тiлiн қадiрлеу — мемлекетiңдi, ұлтыңды, өзiңдi қадiрлеу. Қазақстан егемендiгiн баянды етiп, оны әлемдегi озық елдердiң қатарына қосу үшiн мемлекеттiк тiлдiң жетекшi рөл атқаратындығын жас ұрпақтың санасына сiңiрiп, өз отанының нағыз патриоты етiп тәрбиелеу — бәрiмiзге ортақ, қасиеттi парыз. Бiздiң тiлiмiз мемлекеттiк мәртебе алғалы берi көп нәтижеге жеттi. Тiл сол мемлекетте тұратын халықпен бiрге өмiр сүрiп, өседi, дамиды. Себебi, әр ұлттың тiлi — оның бақыты, тiрегi. Ана тiлiнде сөйлегенде тiлге деген көзқарасымен бiрге азаматтың мәдениетi, тәрбиесi өседi. Мәдени тiлде сөйлеп, әдеп-ғұрыптарды сақтаған жерде сыйластық, достық, адамгершiлiк пайда болады. Мемлекеттiк тiлдi бiлген елдiң бiрлiгi жоғары болады. Бiз сол кезде ғана мемлекеттiк тiл — татулық тiрегi болды деп айта аламыз. Қазiр тiлдiң тағдырын шешпесек, елiмiз мемлекет бола алмайды, келешек ұрпақ — бiздiң балаларымыз, немерелерiмiз тiлдi бiлмей қалады, мәңгүрттенедi. Ондай күн елiмiзде ешқашан болмасын деп тiлейiк ағайын. Тiл тағдыры — ел тағдыры екенiн ешқашан ұмытпайық. Әрбiр адам өз ана тiлiн бiлуi және мемлекеттiк тiлiн меңгеру мiндеттi. Мен ана тiлiмен мақтанамын және мемлекеттiк тiлiн құрметтеймiн!

Жамбыл аудандық бөлiмiнiң
құжаттарды қабылдау маманы
Ж.
Сүйiндiк-Ережепқызы

«Азаматтарға арналған үкiметте» бiрыңғай ұйымдастырушылық құрылым енгiзiлдi

«Азаматтарға арналған үкiметте» бiрыңғай ұйымдастырушылық құрылым енгiзiлдi«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында лауазымдардың бiрыңғай тiзiлiмi жасалып, еңбекақы төлеу жүйесi теңдестiрiлген. Бұл ұйымдастырушылық құрылымды бiрiздендiруге және оңтайландыруға мүмкiндiк бердi.

Бұған дейiн, 2016 жылғы сәуiрде құрылған мемлекеттiк корпорацияның құрамына кiрген «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» РМК-де, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК-де, «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» РМҚК-де және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-де еңбекақы төлеудiң бөлек-бөлек жүйесi және лауазымдар тiзбесi болған.

«Азаматтарға арналған үкiмет» Басқармасы төрағасының орынбасары Диханбай Әбеновтiң айтуынша, құрылымды қайта ұйымдастыру қолданыстағы еңбекақы төлеу қоры шеңберiнде жүргiзiлген. «Төрт мекеме бiрiктiрiлгеннен кейiн бiз құрылымдық бөлiмшелер құрамына және әрбiр бағыт аясындағы қызметтiң бөлiнуiне талдау жасадық. Жалақы деңгейiнiң тек кәсiпорындардың өзiнде ғана емес, басқа өңiрлерде де айырмасы болды», — дедi Әбенов.

Сондай-ақ, бiрiздендiру аясында басшылық құрамның саны 53%-ға оңтайландырылды. Мұнда бiрде бiр қызметкер жұмыстан босатылған жоқ. Мемлекеттiк корпорацияның барлық қызметкерлерiне олардың мамандықтарына, кәсiбi мен бiлiктiлiгiне сәйкес жаңа лауазымдар ұсынылды.

Диханбай Әбенов: «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясын құру мемлекеттiк қызметтердiң басым бөлiгiн бiрыңғай құрылымға бiрiктiрiп қана қойған жоқ. Құрылымдық бөлiмшелердiң басшылық әкiмшiлiк штатын оңтайландыру бiзге мемлекеттiк қызмет саласында сыбайлас жемқорлықты құрайтын бюрократиялық кедергiден арылуға мүмкiндiк бердi. Атап айтқанда, мемлекеттiк қызмет көрсетуде үлкен жүктемесi болатын қарапайым инспекторлардың жалақысын арттыруға оңтайландырылғаннан кейiн босатылған қаржы бағытталады. Бұл еңбекақы төлеу қорын ұлғайтпай ақ корпорацияның қарапайым қызметкерлерiнiң жұмыс жағдайын жақсартуға мүмкiндiк бередi» — деп түсiндiре отырып, қатардағы қызметкерлердiң айлықақысының көтерiлуi 20%-ды құрайтындығын атап өттi.

Сондай-ақ еңбекақы төлеу жөнiндегi жаңа ережеде қосымша еңбекақы төлеу қоры қарастырылған, мұнда жеке жұмыс нәтижесi, жүктемесi, сондай-ақ жұмыс өтiлi ескерiле отырып, ынталандырушы қосымша ақылар мен әртүрлi үстемеақылар болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

Қазақстандықтар үшiн мүгедектiгi бойынша төлемдердi алу рәсiмi жеңiлдетiлдi

Қазақстандықтар үшiн мүгедектiгi бойынша төлемдердi алу рәсiмi жеңiлдетiлдiЖаңа композиттiк қызмет мүгедектiктi белгiлеу мен жәрдемақы тағайындау рәсiмiн айтарлықтай жеңiлдеттi. Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi мен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының бiрлесiп атқаратын жұмысы қазақстандықтар үшiн мемлекеттiк жәрдемақыларды алуды жеңiлдетуге бағытталған.

«Бұған дейiн мүгедектiктi белгiлеу үшiн жүгiнген адам алдымен медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiмшесiне баратын. Осы рәсiмнен кейiн ғана әлеуметтiк жәрдемақы тағайындау үшiн ЗТМО-ға жүгiнетiн едi», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ филиалы — ЗТМО дирекциясы директорының орынбасары Серiкқан Сабыржанов. «Ендi медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiмшесiне келу жеткiлiктi, мұнда мүгедектiк белгiленгеннен кейiн азамат үш мемлекеттiк қызметке: мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыға (МӘЖ), республикалық бюджеттен төленетiн мүгедектiгi бойынша арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыға (АМЖ), сондай-ақ «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ-дан еңбек ету қабiлетiнен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтiк төлемге бiр өтiнiш бере алады. Өтiнiштегi банктiк шоты көрсетiле отырып, ақпарат автоматты түрде зейнетақы төлеу жөнiндегi орталыққа жiберiледi», — деп атап өттi Сабыржанов.

Әдiлет министрлiгiнiң ақпараттық жүйесi және мүгедектердiң орталықтандырылған деректер қорын интеграциялау нәтижесiнде өтiнiштi қабылдау кезiнде қағаз құжат айналымы толықтай жойылды, ал жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтердi, тұрғылықты жерi бойынша тiркеудi электрондық үкiмет шлюзi арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттiк деректер қорының ақпараттық жүйесiнен алады.

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан берiлетiн төлемдер әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушыларына ғана тиесiлi екендiгiн естен шығармау керек.

Осылайша, жылдың басынан берi мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алуға 16 989 өтiнiш және республикалық бюджеттен төленетiн мүгедектiгi бойынша арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыға 17 590 өтiнiш қабылданған, «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ-нан еңбек ету қабiлеттiнен айрылу жағдайы бойынша 7 689 әлеуметтiк төлем тағайындалды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының Баспасөз қызметi

Қазақстанда жүктiлiгiне және босануына байланысты төлемдердi ресiмдеу рәсiмi жеңiлдедi

Қазақстанда жүктілігіне және босануына байланысты төлемдерді ресімдеу рәсімі жеңілдедіЖүктiлiгiне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтiк төлемдердi есептеуге қажеттi құжаттар топтамасы қысқартылды. Бұл Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi мен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының бiрлескен жұмысының арқасында мүмкiн болып отыр. Ендi, өтiнiш берген кезде әйелдерге соңғы 12 айға жұмыс орынан табыстары туралы анықтама ұсыну қажет емес. Жеке куәлiгiн, еңбекке жарамсыздық парағы мен банктiк шотын ұсыну жеткiлiктi. Жеке кәсiпкер куәлiгi бар әйелдерге сондай-ақ ЖК тiркеу туралы куәлiк пен салықтары бойынша салыстырып тексеру актi қажет болады.

