Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Кәсіпкерлік

«Қарапайым заттар экономикасы» жобалық алқасы: бизнестiң барынша атсалысуы және бюрократияға жол бермеу

«Атамекен» алаңында «Қарапайым заттар экономикасы» жобалық алқасының алғашқы отырысы өттi.

Жиын «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрi Роман Склярдың төрағалығымен өттi. Жиынға бейне-конференция арқылы өңiрдегi Жобалық алқалардың өкiлдерi қатысты.

Жиынды ашқан Абылай Мырзахметов басым жобаларды жеңiлдiкпен несиелеу бағдарламасына қатысу шарттары жайында кәсiпкерлердi жан-жақты ақпараттандыру қажеттiлiгi туралы мәлiмдедi.

«Бизнестiң барынша осы жобаға атсалысуы бiз үшiн маңызды. Сондықтан осы бағытқа басымдық беру қажет. «Атамекен» өңiрлерде бағдарламаны түсiндiру, несиелеу мөлшерлемелерi және субсидиялау шарттарын талқылау бойынша жұмысты бастап кеттi. Елбасы тапсырмасы бойынша мұндай жұмыс алғаш рет жүргiзiлiп жатыр, сондықтан бизнеске барынша ақпаратты жеткiзу, ал бизнестiң бағдарламаға белсендi атсалысуы өте маңызды», — дедi Абылай Мырзахметов.

Бағдарламаны жүзеге асыруда бюрократияға жол бермеу керек, деп мәлiмдедi ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрi Роман Скляр.

«Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлiк қоғамымен бiрлесiп, бiз жеңiл өнеркәсiп тауарлары, жиһаз өнеркәсiбi және құрылыс материалдар өндiрiсi бойынша Жол карталарын әзiрледiк. Қазiр машина жасау саласының жол картасын құру бойынша жұмыс жүрiп жатыр. Әкiмдiктер мен бағдарламаға қатысушылар арасында қандай да бiр түсiнiспеушiлiк пен кедергiлерге жол бермей, оларды алдын алып, осы жобалық алқада шешiп отыруды ұсынамын. Ол үшiн бiз бизнес өкiлдерiмен апта сайын кездесiп, күн тәртiбiндегi барлық мәселелердi тiкелей талқылайтын боламыз. Жобалық алқаның шешiмi — соңғы шешiм екенiн түсiну керек», — дедi Роман Скляр.

Өңiрлердегi өкiлдердiң хабарлауынша, кәсiпкерлер де Бағдарламаға қатысуға қызығушылық танытуда. Шығыс Қазақстан облысында агроөнеркәсiптiк кешен, туризм, жеңiл өнеркәсiбi және жиһаз өнеркәсiбi салаларынан бағдарламаға қатысуға 24 кәсiпорын өтiнiм бердi, 2 жоба банктiң мақұлдауын өтiп жатыр. Шымкентте Жобалық алқаның бiр апталық жұмысының нәтижесiнде кәсiпорындардан жалпы сомасы 39 млрд. теңгеге 39 өтiнiм келiп түстi. Оның iшiнде 26 өтiнiм жобаны әзiрлеу кезеңiнде, 4 жоба банк қарауына жiберiлдi, 4 жоба — бизнес-жоспар құру кезеңiнде.

Естерiңiзге салсақ, облыс деңгейiндегi жобалық алқалар Өңiрлiк кәсiпкерлер палаталары жанында әкiмдiктер, банктер, «Даму» қорының филиалдары, бизнес-қоғамдастықтардың қатысуымен жұмыс iстеп жатыр.

Бағдарламаға қатысуға ниет танытқан кәсiпорындар арасында сауалнама жүргiзу — Жобалық алқа жұмысының маңызды кезеңi болмақ. Сауалнама банктер өтiнiшiн мақұлдамаған компанияларды анықтауға және саладағы өзектi мәселелердi бiлуге мүмкiндiк бередi.

