Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Қасиетті орындар

Қысқаша анықтама: Қазақ әдебиетiнiң классигi, ақын, қоғам қайраткерi, академик Сабит Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражай үйi Жамбыл ауданы Сабит ауылында орналасқан.

Сабит аулындағы мұражай Сабит Мұқановтың ағасының үйiнде орналасқан. Осы ауыл көпесiнiң ағаштан салынған үйiн Благовещенка ауылында С. Мұқанов өзi сатып алып, оны 1958 жылы Сабит ауылына апарылған. 1959 жылы бұл үй құрастырылған, оған Сабит Мұқанов пен оның немере ағасы Ш. Мұстафин қатысқан.

Мұражай қарағай бөренелерiнен жасалған бiрқабатты ағаштан салынған ғимарат болып табылады. Оның ауданы 180 шаршы метр, ол 5 бөлмеден тұрады: жатын бөлме, қонақ үй, зал, ас үй, ауыз үй. Мекен территориясында 247 шаршы метрдi құрайтын саябақ бар, онда жаз күркесi орналасқан. 1990 жылы осы үйде мемориалдық мұражай аышлды, оның экспозициясы қазақтың атақты жазушысының өмiрi мен шығармашылығын баяндайды.

Жалпы мәлiмет

Қысқаша анықтама:Ғабит Мүсiрепов атындағы мұражай-үйi 1992 жылы 8 тамызда жазушының 90-жылдық мерей тойына қарсы туған ауылында яғни, Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жаңажол ауылында ашылды. Бөлме меңгерушiсiнiң және бөлмелердiң көлемi 24-16 м., музей алдында жазушыға қойылған ескерткiш бар. Музейде 419 жәдiгер сақталған. Олар жазушының жеке заттары, фото-суреттерi, хаттары, қол жазбалары, кiтаптары және музейге тарту етiлген сыйлықтар. Экспозициялық залда киiз үйден көрiнiс қойылған, онда қазақ халқының тұрмыстық заттары экспантталған. Мұражайдың негiзгi мақсаты: Жазушының тарихи-мәдени мұрасының сақталуын қамтамасыз ету.

Ұлпан ескерткiшi

Қысқаша анықтама: Ұлпан Артықбайқызы (1828-1878 ж.). Тарихи ескерткiш 2012 жылы орнатылған.

Орналасқан жерi: Жаңажол ауылынан 3 шақырым жерде орналасқан Жамбыл ауданы, Солтүстiк Қазақстан облысы.

Ғабит Мүсiреповтiн «Ұлпан» романның бас кейiпкерi.

Аңызы: Ғабит Мүсiрепов бүгiнгi Солтүстiк Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңа жол ауылында 1902 жылы 9 (22) наурызда дүниеге келген. Орта жүз, руы керей. Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат танып, жастайынан әуелi екi жылдық ауылдық орыс мектебiн, кейiн төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебiн бiтiредi.

Орыс мектебiнде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып бiлуi, ауыл мектебiнде өзiн оқытқан әдебиетшi мұғалiм Бекет Өтетiлеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септiгiн тигiзедi.

Орынбордағы рабфакта оқып жүргенде ол әдеби бiлiмiн, эстетикалық сезiмiн одан сайын жетiлдiре түседi. Осында өткiзген 1923-26 жылы Орынбордағы жұмысшы факултетiнде Сәбит Мұқановпен бiрге оқыды дәне Сәкен Сейфуллинмен танысты.

1927 жылы Омбы ауылшаруашылығы интернатын бiтiрдi;

1927-28 жылы Бурабай орман шарушылық техникумында оқытушы;

1928-32 жылдары Қазақ мемлекеттiк баспасының бас редакторы;

1933 жылы — Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушiсi;

1934 жылдан «Қазақ әдебиетi» және «Социалистiк Қазақстан» (қазiргi «Егемен Қазақстан») (1935) газеттерiнде бас редактор;

1936 жылы — Қазақ Өлкелiк комитетiнде баспасөз бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары;

1937 жылдан Қазақстан Компартиясы саяси-ағарту бөлiмiнiң меңгерушiсi;

Орналасқан жерi: СҚО, Жамбыл ауданы, Благовещенка ауылы.