«Бұрын мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерлерi автоматтандырылған ақпараттық жүйеге нақты аударылған әлеуметтiк аударымдарды жұмыс орнынан берiлген анықтамада көрсетiлген сомалармен салыстырып тексеру жүргiзетiн және сәйкес болмаған жағдайда өтiнiш берушiге нақтылау үшiн құжаттар қайтарылатын», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ЗТМО дирекциясы директорының орынбасары Серiкқан Сабыржанов. «Қазiр, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан берiлетiн әлеуметтiк төлемдер мөлшерлерiн тағайындау қағидасына енгiзiлген өзгерiстердiң арқасында жүктiлiгiне және босануына байланысты төлемдердi тағайындау автоматтандырылған ақпараттық жүйеде қамтылған нақты аударылған аударымдар бойынша жүзеге асырылатын болады. Жүктiлiгiне және босануына байланысты төлемдердiң мөлшерi есептелген және аударылған әлеуметтiк аударымдардың дұрыстығына жауапкершiлiк көтеретiн жұмыс берушiге тiкелей байланысты екендiгiн есте сақтау қажет», — деп түсiндiрдiСабыржанов.

Сонымен қатар, жүктiлiгiне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi соңғы 12 айға орташа айлық табысын еңбекке жарамсыздық күнiнiң санын отыз күнтiзбелiк күнге бөлу арқылы алуға болатын еңбекке жарамсыздық (науқастанған) күнiнiң саны коэффициентiне көбейтумен айқындалады.

Мысалы, әйел орташа айлық табысы 95 000 теңгемен12 ай ұйымда жұмыс iстедi. Еңбекке жарамсыздық парағы 126 күн болса, еңбекке жарамсыздық күнi санының коэффициентi 4,2 тең. Демек, жүктiлiгiне және босануына байланысты бiржолғы төлем зейнетақы аударымдарын шегерусiз 399 000 теңгенi құрайды.

Зейнетақы мен жәрдемақы есептеу жөнiндегi кез келген мәселе бойынша консультацияны қазақстандықтар 1411 тегiн нөмiрiне қоңырау шалып алуына болады және сұрақтарын қоя алады.

Барлығы мемлекеттiк корпорация арқылы жылдың басынан берi 97,5 мың жүктiлiгiне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтiк төлем тағайындалды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

Бала тууына берiлетiн жәрдемақыны бiр ғана өтiнiшпен рәсiмдеуге болады

Бала тууына берiлетiн жәрдемақыны бiр ғана өтiнiшпен рәсiмдеуге боладыБала өмiрге келген сәттен бастап ата-анасының бiрi бiржолғы жәрдемақы алуға және бiр жасқа толғанға дейiнгi бала күтiмiне байланысты әлеуметтiк төлемдерге қақысы бар. Ендi бұл жәрдемақыларды «Азаматтарға арналған» мемлекеттiк корпорациясының фронт-офистерiнде электрондық үкiмет порталы арқылы бiр ғана өтiнiш берiп ресiмдеуге болады.

«Азаматтарға арналған» мемлекеттiк корпорациясының филиалы — ЗТМО директорының орынбасары Серiкхан Сабыржановтың айтуынша, ата-ананың электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, «Connection point» өз өзiне қызмет көрсету секторларында немесе үйде отырып-ақ аталған жәрдемақыларға өтiнiш беруге болады. Электрондық үкiмет порталы арқылы берiлген өтiнiш жәрдемақы тағайындау туралы шешiм қабылдайтын Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталыққа автоматты түрде жiберiледi. Бұрын бұл қызметтi алу үшiн азаматтар аталмыш жәрдемақыларды тағайындауға қатысатын барлық мемлекеттiк органдарға өзi баруы қажет болатын.

Айтпақшы, бiр жасқа дейiнгi бала күтiмiне байланысты әлеуметтiк төлемдердi өз бетiнше формула арқылы есептеуге де болады. Ай сайынғы төлем көлемi соңғы 24 айдағы орташа айлық кiрiстi 0,4 — кiрiстi алмастыру коэффициентiне көбейту арқылы анықталады. Мысалы, соңғы екi жылдағы орташа айлық табысыңыз 60 мың теңгенi құраса, онда ай сайынғы төлем көлемi 24 мың теңгенi құрайды. Ал жұмыссыз аналарға төленетiн ай сайынғы әлеуметтiк төлем мөлшерi бiрiншi бала үшiн 5,76 АЕК, екiншi бала үшiн 6,81 АЕК, үшiншi бала үшiн 7,85 АЕК және төртiншi бала үшiн 8,90 АЕК-тi құрайды. 2016 жылы бiржолғы жәрдемақы көлемi бiрiншi, екiншi және үшiншi балалар үшiн 31,41 АЕК және төртiншi бала үшiн 52,35 АЕК-тi құрайды.

Жыл басынан берi мемлекеттiк корпорация арқылы 116 мың бала тууына берiлетiн жәрдемақы және бала күтiмiне байланысты әлеуметтiк төлемақы тағайындалған, оның iшiндегi 656 жәрдемақы мен әлеуметтiк төлемдер электрондық портал арқылы тағайындалған.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы балалар суреттерi конкурсының қорытындысын шығарды

Астанада «Қазақстан бала көзiмен» тақырыбында Астана күнiне арналған балалар суреттерi конкурсының жеңiмпаздарын марапаттау салтанаты өттi. Конкурс «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы қызметкерлерiнiң балалары арасында өткiзiлдi. ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Дариға Назарбаева мен ҚР Ақпаратжәне коммуникациялар министрi Дәурен Абаев конкурстың жеңiмпаздарына марапат қағаздары мен сыйлықтарды ұсынды.

Салтанатты марапаттау кезiнде Дариға Назарбаева осындай дарынды балаларды тәрбиелегендерi үшiн олардың ата-аналарына алғыс айтып, мерекелiк iс-шараға қатысушылардың барлығын Астана күнiмен құттықтады.

Ең үздiк суретшiлер үш санат бойынша таңдалды: 7 жасқа дейiнгi балалар, 7 жас пен 11 жас аралығындағы және 11 жас пен 15 жас аралығындағы балалар. Бiрiншi, екiншi және үшiншi орындардың сыйлықтары Алматы, Қостанай, Павлодар, Атырау, Қызылорда облыстарының, сондай-ақ СҚО және ОҚО еншiсiнде кеттi. Ал балалар суреттерi конкурсының гран-приi Ақмола облысынан келген 5 жасар Диас Карамкасов пен 8 жасар Даяна Идрисоваға және қарағандылық 12 жасар Анель Имишоваға бұйырды.

«Конкурсанттардың жалпы санынан жеңiмпаздарды анықтау өте қиын болды. Қатысушылар сурет салудың кез-келген техникасы — гуашпен, акварельмен, қарындашпен, фломастермен салынған суреттердi ұсынған. Барлық жұмыстар ашық бояулы және қызықты болды. Бiздiң конкурстың мақсаты — балаларды Отанына деген сүйiспеншiлiк пен патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады», — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубеков.

Астана күнi құрметiне балаларға мерекелiк демалыс ұйымдастырылды. Балалар алғашқы Президенттiң мұражайында, ҚР ұлттық мұражайында, мұхитаралда, джунглиде, «Атамекен» этно-мемориалды кешенiнде болып, «Байтерек» монументi алаңынан астанамыздың орталығына шолу жасады.

Еске салсақ, мемлекеттiк корпорация «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттiк орталық» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК — 4 кәсiпорынды қайта құра отырып, жұмысыносы жылдың 11 сәуiрiнен бастаған болатын. Бүгiнгi таңда корпорация Қазақстан бойынша 20 мыңнан астам қызметкердiң басын бiрiктiрдi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы балалар суреттерi конкурсының қорытындысын шығарды

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

1 және 2-топтағы мүмкiндiгi шектеулi жандар «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы көрсететiн қызметтердi үйде отырып ала алады

1 және 2-топтағы мүмкiндiгi шектеулi жандар «Азаматтарға арналған үкiмет» көрсететiн қызметтердi мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiне бармай-ақ ала алады. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы жұмысын бастағалы берi мобильдiк топтар 3 670 мүмкiндiгi шектеулi жандарға барып, 5 761 қызмет көрсеттi. Олардың iшiнде жылжымайтын мүлiк пен құжаттандыру бойынша қызметтерге, электрондық анықтамаларға көп сұраныс көп.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубековтiң айтуынша, мемлекеттiк корпорация 1 және 2-топтағы мүмкiндiгi шектеулi жандардың үйiне барып қызмет көрсету бойынша ХҚКО тәжiрибесiн жалғастырып отыр. Азаматтар мобилдiк топты шақыру үшiн Бiрiңғай байланыс орталығының 1414 нөмiрiне телефон шалулары керек. Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерлерi оған 72 сағат iшiнде барады.