«Әр апта сайын ақпаратты жинақтап, бизнеспен талқылайтын боламыз. Кәсiпорындарға қолданыстағы бағдарламалар аясында қолдау шараларын түсiндiремiз. Жұмыс сапарымен өңiрлерге барып, кәсiпкерлермен кездестiк. Бизнес өсiп, кеңейгiсi келедi, алайда екiншi деңгейлi банктердiң кепiлдiкке қатысты талабы әлi де өзектi. Кәсiпкерлердiң жобалары толық жүзеге асқанша барынша сүйемелдеп отыруға мүмкiндiк те бар», — дедi «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Басқарма төрайымы Дана Жүнiсова.

Кәсiпкерлер Бағдарламаға қатысты ақпаратты, сондай-ақ қажеттi кеңестi Өңiрлiк кәсiпкерлер палатасы жанында құрылған Жобалық алқадан алуына болады.

Естерiңiзге салсақ, биыл Елбасының тапсырмасымен халық тұтынатын тауарларды, сондай-ақ шикiзат және бастапқы өңдеу өнiмдер өндiрiсiн қолдауға Үкiметтен 600 млрд. теңге бөлiндi. Атап айтқанда, бұл қаражат өңдеу өнеркәсiбi, агроөнеркәсiп кешенiн дамыту мен қолдауға бағытталады.

Айта кетелiк, Бағдарлама аясында дайын өнiм өндiрiсiне ғана емес, сондай-ақ қажеттi шикiзат және бастапқы өндеу өнiмдерiн шығаруға қолдау көрсетiледi.

Қазiргi таңда Бағдарлама жұмысына екiншi деңгейлi 9 банк қосылды. Қаржыландыруға қол жеткiзу үшiн кәсiпкер банкке өтiнiм жiберiп, бизнес жобаны бағалау және мақұлдау процедураларынан өтiп, «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қорына жүгiнуi қажет.

Отбасылық сүт фермаларын қаржыландыру сомасы 155 млн. теңгеге дейiн өстi

Астана қаласы 2019 жылғы 27 ақпан

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» жүзеге асырып жатқан «Ырыс» бағдарламасы бойынша сүттi мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары 155 млн. теңге ала алады. Қуаттылығы 100 мал басына арналған отбасылық тауарлы сүт фермалары мал, жабдықтар мен техниканы сатып алады. Сондай-ақ, мал азық, жанармай сатып алуға, құрылыс-монтаж жұмыстарын өткiзуге қажеттi айналым капиталын толықтыруға мүмкiндiк бар.

Ақпан айында Қор «Ырыс» бағдарламасы бойынша несиелендiру шарттарын өзгертуге шешiм қабылдады.

Әлеуеттi қарыз алушы ала алатын сома 85 миллионнан 155 миллион теңгеге дейiн көтерiлдi, — дейдi «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ несие департаментiнiң директоры Геррард Бааль. — Сонымен қатар, несие мерзiмi 12 жылға дейiн ұзартылды, бұрын несиелер 10 жылға берiлетiн. Мал, техника мен жабдықты сатып алу бойынша пайыздық мөлшерлеме жылдық 16% құрайды, жылына 10% мемлекет субсидияланады. Тиiмдi мөлшерлеме жылына 6,4%-дан басталады.

Бұдан басқа, «Ырыс» бағдарламасының кепiлдiкпен қамту талаптары өзгердi. Бұрын кепiлдiкке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкi қойылатын болса, қазiр кепiлге болашақта несие қаржысынан сатып алынатын мүлiк — мал, техника, құрал-жабдықтар алынады.

Кепiлдiк құрылымы келесiдей болуы мүмкiн: 25%-на дейiн қолданыстағы жылжымайтын мүлiк ұсынылуы тиiс. Қалғаны — несиелiк қаражаттан сатып алатын мүлiкпен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.

Бағдарлама басталғаннан берi Қор 114 отбасылық тауарлы сүт фермасын құру және кеңейтуге 4,4 миллиард теңге бағыттады. Несиелiк қаражаттың көмегiмен сүт бағытындағы 8 703 мал басы сатып алынды.