Қысқа анықтама: Қожаберген қазiргi Солтүстiк Қазақстан облысына қарасты Жамбыл ауданы Благовещенка ауылының жанында қазiр Богдановка деп аталатын Күлтөбе деген жерде дүниеге келген. Әкесi Толыбай сыншының (1603-0680) кезiнде Барлық Орта жүздiң әскерiн басқарған атақты батыр болған.

Қожабергенжырау (1663-1763) — ақын, сазгер, батыр, қолбасшы. Тәуке ханның серiктесi, 25 жасынан ханның барлық әскерiн басқарған. Тәукенiң «Жетiжарғы» заңыншығаруға қатысып, қазақ халқының қоғамдық, әлеуметтiк жағдайы туралы баяндайтын «Жетi жарғы» тарихы дастанын жазған. Сондай-ақ ол көп жылдар бойы халық әнi болып есептелген «Елiм-ай» әнiнiң авторы. «Елiм-ай» Қожабергеннiңең әйгiлi және басты шығармасы.

Қысқаша анықтама: И.П. Шуховтың әдеби-мемориалдық музей үйi.

(Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң тиiстi қаулысын қабылдаудан кейiн) жазушы ұзақ жылдарбойы тұрып, қызмететкен үйiнде 1981 жылы 21 желтоқсанда құрылған. Бұл үй 1942 жылы И.П. Шуховтыңөтiнiшiбойынша Пресновка ауылында Питное көлiнiң жағалауын дасалынған. Бұл мансардасы бар кеңбiр қабатты құрылыс болып табылады, үй жергiлiктi маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткiшi болып саналады. Ғимараттың жалпы ауданы 117 шаршы м., олардың 104 шаршыметрiн экспозициялар алыпжатыр.

Осыдан басқа мекен аумағында көлжағасындағы үй және 137,9 шаршы м. аумақты алып жататын әкiмшiлiк ғимараты орналасқан, онда жазушының ауылдастары мен туыстары жинаған экспонаттар мен құжаттар сақталуда.

Әйелдер монастырi

Жамбыл ауданы Пресноредуть селосында Архистратиго-Михайловка әйелдер монастырi орналасқан. Пресновка селосынан шамамен 60 км. жерде.

Оның негiзiн қалаған есаула Алексей Казинның жесiрi — Анна Васильевна Казина. Ол өзi жиғанын және жерiн берiп, монастырдың негiзiн қалаған. Жақсы ұйымдастырылған және шаруашылығы жақсы орналастырлған үлкен әйелдер монастырi болған. Оның аумағында көптеген құрылыстар болған.

Олардың арасында кельями үйi, тоқыма және икон жазатын шеберхана, қажылыққа бара жатқан адамдарға қонақ үй. Монастырь көлге жақын орналасқандықтан, жергiлiктi тұрғындарды балықпен қамтамасыз еткен.

Монастырьдiң жәбiрленушiлерiмен мұнда шағын қосалқы шаруашылық түрiндегi жел диiрменi, ұстахана, күймелiк және кiрпiш шеберхана ұйымдастырылды. Монастырь шағын жеке мемлекет болды. Қауiпсiздiктерi үшiн олар биiк қоршаумен және ормен қоршаған. Iшiнде дiн қызметшiсiнiң ағаш және тас екi ғибадатханасы болған.

Жоталардың түрiн ашатын 1897 жылы монастырь құрылысы үшiн, өте әдемi — терең көлдi, орманды даланы таңдалған.

Архистратиго-Михайлов әйелдер монастырiнiң бастығының шоқынғаны және азап өлiмi оның ерлiгi бiздiң есiмiзде қалады. Оның

Құдайға, халыққа және бiздiң Православиелi Отанға шексiз қызмет еткенi үшiн.

Мақаланың шыққан күні: 23.04.2018 11:58

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.04.2018 12:12

СҚО Жамбыл ауданы әкiмi
Әбiшев Мұратбек Жапасұлы

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+