Жалпы, мемлекеттiк корпорация мүмкiндiгi шектеулi жандарға мемлекеттiк қызмет көрсетуге көп көңiл бөлiп отыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында арбадағы мүгедектер үшiн пандустар, шақыру нүктелерi орнатылған. Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында әр түрлi қызметтерде 360 мүмкiндiгi шектеулi жандар жұмыс iстейдi.

Мемлекеттiк корпорация өз жұмысын осы жылдың 11 сәуiрiнде «Жер кадастры ғылыми өндiрiстiк орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-нiң қайта құрылуы жолымен бастағанын естерiңiзге саламыз. Бүгiнгi таңда «Азаматтарға арналған үкiмет» арқылы 530 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ Баспасөз қызметi

Ашық үкiмет

Өткен жылдың мамыр айында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнiң дамыған 30 елдердiң қатарына кiру мақсатында бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшiн 100 нақты қадамдарды белгiлеген. Солардың iшiндегi соңғы 10 қадам «Есеп беруге мiндеттi үкiметтi қалыптастыру» реформасын iске асыруға бағытталған.

Атап айтқанда, 94-шi қадамда Ашық үкiметтi жүзеге асыру мiндеттерi белгiленген.

«Ашық үкiметтiң» мақсаты — ашық және халық алдында есеп беруге мiндеттi мемлекеттi құру, азаматтардың мемлекеттiк басқару саласындағы құқықтары мен мүмкiндiктерiн кеңейту, жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту мен жаңа технологияларды мемлекеттiк басқару тиiмдiлiгiн арттыру үшiн қолдану болып табылады.

Ашық үкiмет мынадай 5 компонеттен тұрады: ашық деректер, ашық НҚА (нормативтiк құқықтық актiлер), ашық диалог, ашық бюджеттер және мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау. Бес порталдың iшiнен төрт портал қазiргi кезде жұмыс iстеуде, ал мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау порталы келесi жылдан бастап жұмысын бастайды.

Ашық үкiмет

ҚР ИДМ БААК
Баспасөз қызметi

Баспасөз релизi
«Азаматтарға арналған үкiметте» фронт-офистердi жаңғырту жүрiп жатыр

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн фронт-офистердi жаңғырту жұмыстары жүрiп жатыр. Әрбiр кеңседе корпорация арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң бiрiңғай ақпараттық базасы, кедергiсiз қызмет көрсету, электрондық кезек енгiзiлдi, сондай-ақ нақты жұмыс режимiнде мемлекеттiк қызмет көрсету процесiн бақылауға болатын ахуалдық орталық енгiзiлдi. Бөлiмдердiң көпшiлiгi сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiнгi жұмыс кестесiне көштi.

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк корпорацияда жаңғырту жұмыстарының екi кезеңi аяқталып, нәтижесiнде аудандық және ауылдық маңыздағы елдi мекендер 120 бiрiңғай фронт-офистермен қамтамасыз етiлдi. Ендi азаматтар мемлекеттiк корпорация көрсететiн барлық қызмет түрлерiн бiр жерден ала алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубековтiң айтуынша, оңтайландыру жақын орналасқан фронт-офистердi бiрiктiру есебiнен жүргiзiлуде. «Офистердi оңтайландыру азаматтардың қызметтердi бiр жерден алуына мүмкiндiк бередi, сондай-ақ ғимаратты күтiп-ұстау және жалға алу шығындарын едәуiр азайтады. Бұл ретте мемлекеттiк корпорацияның қызметкерлерi жұмыс жүктемесiне қарай фронт-офистерге орналастырылады», — дейдi ол.

Офистердi жаңғыртумен қатар, мемлекеттiк қызмет көрсету уақыты мен құжаттар топтамасын қысқарту бойынша мемлекеттiк қызметтердi оңтайландыру жұмыстары жалғасуда.

Естерiңiзге салсақ, жаңа құрылым 530 мемлекеттiк қызмет түрiн көрсетедi, ал жақында мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия мемлекеттiк корпорацияға беру үшiн тағы 53 қызмет түрiн белгiледi. Осылайша, жақын арада азаматтар «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының фронт-офистерi арқылы 583 қызмет түрiн алатын болады.

Азаматтарға арналған үкіметте» фронт-офистерді жаңғырту жүріп жатыр

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi,
тел. 8 7172 27 06 58 (iшкi 109)

Қазақстанның болашағы — қазақ тiлiнде

Қазақ тiлi осы мемлекеттiң түпкiлiктi тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттерi мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркiменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тiлi. Қазақ тiлi — батыс түркi тiлiнiң қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кiретiн тiлдер — қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарайшай, балқар, құмық және тағы басқа тiлдер. Қазақ тiлi — өзiндiк әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тiл. Қазақ тiлiнiң тарихы әртүрлi тарихи кезеңдердi бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Оның қалыптасуға бет алуы ХI-ХII ғасырлардағы Түрiк қағанатының пайда болу кезеңiнен басталып, ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған едi. Басқа түркi тiлдерiмен салыстырғанда, сөздiк қоры жөнiнен, қазақ тiлi — ежелгi таза қалпын тұтас сақтап келе жатқан тiлдердiң бiрi. Ғалымдардың пайымдауынша, қазақ тiлiнiң ауыз әдебиетi және жазба әдебиетi сияқты екi қайнар көзi бар. Қалыптасудың барлық сатыларын бастан кешiрген ана тiлiмiз — мейлiнше жетiлген ұлттық тiл. Ана тiлiмiзде әдеби шығармалар, ғылыми-бұқаралық, техникалық, құқықтық, педагогикалық, саяси, өнертанушылық әдебиеттер жарияланады. Тiлiмiз елiмiздегi азаматтардың өзара қарым-қатынас тiлi болумен ғана шектелiп қалмайды, оның мұрағаттық, ақпараттық қасиеттерi де мол. Қазақ тiлi — бай да құнарлы тiлдердiң қатарына жатады. Ежелгi бабаларымыздың тарихы, шежiресi және түрлi әдеби мұралар бүгiнгi ұрпаққа өзiмiздiң осы ана тiлiмiз арқылы жетiп отыр. Тiл тарихы халық тарихына ұқсас. Қоғамның жылжып, өзгеруiне байланысты тiл де дамып, өзгерiп отырады. Қазақ тiлi тарихында орын алған түрлi қиындықтар мен дағдарыстардың объективтi себептерi бар. Бiрiншiден, қазақ халқы үш ғасырға жуық орыс отаршылдығының қыспағында болып, ұлт ретiнде жойылып кетудiң бiрнеше сатыларын бастан кешiрдi. Екiншiден, Жоңғар шапқыншылығының халқымызға тигiзген зардаптары да орасан зор болды. Үшiншiден, Кеңес өкiметi жетпiс жылдан астам уақыт бойы ұлттардың жақындасуы деген желеумен ұсақ ұлттардың тiлдерiне қысым жасап келгенi белгiлi. 1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған «Тiл туралы» Заңда «Тiл — халықтың ұлы жетiстiгi, әрi оның ажырамайтын және бөлiнбейтiн белгiсi» делiнген. Қазақ тiлi мәселесi мемлекеттiк деңгейге көтерiлген кейiнгi жылдары бұқара жұртшылық та ана тiлi үшiн белсендiлiк танытуда. Бiрақ әлi шешiлмей жатқан түйiндi мәселелер де бар. Халық тәуелсiздiгiнiң ең басты белгiсi — оның ана тiлi, ұлттық мәдениетi. Өзiнiң ана тiлi, ұлттық мәдениетi жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмiр сүре алмайды. Дүниедегi барлық халық тәуелсiздiкке ұлттық қадiр-қасиетiн, мәдениетiн, ана тiлiн сақтап қалу үшiн ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзiнiң аумақтық салт-дәстүрiн, ана тiлiн ерекше қорғайды.