«Ырыс» бағдарламасы бойынша кеңес алу үшiн облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Семей қалаларында орналасқан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» филиалдары мамандарымен байланысу қажет.

Сонымен қатар, 8 800 080 3505 тiкелей желi бойынша қоңырау шалу арқылы алдын-ала кеңес ала аласыз (Қазақстан бойынша қоңырау тегiн). Қосымша ақпаратты www.kazagro.kz/web/fond сайтынан алуға болады.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ — «ҚазАгро» холдингi құрамына кiретiн мамандандырылған қаржы-несиелiк ұйым. Қордың негiзгi мiндетi — ауыл халқының қаржылық қызметтер мен ресурстарға қолжетiмдiлiгiн арттыру болып табылады.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметi

Тел. 8/7172/678 250 (iшкi 109), e-mail: pressa@fagri.kz 

Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының «Бастау-Бизнес» субъектiсiнiң 1 қатысушысын тестiлеу нәтижелерi бойынша хаттама (ZIP 1533 Kb)

Тимур Құлыбаевтың он қадамы (ZIP 928 Kb)

Өз iсiн ұйымдастыруға және дамытуға, кредиттеуге, субсидиялауға, салық салуға қатысты мәселелер бойынша мына телефон арқылы жүгiнудi сұраймыз: 8715-44-2-12-93 «СҚО Жамбыл ауданы кәсiпкерлiк бөлiмi» КММ.

Бөлiм басшысы: Каторженко Владимир Иванович

Бас маманы: Смагулова Агата Игорьевна

Жетекшi маман: Бос орын

Электрондық мекен жай: Pred-zhambyl@sko.kz

Ресми интернет-ресурс: http://op-zhb.sko.gov.kz

ЖШС «Дания 2014»

  • Кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерi үшiн тарифi есептеу аспаптарымен 752,80 теңге/м. куб.

2018 жылғы 1 қаңтарынан бастап электр қуаттың тарифтерi туралы тұтынушыларға арналған ақпарат ТОО «Севказэнергосбыт»

ҚР Ұлттық Экономика министрлiгi Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Департаментiнiң 2017 жылғы 29 желтоқсанындағы №01-30/04/1661 хатының негiзiнде электр қуатын (электрмен жабдықтау) бөлшектеп өткiзу бойынша қызмет бағасы 2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап электр қуаттын бөлшектеп өткiзу қызметiнiң босату тарифi:

  1. Жеке тұлғалар үшiн ҚҚС есебiмен 13,59 теңге/кВт. сағ. мөлшерiнде.
  2. Заңды тұлғалар үшiн ҚҚС есебiмен 16,32 теңге/кВт. сағ. мөлшерiнде.

ҚР Ұлттық Экономика министрлiгi Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Департаментiнiң 2017 жылғы 29 желтоқсанындағы №01-30/04/1673 хатының негiзiнде 2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап тұтыну мөлшерiне байланысты электр қуаттың бөлшектелген тарифтерiн құрайды:

Жеке тұлғалардың тұтыну мөлшерiне байланысты электр қуаттың бөлшектелген тарифтерi

1 деңгей

Электр плиталарын қолданбайтын жеке тұлғалар үшін электр қуаттың тұтыну мөлшері 70 кВт.с. дейін 1 адамға айына ҚҚС есебімен 12,09 тг./кВт.с. Электр плиталарын қолданатын жеке тұлғалар үшін электр қуаттың тұтыну мөлшері 90 кВт.с. дейін 1 адамға айына ҚҚС есебімен 11,00 тг./кВт.с.

2 деңгей

Электр плиталарын қолданбайтын жеке тұлғалар үшін электр қуаттың тұтыну мөлшері 70 кВт.с. жоғары 150 кВт.с. дейін 1 адамға айына ҚҚС есебімен 16,30 тг./кВт.с. Электр плиталарын қолданатын жеке тұлғалар үшін электр қуаттың тұтыну мөлшері 90 кВт.с. жоғары 170 кВт.с. дейін 1 адамға айына ҚҚС есебімен 16,30 тг./кВт.с.