Жамбыл аудандық бөлiмiнiң инспекторы
Ж. Сүйiндiк-Ережепқызы

Тiлге деген құрмет — халыққа деген құрмет

Қазақстан — егемендi, тәуелсiз ел. Қазақстанды дамыған өркениеттi елу елдiң қатарына енгiзетiн бiздiң болашағымыз — бүгiнгi жастар. Олардың мiндетi — елiнiң намысын қорғап, оны әлемге таныта бiлу. Әлемге таныту үшiн әр жас өз елiнiң тарихын, тiлiн жетiк бiлуi керек.

Қазақ тiлi — Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмiр сүрiп жатқан қазақтардың (Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, Монғолия т.б.) ұлттық тiлi.

Қазiргi қазақ тiлi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi болып табылады. Қазақ тiлiнiң сөздiк құрамы өте бай, оған 67 мың тiзiмдiк сөз, 24,5 мың фразеологиялық тiркес — барлығы 91,5 мың лексикалық бiрлiк кiрген бiр ғана он томдық «Қазақ тiлiнiң түсiндiрме сөздiгi» куә бола алады.

Қазақ тiлi түркi тiлдерiнiң (солтүстiк-шығыс ареал) қыпшақ тобына кiредi (татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қырым-татар, қарақалпақ, ноғай) және ол, әсiресе, ноғай, қарақалпақ тiлдерiне жақын болып табылады.

Қазақ тiлi ең көне бастауын әр кездегi ежелгi түрiк жазулары ескерткiштердегi жазулардан алады. Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетiнiң дәстүрлерi мен тiлдiк нормаларында қалыптасқан, кейiнгi кезде ақындар, жыраулар мұрасы арнасына құйылған, ұлы Абай мен Ыбырай шығармашылығы арқылы бiзге жеткен қазiргi қазақ әдеби тiлi.

Қазақ жазуы 1929 жылға дейiн араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазiргi уақытқа дейiн орыс графикасын қолдануда. Мемлекеттiк тiл, яғни, қазақ тiлi — әлемдегi алты мыңға жуық тiлдердiң iшiндегi қолдану өрiсi жағынан жетпiсiншi, ал тiл байлығы мен көркемдiгi, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тiл. Сондай-ақ, ол дүние жүзiндегi ауызша және жазбаша тiл мәдениетi қалыптасқан алты жүз тiлдiң және мемлекеттiк мәртебеге ие екi жүз тiлдiң қатарында тұр. Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкiлдерi Қазақстанның халқын, соның iшiнде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетiн, әдет-ғұрпын, мәдениетiн, әдебиетiн, тiлiн бiлуi мiндеттi. Тiлсiз халықтың, елдiң өмiр сүруi мүмкiн емес. Әлем таныған ел болу үшiн тiлiмiздiң жұлдызын биiктетуiмiз керек. Тiл — қастерлi де, қасиеттi ұғым. Ол әрбiр адамға ана сүтiмен бiрге енiп, қалыптасады. Ана тiлiн сүйген адам — туған жерiн, елiн, Отанын, атамекенiн сүйедi деген сөз. Ал, бұлардың бәрi — адам баласы үшiн ең қасиеттi ұғымдар. Өмiрдiң алмастай қырын, абзал сырын түсiне бiлуiне басты себепкер — ана тiлi. Сонымен, қазақ тiлi — дәстүрлi, тұрақты, қатаң тiлдiк нормасы бар, стильдiк тармақтары сараланған, жалпы халықтық тiлден ұлттық деңгейге көтерiлген тiл.

Жамбыл аудандық бөлiмiнiң инспекторы
Ж. Сүйiндiк-Ережепқызы

Қазақ тiлi — өзiнiң даласындай кең пiшiлген жайдары да жалпақ тiл

Тiл — қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлiмi мен тәрбиесiнiң негiзi, қатынас құралы. Тiл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тiрлiгiнде мән-маңыз болмайтыны белгiлi. Демек, тiлдiң, сөздiң орны ерекше. Мiне, осы орайда ана тiлiмiз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшiн парыз. Жыл өткен сайын ана тiлiмiздiң мәртебесi өсiп, абыройы арта түсуде.

Тiл — халықтың жаны. Тiлi құрыса, халық та жер бетiнен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениеттi елдердiң өшiп кетуi алдымен тiлдi жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгiнгi қазақ қоғамындағы мәңгүрттiктiң басы да өз тiлiн тәрк етуден туды. Ана сүтi сiңбеген, бесiк жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет тана сүтiмен кiрмейдi. Тiлi мен дiнiнен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсiнбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тiлiмiздiң тағдыры үшiн күресте халқымыз қам-қарекетсiз болған емес. ХХ ғасырдың ұлы жемiсi — қазақ халқы үшiн Егемендiктiң көк туы желбiреуi. Ата-бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсiздiкке қол жеткiздiк. Ендiгi мақсатымыз — ұлттық рухты, түскен еңсенi көтеру. Ұлттық мiнез, ұлттық намыс, ана тiлi жоқ жерде — ұлт та жоқ. О, туған ана тiлiм! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтiнiң жұғымы да сенде, райхан гүлдiң жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, назды сұлудың нәзiктiгi де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде… Халқымыздың аса бай рухани қазынасы — туған ана тiлiмiз. Ол — қазақ тiлi. Қазақ тiлi — өзiнiң даласындай кең пiшiлген жайдары да жалпақ тiл. Қазақ сөзi қашанда даланың қоңыр желiндей аңқылдап еркiн есiп тұрады. Қазақ тiлiнiң биязы мақамы — домбыраның күмбiр қаққан сазындай. Асқан әуездiлiгi — шырқап салар әндей. Туған тiл бiздiң бiрiншi бақытымыз, бiрiншi ырысымыз, бiз сондықтан «Ана тiлiмiз» деймiз. Қазақтар «Ананың тiлi» деп ерекше құрметтейдi. Басқа тiлдi бiлу — әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тiлiн аяқ асты етуге болмайды.

Анамның тiлi — ардақтым менiң. Адамның атасы, әкесi мен шешесi сенсiң. Сен менiң кiшкентай кезiмде әкем болып мойныңа отырғызып қуандың, ат үстiнде алдыңа алып, менi көкке секiрттiң. Жел болып кекiлiмнен сипадың. Тiлiм, ана тiлiм менiң, адамзатымның тiлi, сен менiң анам болған кезiңде көкiрегiңе жабысып, төсiңнен ақ сүтiңдi емдiм. Сен менiң ағам, iнiм, әпкем, қарындасым, бауырларым болған кезiңде мен сенi одан әрмен түсiнiп, ұғынғым келдi. Адамзаттың Абай мен Мағжан сынды асқар алыптарын туғызған, әкелерi мен аналары болған ұлтымыздың тiрегi сенсiң, туған тiлiм. Бiрақ, менiң терiм «туған тiлiм» сен үшiн ғана төгiлсiн, менiң өмiрiм сен үшiн ғана өрiлсiн! Олай болса, ана тiлiмiздi алдымен өзiмiз құрметтейiк, ардақтайық! Сонда ғана туған тiлiмiздiң туы биiктерде желбiреп тұратын болады.

Жамбыл аудандық бөлiмiнiң инспекторы
Ж. Сүйiндiк-Ережепқызы

Баспасөз-релизi
Мобильдiк ХҚКО құрамына еңбек комитетi және жұмыспен қамту басқармаларының өкiлдерi қосылды

Баспасөз-релизi Мобильдiк ХҚКО құрамына еңбек комитетi және жұмыспен қамту басқармаларының өкiлдерi қосылдыШалғай ауылдық округтерiнiң халқына ыңғайлы болу үшiн құрылған Мобильдiк Халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетiлетiн кеңестердiң ауқымын кеңейттi. Ендi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы департаменттерiнiң қызметкерлерiмен бiрге еңбек және әлеуметтiк қорғау комитетiнiң, сондай-ақ жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының өкiлдерi шығатын болады.

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк корпорация арқылы ұсынылатын 530 мемлекеттiк қызмет қазақстандықтарға мобильдiк ХҚКОлары арқылы қолжетiмдi. Жобаны iске қосқан сәттен бастап 66 бiрлескен сапар жүзеге асырылды, олардың барысында ауыл тұрғындары тек мемлекеттiк қызметтердi ғана алып қоймай, әлеуметтiк қорғау, жұмыспен қамту және жаңа мамандықтарға оқыту мәселелерi бойынша да кеңестер алды.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» дирекциясы директорының орынбасары Шоқан Әбдiлмановтың айтуы бойынша мобильдiк ХҚКОлар жергiлiктi атқарушы органдардың келiсiмi бойынша бекiтiлген кестелер бойынша шығады. «Мобильдiк ХҚКОлар ауыл тұрғындарының қаржысы мен уақытын үнемдеу үшiн құрылған болатын. Көрсетiлетiн қызметтердiң ауқымы мен сервистерiн кеңейту, оларды ауыл тұрғындары үшiн неғұрлым танымал етуде. 2016 жылғы 4 ай iшiнде 4 755 сапар жүзеге асырылды, олар 1 316 елдi мекендi қамтыды», — дейдi Әбдiлманов.

Республиканың 14 өңiрiнде 70 мобильдiк ХҚКО жұмыс iстейтiнiн естерiңiзге саламыз. Жыл басынан бастап мобильдiк ХҚКОлар 127 063 мемлекеттiк қызмет көрсеттi.

Сапарлар кестесiн «Халыққа қызмет көрсету орталығы» дирекциясының ресми порталында, аудандық әкiмдiктердiң және өңiрлiк БАҚ сайттарында көруге болатынын атап өтемiз.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ Баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы өз жұмысын бастады

«Жер кадастрының ғылыми-өндiрiстiк орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-лерiн қайта құру жолымен құрылған «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2016 жылғы 11 сәуiрден бастап өз қызметiн бастады.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлiгi корпорацияны құру бойынша iшкi құжаттарды жасау, корпорацияның даму жоспарын жасау, инфрақұрылымды оңтайландыру және сараптау сияқты барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтады. Тиiстi уәкiлеттi органдар корпорация жұмысын регламенттеу мен мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қатысты 140-тан астам нормативтiк-құқықтық актiлердi қабылдады.

Мемлекеттiк корпорация бiрiншi кезеңде 522, ал екiншi кезеңде 700-ден астам мемлекеттiк қызмет көрсетедi. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басты ерекшелiгi, барлық бизнес-үдерiстердi автоматтандыру мен оңтайландыру болады. Бiрiктiрiлген кәсiпорындарға ХҚКО-лардың қолданысындағы қызмет көрсету мониторингi мен сапасын бағалаудың жаңа құралдарын пайдалану, СМС- хабарлау, кедергiсiз қызмет көрсету, кезектi броньдау сервисi тәрiздi мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң бiрыңғай стандарттары енгiзiлген.

Корпорацияның көрсететiн қызметтер санының едәуiр артуына байланысты, корпорация құрамына кiрген барлық кәсiпорындардың 3 600 қызметкерiне оқыту-үйрету жұмыстары жүргiзiлдi. Қызметкерлердiң жұмысының нәтижелiлiгiн анықтау үшiн тиiмдiлiктiң негiзгi көрсеткiштерi бекiтiлдi (КРI).

Мемлекеттiк корпорация қызметiндегi жаңалықтардың бiрi — қызметтi көрсетуге өтiнiмдi қабылдау және дайын құжаттарды беруден басқа, қызметкерлер оларды өңдеудi жүзеге асырады. Республикамыздың барлық ХҚКО-ларында енгiзiлген ақпараттық жүйенiң арқасында, қызмет көрсету уақыты мен қажет етiлетiн құжаттар едәуiр қысқарады.

Азаматтардың мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiгi де әртүрлi араналар арқылы — қалалар мен аудандарда халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сонымен қатар өзiне-өзi қызмет көрсету секторларының көмегiмен, электрондық және мобильдiк үкiмет арқылы қаматамасыз етiледi. Сондай-ақ, шалғай елдi мекендерде тұратын азаматтарға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету үшiн мобильдi ХҚКО-лар жұмыс iстейтiн болады.

ҚР ИДМ БААК
Баспасөз қызметi

Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтама беру

Егер де сiз жасөспiрiмдi қорғаншылық және қамқоршылыққа алсаңыз, сiзге қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтамасы қажет болады. Ол үшiн сiзге ХҚКО-ға жүгiнуiңiз керек. Бұл мемлекеттiк қызметтi қазiргi «Электрондық үкiмет» веб-порталынан алуға болады. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi 5 минуттан аспауы тиiс. Осы қызмет көрсету нысаны электрондық (толық автоматтандырылған) сонымен қатар қағаз жүзiнде болуы мүмкiн. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi — осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жетiм балаға (балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық (қамқоршылық) белгiлеу туралы анықтамасы болады. Бұл қызмет тегiн.

Қызметтi алу үшiн сiз мына құжаттарды тапсыруға керек болады:

ХҚКО-ға:

  1. өтiнiш;
  2. баланың туу туралы куәлiгiнiң деректерi (бiрақ 2007 жылғы 13 тамызға дейiн туылған болса) тапсыруыңыз керек.

Порталда берсеңiз:

  1. сiздiң ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
  2. баланың туу туралы куәлiгi.

Құжаттар топтамасын толық ұсынбасаңыз, ХҚКО қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады сонымен қатар осы мемлекеттiк қызмет бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы қолхат бередi.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау бойынша анықтаманы қалай алуға болады?

Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң мекенжайын анықтау және тағайындау Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн мiндеттi талап болып отыр. Атап айтқанда бұл мемлекеттiк қызмет ауыл тұрғындарына берiледi, себебi бiр мезгелде олардың атауы және саны берiлген жоқ. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: автоматтандырылмаған. Бұл қызмет заңды және жеке тұлғаларға бiрдей көрсетiледi.

Уақыт мерзiмдерi:

  • 3 жұмыс күнi — мекенжайын анықтау жағдайда;
  • 7 жұмыс күнi — тағайындау, өзгерту немесе жою жағдайда, мүлiктiң орналасқан жерiн «Мекенжай тiркелiмi» ақпарттық жүйесiнде мiндеттi тiркеумен саяхат.

ХҚКО-ға мына құжаттарды берiңiз:

Құқық белгiлеушi құжаттар, жер учаскесiне берiлетiн акт — олардың көшiрмелерi.

Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi. Нәтижесiнде жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң тiркеу кодымен мекенжайын өзгерту, тағайындау, жою, анықтау бойынша анықтаманы аласыз.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру қалай өтедi?

Белгiлi уақыт өткен соң сiз жұмыссыз ретiнде тiркелгенiдiгiн растайтын анықтаманы алып оны қажет ететiн жерiне тапсыра аласыз. Ол үшiн ХҚКО-ға қайта жүгiнуiңiзге тура келедi. Бұны iстеу өте оңай. Бұл қызмет автоматты болғандықтан, анықтаманы 10 минуттың iшiнде аласыз. ХҚКО жұмыскерiне тек жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетесiз.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiлердi ресiмдеу және беру

Егер де сiздiң атыңызда жер учаскесi болып және оны тiркелуiңiз қажет болса, онда сiздiң ХҚКО-ға баруыңызды қажет етедi. Ол үшiн не бiлуiңiз керек?

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

ХҚКО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде:

жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған актiнi беру — 6 (алты) жұмыс күн.

Нәтижесi электрондық және қағаз түрiнде қол жетiмдi.

Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiнi қағаз жеткiзгiште алуға жүгiнген жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi электрондық форматта ресiмделедi, басып шығарылады сонымен қатар мөрмен және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының қолымен куәландырылады.

Мемлекеттiк қызмет 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 152-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғаларғаақылы көрсетiледi.

Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiнi дайындағаны үшiн төлем екiншi деңгейдегi банктер арқылы не ХҚКО ғимаратындағы кассаларда жүргiзiледi, төлем құжатын (түбiртек) бередi.

Егер де жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегiз жасқа толғанға дейiнгi кезеңде жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiнi дайындау қажет болса, онда бұл қызмет өтеусiз негiзде жүзеге асырылады.

Сiз және сенiмхат бойынша әрекет ететiн тұлға үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

  • өтiнiш;
  • жер учаскесiне жеке меншiк құқығын беру туралы жергiлiктi атқарушы органның шешiмiнен үзiндi көшiрме;
  • бекiткен жерге орналастыру жобасының көшiрмесi;
  • жергiлiктi жердегi жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдардың көшiрмесi;
  • жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған алаңда жер учаскелерiн орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда, көрсетiлген жұмыстарды орындаған ұйым беретiн, нақты жер учаскесiне арналған жерге орналастыру жобасының бiр бөлiгi және оның жергiлiктi жердегi шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдар берiледi;
  • жер учаскесiн сатып алу-сату шартының көшiрмесi (жер учаскесiн сатқан кезде);
  • уәкiлеттi органның жер учаскесiнiң сатып алу бағасын төлеу туралы, сондай-ақ жер учаскелерiн төлеу мерзiмiн ұзартып сату кезiнде мәмiле жасасуға тыйым салынатыны туралы (жер учаскесiн сату кезiнде) анықтамасы;
  • нотариалды куәландырған сенiмхат;
  • төлем құжаты (түбiртек);
  • жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегiз жасқа толғанға дейiнгi кезеңде жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiнi дайындаған жағдайда осы фактiнi растайтын құжат;
  • жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы).

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

ХҚКО хабарлайды
Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру

Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспорты — бұлмүлiктiң нақты жай-күйiн көрсететiн ақпараттық-анықтамалық құжат. Бұл қызметтi сiзге бiздiң Республикамыздың кез келген ХҚКО-да алуыңызға болады. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспортты алу үшiн сiз ХҚКО-ға мына құжаттарды ұсынуға қажет боласыз: жеке басын куәландыратын құжат; бар болған жағдайда жылжымайтын мүлiктiң қолда бар техникалық паспортын және (немесе) жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттар; жер учаскесiне жеке меншiк құқығын беретiн акт; техникалық паспорт бергенi үшiн ақы төленгенiн растайтын құжат.

Қызмет көрсету мерзiмi жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң түрiне байланысты болады: 3-шi жұмыс күнiне (пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге); 7-шi жұмыс күнiне (жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына); 10-шы жұмыс күнiне (жалпы алаңы 1000 шаршы метрге дейiн жылжымайтын мүлiктiң қалған объектiлерiне); 20-шы жұмыс күнiне (жалпы алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектiлерге).

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

ҚР Инвестициялар және даму министрi Әсет Исекешев ХҚКО-да инвесторға қызмет көрсету бөлiмдерiнiң жұмысымен танысты

ҚР Инвестициялар және даму министрi Әсет Исекешев ХҚКО-да инвесторға қызмет көрсету бөлiмдерiнiң жұмысымен таныстыИнвесторға мемлекеттiк қызметтi алу үшiн әр түрлi ұйымдарға барудың қажетi жоқ. Ендi инвестициялық жобаны iске асыру бойынша барлық қажеттi мемлекеттiк қызметтi Инвесторлар ХҚКО-да қызмет көрсету бөлiмдерiнде «бiр терезе» қағидасы арқылы ала алады. Ол өз кезегiнде инвесторларға түсетiн бюрократиялық және әкiмшiлiк салмақты айтарлықтай қысқартады. Бүгiн сондай қызмет көрсету бөлiмiнiң жұмысымен ҚР Инвестициялар және даму министрi, инвестициялық омбудсмен Әсет Исекешев танысты.

Қазақстанда инвесторларға қызмет көрсететiн барлығы 19 бөлiм жұмыс iстейдi: Астана қаласында — 2, Алматы қаласында — 3, әр облыс орталығында 1 қызмет көрсету бөлiмшесi болады.

2015 жылы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн бұл механизм инвестициялық басым жобаларды жүзеге асырушы инвесторлар үшiн ғана мүмкiн болды. Биылдан бастап бизнесiн кеңейтудi шешкен әрбiр инвестор түрлi кеңестердi және барлық рұқсаттамалық құжаттарды осы жерден ала алады. Сонымен бiрге, мысалы, инвесторлар жердi қолдану, құрылыс жұмыстарына қажеттi ғимараттарды сәулеттiк-жобалау, инвестициялық шартты бекiту және т.б. құжаттарды алу үшiн осында жүгiнедi.

Инвесторға өзiнiң сұранымы бойынша барлық құжаттарды дайындаса болды, ал қалған барлық үрдiстi Инвесторларға қызмет көрсету бөлiмдерi орындап, бақылайтын болады. Ендi барлық әкiмшiлiк сатыларды өз бетiнше өтудiң қажетi жоқ. Барлық құжаттар көрсетiлген уақытта дайын болады және инвесторға жiберiледi.

Инвесторға «бiр терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетудiң барлық процесi автоматтандырылады. Интернет жүйесiнде тiркелуге, ақпарат алуға, сонымен қатар құжаттарды жеткiзудi online режимде қарастыруға мүмкiндiк бар.

Сонымен қатар, ҚР Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Инвестициялар комитетiнде инвестор ақпараттық және кеңестiк қолдау ала алатын Call center орталығы қызмет етуде. Call center тел: 8(7172)75-45-40.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Жылдың басынан 10 мыңнан астам әйел ҚР мамандандырылған ХҚКО-ларында жүргiзушi куәлiктерiн алды

Бұл сан жыл басынан жаңа жүргiзушi куәлiктерiн алған жалпы автомобилистер санының 30%-ына жуығын құрайды. Барлығы 36 115 жүргiзушi куәлiгi, оның iшiнде әйелдерге — 10 776 жүргiзушi куәлiгi берiлдi.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуына қарағанда, мамандандырылған ХҚКО-да жүргiзушi куәлiгiн алған автомобиль әуесқойларының саны жыл сайын өсiп келедi. «2014 жылы, мысалы, қаңтар және ақпан айларында мамандандырылған ХҚКО-ларда 15 мыңнан астам қазақстандық жүргiзушi куәлiгiн алды, олардың iшiнде 4 мыңы — әйелдер. 2015 жылдың 2 айына — 27 мыңнан астам, олардың iшiнде 8 мыңнан астамы — әйелдер. Осы жылы да бiз сол сияқты жүргiзушi куәлiктерiн беру бойынша қызметтердiң өсу динамикасын көрдiк», — деп айтып өттi ол.

Автокөлiк құралдарын тiркеу бойынша алғашқы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы Қарағанды қаласында пайда болғандығын, кейiннен мамандандырылған ХҚКО-лар Алматы, Астана, Ақтау және Тараз қалаларында жұмыс жасай бастағандығын атап өтемiз. Бүгiнде Қазақстанда автокөлiк иелерiне қызметтер көрсету бойынша 11 мамандандырылған ХҚКО жұмыс iстейдi.

Бизнес-процесстердi автоматтандырудың және мемлекеттiк органдардың деректер қоры мен ақпараттық жүйелерiн интеграциялаудың арқасында жүргiзушi куәлiктерiн алу уақыты 2 сағатқа дейiн қысқарды. Бұдан басқа, мамандандырылған ХҚКО-лардың аумағында психоневрологиялық, наркологиялық диспансерлер дәрiгерлерiнiң кабинеттерiн және медициналық комиссияларды орналастыру клиенттерге барлық iлеспе анықтамаларды бiр жерде алуға мүмкiндiк бердi.

Мамандандырылған ХҚКО-ларда мiндеттердi бөлiсу қолданылатындығын атап өту керек: ХҚКО қызметкерлерi құжаттарды қабылдаумен және дайын құжаттарды берумен айналысады, ал ТЕБ қызметкерлерi жүргiзушi куәлiктерi мен көлiк құралдарын тiркеу куәлiктерiн жасау процесiне қатыстырылады.

Жылдың басынан 10 мыңнан астам әйел ҚР мамандандырылған ХҚКО-ларында жүргiзушi куәлiктерiн алды

Жылдың басынан 10 мыңнан астам әйел ҚР мамандандырылған ХҚКО-ларында жүргiзушi куәлiктерiн алды

«ХҚКО» РМК СҚО бойынша баспасөз қызметi

Мемлекеттiк тiл — ол халық бiрлiгiнiң негiзгi факторы

Қазақстан халқы Ассамблеясы ел халқының мемлекеттiк тiлдi меңгеруiнiң жалпыұлттық үдерiсiне басшылық жасауы керек. Ол үшiн ешкiмге қысым жасамай және ешкiмдi төмендетпей, қажеттi шаралар кешенiн жүйелi де табанды жүзеге асыру қажет. … Мемлекеттiк тiл — ол халық бiрлiгiнiң негiзгi факторы», дедi өз сөзiнде Н. Назарбаев. Осы мәлiмдемесi арқылы Президент елiмiздегi бейбiтшiлiк пен келiсiмдi сақтап, этносаралық қарым-қатынасты дамытуда маңызды рөл атқарып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясын ендiгi жерде мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтеруге белсене атсалысуға шақырды. Елбасы тапсырмасынан кейiн Ассамблея сiлкiнiп өз елiнде, өз жерiнде тиiстi тұғырына әлi қонбаған қазақ тiлiн дамыту iсiне белсендi ат салысады деген үмiт мол. Бiздiңше жалпы қоғамды, өскелең жас ұрпақты Отанды сүюге, мемлекеттiң әрбiр құндылықтарын қастерлеуге, патриоттық рухта тәрбиелеуде, сондай-ақ мемлекеттiк тiлдi дамыту iсiнде бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) алдыңғы қатардан табылып, бұл iстердiң игiлiктi болуы үшiн бiр атаның баласындай үлес қосулары тиiс. Жоғарыдағы құндылықтардың барлығының төрiнде Қазақстандағы мемлекет құраушы ұлт — қазақтардың ғасырлар бойғы алтын қазынасына айналған әрi қазiргi уақытты ұлтты ұйыстырып отырған — қазақ тiлi тұр.

Елбасы әртүрлi деңгейдегi биiк мiнбелерден қазақ тiлiн дамыту туралы талай-талай тұщымды ойлар, пiкiрлер айтып жүр, жеке өзi бастамашы болып мемлекеттiк тiлдi өркендету үшiн қыруар шаруалар тындыруда. Қисынға салсақ, мемлекет басшысының мемлекеттiк тiлдi дамытуға қатысты айтқан әрбiр пiкiрiн ең алдымен БАҚ өкiлдерi терең түсiнiп, тұңғиығына бойлап, қоғамға жеткiзiп, халықтың құлағына құюы тиiс. Қарапайым тiлмен айтқанда, бұл Қазақстанды — Отаным, қазақ тiлiн — мемлекеттiк тiл деп мойындайтын кез-келген БАҚ өкiлдерiнiң жазылмаған заңы, маңызды мiндеттерiнiң бiрi болуы керек. «Баяғы жартас, бiр жартас» болып тұра берсiн деген пиғыл басым сияқты олардың арасында. Қазақстанда тұрып жатқан әрбiр этнос мемлекеттiк тiлдi бiлуi тиiс. Елбасының сөзiмен айтқанда, «бұл iстiң табыстылығы тек мемлекетке ғана емес, сонымен бiрге бүкiл қоғамның белсендiлiгiне де байланысты». Бұл тұтас қоғамның iшiнде БАҚ өкiлдерi де бар. Сондықтан да, қазақ тiлiн дамыту туралы айтылған әрбiр бастамаға құрметпен қарап, соны адал жүрек, шын ниетпен жан-жақты насихаттауға, көрсетуге шақыру керек. Бұдан бәстерiмiз артпаса, кеми қоймас.

Жамбыл ауданы
бөлiмiнiң инспекторы
Ж. Сүйiндiк-Ережепқызы

Басты тiлi — қазақ тiлi

Бұл күнде бiр нәрсе айқын: қазақ тiлiнсiз Қазақстанның болашағы жоқ. Ерте ме, кеш пе, әйтеуiр Қазақстанда қазақ тiлiнiң салтанат құратыны ақиқат және солай болуы тиiс. Олай болса, Қазақстанды ортақ Отаным деп бiлетiн әрбiр қазақстандықтың, мейлi ол қай этностың өкiлi болмасын, қандай дiндi ұстанбасын, қазақ тiлiн бiлуi шарт. Сонымен бiр мезгiлде өзiн демократиялық және зайырлы мемлекет деп жариялаған Қазақстанда осында тұрып жатқан өзге де этностардың құндылықтарын дамытуға қашандағыдай жақсы жағдай жасалатын болады. Бұған Ассамблея сессиясында Н. Назарбаевтың: «Сонымен бiр мезгiлде бiз Қазақстанда тұратын барлық этностардың ана тiлдерiн, мәдени мұралары мен дәстүрлерiн еркiн дамыту үшiн бұдан әрi қарай да барлық жағдайды жасайтын боламыз», деген сөзi айқын дәлел. Олай болса, азаматтарының теңдiгi мен еркiндiгi қамтамасыз етiлген Қазақстанда келешекте мемлекеттiк тiлдi өркендете отырып, өзге де этностарды өгейсiтуге жол берiлмейтiнiне нық сенуге болады. Сенiм — табыстың кепiлi. Сондықтан, тағы да Елбасының сөзiне жүгiнсек, «бiз қазақ тiлiнде сөйлеу қалауы әрбiр қазақстандыққа табиғи нәрсе болуы үшiн бәрiн iстеуге тиiспiз». Бұйырса ол күнге де жетермiз. Тек бұл iсте Қазақстандағы БАҚ өкiлдерi тiлдiк жiктелуге бөлiнбей, қоғамның ащы дертiн ашық айтып, ақиқаттан аттамай, белсендiлiк танытса игi болар едi.

«Қазақ» газетiнiң 1913 жылғы нөмiрлерiнiң бiрiнде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы былай деп жазыпты: «Өз тiлiмен сөйлескен, өз тiлiмен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенiң ең қуаттысы — тiл. Сөзi жоғалған жұрттың өзi де жоғалады. … Мұнан былай да осы бетiмiзбен жүре берсек, ақтығында қазақ тiлi азып-тозып, бiрте-бiрте тұтынудан шығып, әуелi қазақша жазу ұят көрiнер, сонан соң қазақша сөйлеу ұят көрiнер, онан әрi не болары белгiлi. Оқыған жастарымыз қазақ тiлiнен жиренсе, қарттарымыз мың жасауға болмаса, қазақ тiлi жан сақтайтын орын жоқ. Қазақтық әрине аты мен тiлi жоғалмаса сақталады. Осы шағын ғана тұжырымнан ұлт үшiн тiлдiң маңыздылығы, құдiретi қаншалықты екенiн сезуге болады. Құдайға шүкiр, тәңiр сыйлаған тәуелсiздiктiң арқасында жоғалып бара жатқа сөзiмiз жардың басынан қайтып, жұртымыз жаһанданудың жалынына жұтылып кеткен жоқ. Бай тiлiмiзде бұған дейiн белгiсiз болып келген талай құнды дүниелер, жауһар жәдiгерлер жарыққа шығып, мәдени мұрамыз түгенделдi. Қазiргi таңда қазақстандық қоғамның алдында тұрған басты мiндеттерiнiң бiрi — қазақ тiлiн дамытуға барынша атсалысу болып отыр. Қазақ тiлiнiң Қазақстаннан басқа дамитын, дәуiрлейтiн жерi жоқ. Мемлекетiмiздiң таңбасы «Қазақстан» болғасын, оның басты тiлi де — қазақ тiлi болуы заңды нәрсе. Ахмет Байтұрсынұлы өз мақаласында: «Егерде бiз қазақ деген ұлт болып тұруды тiлесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тiлiмiздiң де сақталу қамын қатар ойлау керек», деген ой тастапты. Рас, кешегi санақтың қорытындысы бойынша тарихи отанында жетпiс пайызға жақындап қалған қазақтардың ана тiлi — қазақ тiлiнiң сақталуына төнiп тұрған бәлендей қауiп жоқ. Дейтұрғанмен, оны толыққанды мемлекеттiк тiл дәрежесiне көтеруде тындырылуы тиiс шаруалар әлi шаш етектен. Ол баршамызға мәлiм. Елбасы белгiлеп берген қазақстандық қоғамның, оның iшiнде Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды бағыттарының бiрi ендi осы — қазақ тiлiн дамыту болып отыр. «Жұмыла көтерген жүк жеңiл», демекшi, бұл iске «ала болмай, түгел болып» кiрiссек, көздеген мақсатқа тездетiп жетуге болады.

Жамбыл ауданы
бөлiмiнiң инспекторы
Ж. Сүйiндiк-Ережепқызы

Мемлекеттiк тiл — татулық пен бiрлiктiң тiрегi

Тiл — адамдық белгiсiнiң бiрi. Тiл өте қажеттi, өйткенi тiл арқылы бiр — бiрiмiзбен әңгiмелесе аламыз. Тiлсiз мемлекет болмайды. Қазақта тiлi жоқ халықты — «тұл» деп атайды. Қазақ тiлi — «елiмiздiң мемлекеттiк тiлi» екендiгi Конституцияда заңдастырылған. Бiз хабар бiлсек оны ауызша және жазбаша түрде айтамыз, бiлдiремiз. Ауызша айтқан өте қажет. Өйткенi осылай әдебиет дамыған. Жазба ол ауызшадан да қажет. Өйткенi жазу арқылы бiз ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан қазақ халқының салт — дәстүрiн, тарихын бiлемiз. Қазақ халқының ақын, жазушылары, шешендерi өте көп. Олар қазақ тiлiнде еркiн сөйлейдi, өз ойын толық айта алады, өйткенi қазақ тiлi — өте бай тiл. Ана тiлi ана сүтiндей өте қасиеттi. Тiлсiз бiлiм жоқ, ал бiлiм — өмiрдiң шырағы. Соған орай қазақта «Бiлiм кiлтi — тiл» деген мақал бар. Бұл әдебиеттi, ғылым бiлiмдi мәдениеттi өркендетедi деген ұғым. Оған қоса мемлекеттiк тiл — татулық пен бiрлiктiң тiрегi. Тiл мен қарым қатынас бiрiккенде ғана сыйластық, достық, адамгершiлiк пайда болады. Мемлекеттiк тiлдi меңгеру елдiң бiрлiгiн бiлдiредi. Сонда мемлекетiк тiл — татулық тiрегi болды деп айтамыз. Сонымен қатар, профессор Мәшһүр Жүсiп Қуандықтың «Көркем сөз құдiретi» ғылыми — әдiстемесi, ақын М. Жаманбалиновтың «Жауқазын», Арман Қаниевтың «Ар алдында» өлең жинақтары тiл бағдарламасы бойнша шыққан кiтаптары ұлттық рухымыздың мәртебесiн көтеруге үлес қосқан болашақ ұрпақ үшiн бағасы биiк болары дауыссыз. Мемлекеттiк тiлiмiздi мейлiнше кемелдендiруге, осы күнi қаны жерге таңбай тұрған аса дiлгiр мәселе — тiлiмiздiң мәртебесiн ту етiп көтеруге қосылған үлкен үлес. Қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл ретiнде кеңiнен қолдануылына қажеттi жағдай жасауға ат салысу, оның қоғамдық аясын кеңейтуге, тiл мәдениетiн арттыруға көмек беру үшiн өткiзiлетiн мәдени — көпшiлiк шаралар оқырмандарға тiлдi оқып — үйренуге қажеттi әдебиеттермен, анықтамалық құралдар, сөздiктер, өз бетiмен оқып — үйренуге арналған тiлашар — тiлдескiш көрнектi құралдарға шолу кiтапхана жұмыстары iшiндегi ең бастысы болып табылады.

Тiлдi үйрену — өз ұлтыңды тану. Ұлттық тiлдi бiлу ұлт тiлiн, қасиетiн, мiнезiн, ой, жан — дүниесiн, сырын бiлу екенiн, халықтық мәдениет пен дәстүрдi жаңғырту болатынын естен шығармайық. Тiлдi оқулықтан үйрену өте мардымсыз болады. Бай қазынаны игеру қазақ тiлiндегi көркем әдебиеттердi оқу, ғылыми еңбектермен танысу, жазба жұмыстарын жүргiзу, күнделiктi оқу, үйрену арқылы ғана орындалады. Қазақ тiлi туған тiлiм екендiгiне өте қуаныштымын және мақтан етемiн.

Жамбыл ауданы
бөлiмiнiң инспекторы
Ж. Сүйiндiк-Ережепқызы

Инвесторларға қызмет көрсету секторы

Петропавл қаласының №1 бөлiмiнде 2016 жылдың қаңтар айында инвесторларға қызмет көрсету секторы iске қосылды. Аталған секторда кез-келген шетелдiк немесе отандық инвестор 300 аса қызмет түрiн ала алады.

Инвесторлардың мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылын жеңiлдету инвесторларға бағытталған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алу үшiн «бiр терезе» қағидатын енгiзудiң арқасында мүмкiн болды.

«Инвесторлардың қолайлығы үшiн ХҚКОда мемлекеттiк қызметтердiң негiзгi мiндеттерi инвестициялық мүмкiншiлiктер мен мемлекеттiк қызметтердегi мәселелер бойынша қабылдау және кеңес беру, мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн қажеттi құжаттарды дайындауда көмек және ресiмдеу, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтердi алу кезiнде орталық және жергiлiктi органдарда инвестициалық жобаларды сүйемелдеу бойынша болып табылатын инспекторлар көрсетедi», — дедi «ХҚКО» РМК СҚО бойынша филиалының директоры Руслан Шамшиев.

Инвесторға өзiнiң сұранымы бойынша барлық құжаттарды дайындаса болды, ал қалған барлық үрдiстi Инвесторларға қызмет көрсету секторы орындап, бақылайтын болады. Ендi барлық әкiмшiлiк сатыларды өз бетiнше өтудiң қажетi жоқ. Барлық құжаттар көрсетiлген уақытта дайын болады және инвесторға жiберiледi.

Инвесторға «бiр терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетудiң барлық процесi автоматтандырылады. Интернет жүйесiнде тiркелуге, ақпарат алуға, сонымен қатар құжаттарды жеткiзудi online режимде қарастыруға мүмкiндiк бар.

Сонымен қатар, ҚР Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Инвестициялар комитетiнде инвестор ақпараттық және кеңестiк қолдау ала алатын Call center орталығы қызмет етуде. Call center тел:
8 (7172) 75-45-40.

«ХҚКО» РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Баспасөз релизі
ХҚКО-ларда экстернмен оқуға рұқсат алуға болады

«Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанындаоқуғарұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға болады. Қызмет 15 жұмыс күнi iшiнде тегiн көрсетiледi. Бұл ретте өтiнiштi қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Экстернат нысанында оқуға өтiнiш беру үшiн тiркеу орны бойынша ХҚКО-ға жүгiну керек. Денсаулық жағдайы бойынша жалпы бiлiм берумекемелерiнде оқуға мүмкiндiгi жоқ немесе уақытша шетелде тұрып жатқан, сондай-ақ оқуын уақтылы аяқтамаған оқушылар экстернат нысанында оқи алады.

«Егер бала 18 жасқа толған болса, ол рұқсат беруге өтiнiш бере алады. Кәмелет жасқа толғанға дейiн олардың мүддесiн ата-аналары немесе заңды қамқоршылары бiлдiредi», — деп атап өтедi «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева. — Айтпақшы, уақытыңыз шектеулi болса, ХҚКО-ға кезектi электрондық үкiмет порталы арқылы брондауға болады. Бұл үшiн сiзге электрондық цифрлық қолтаңбаның керегi де жоқ. ЖСН-ды енгiзiп, қызметтi алғыңыз келетiн ХҚКО-ны көрсетсеңiз жеткiлiктi».

Қызметтi алу үшiн өтiнiштi толтыру керек, сол сияқты өзiңiзбен бiрге мынадай құжаттар болсын: дәрiгерлiк-консультативтiк комиссияның қорытындысы;1/е нысаны,  соңғы оқыған сыныбындағы үлгерiм табелiнiң көшiрмесi және көрсетiлетiн қызметтi алушының туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (2008 жылға дейiн туылған болса), сондай-ақ салыстыру үшiн түпнұсқа. Қажет болған жағдайда бiлiм алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың уақытша шетелде тұруы туралы анықтама, шетелде оқитынын растайтын құжат керек болуы мүмкiн.

 15 жұмыс күнiнен кейiн сiз ХҚКО-да экстернмен оқуға дайын рұқсатты немесе дәлелдi бас тартуды ала аласыз. Айта кетейiк, 2015 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы осындай 130 рұқсат берiлдi.

ХҚКО РМК СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

Баспасөз релизі
Бiлiм туралы құжаттарды ХҚКО-ларда апостильдеуге болады

Бiлiм туралы құжаттарға Халыққа қызмет көрсету орталықтары және электрондық үкiмет порталы арқылы апостиль қоюға болады. Бұл мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет "Қазақстан Республикасы бiлiм беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" деп аталады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет қорытындысын Астана тұрғындары 5 жұмыс күнiнен кейiн ала алады, ал басқа өңiрлердiң тұрғындары үшiн бұл мерзiм күнтiзбелiк 30 күндi құрайды. Қабылдау күнi қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Бiлiм туралы құжаттарды апостильдеу ақылы — 0,5 АЕК. Оған ақы төлеудi екiншi деңгейлi банктер және Казпочта кассасы арқылы жүргiзуге болады. Өтiнiштi портал арқылы ресiмдеу кезiнде ақы төлеу электрондық үкiмет шлюзi арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға өтiнiш беру үшiн өзiмен бiрге жеке басын куәландыратын құ

Мақаланың шыққан күні: 29.08.2017 16:22

Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.12.2018 12:32

СҚО Жамбыл ауданы әкiмi
Турков Иван Иванович

Промышленная Революция 4.0

Желтоқсан 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасыБолашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2018 Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+