3 деңгей

Электр плиталарын қолданбайтын жеке тұлғалар үшін электр қуаттың тұтыну мөлшері 150 кВт.с. жоғары 1 адамға айына ҚҚС есебімен 20,37 тг./кВт.с. Электр плиталарын қолданатын жеке тұлғалар үшін электр қуаттың тұтыну мөлшері 170 кВт.с. жоғары 1 адамға айына ҚҚС есебімен 20,37 тг./кВт.с.

Аймақтық кәсiпкерлiктi қолдау картасы

«Қазақстанның үшiншi жаңғыртылуы: ғаламдық бәсекеге қабiлеттiлiк» Н.Ә. Назарбаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында: экспорттық өндiрiстердi индустрияландыру бәсекеге қабiлеттi назар аудара отырып, қажеттiгi бойынша және шетелдiк инвестицияларды тарту бойынша басшылықты сақтау туралы атап өттi.

1. Кәсiпкерлiк өнеркәсiбiнде өнiмдерiн қайта өңдеу қамтамасыз ету мақсатында «Династия Агро» ЖШС басшысы Кан И.В. Благовещенка селосының ауыл шаруашылық өнiмдермен өңдеу үшiн жоба бөлiмiнiң екiншi кезеңiн жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

2016 жылдың желтоқсан айында iске асырылған бiрiншi кезеңiн жүзеге асырылуда, 25 млн. теңгеге жабдықтар сатып алынды және орнатылды 5 жұмыс орын құрылды. 2017 жылдан бастап «Династия Агро» ЖШС 32 тонна өсiмдiк майы өндiрiлдi, оның iшiнде 20 тонна экспортқа Қытайға жiберiлдi.

Айналым капиталының өндiрiсiн (тұқым зығыр, ыдыс) кеңейту және 0,5 л, 1 л, 1,5 л көлемi ыдысқа май өндiрiсiн контейнерге құю үшiн 27,5 млн. теңге сомасына сатып алуға, инвестициялау және 3 мың тонна жылына толық қуатқа шығу жоспарлануда, қосымша 5 жұмыс орын құру.

«Бизнес жол картасы-2020» бизнестi дамыту бағдарламаның шеңберiнде, ӨҮК бойынша кұжаттар берiлдi. Өңiрлiк кәсiпкерлiктi қолдау картасына енгiзуi жоспарланып отыр.

Солтүстiк Қазақстан облысы Кәсiпкерлер палатасының Жамбыл аудандық филиалы

Директор — Әбілмажинов Олжас Жамбылұлы

Жамбыл ауданының Кәсiпкерлер палатасының филиалы «2020 бизнес жол картасы» бизнесiн дамыту және Бiрыңғай қолдау бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде кәсiпкерлiк қолдау Орталықтарында бизнес субъектiлерiнiң қолданыстағы мемлекеттiк бағдарламаларын қолдау жөнiнде кәсiпкерлiк бастамашылығы бар және кәсiпкерлермен халыққа кеңес ұсынады.

«2020 бизнес жол картасы» бағдарламасы шеңберiнде барлық шағын және орта бизнес субъектiлерiне келесi сервистiк қызмет түрлерi көрсетiледi:

  1. Бухгалтерлiк және салық есебiн жүргiзуге, сондай-ақ статистикалық есептiлiктi жасауға байланысты қызметтер.
  2. Кедендiк рәсiмдер бойынша қызметтер.
  3. Менеджмент жүйелерiн енгiзу бойынша кеңес беру және бүкiл процестi толық сүйемелдеу.
  4. Заңды қызметтер көрсету.
  5. Маркетинг мәселесi бойынша қызметтер.
  6. Ақпараттық технологиялар саласында кеңес ұсынады.
  7. Мемлекеттiк сатып алуға, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуға байланысты қызметтерi.
  8. Менеджмент мәселесi бойынша қызметтер.

Пресновка ауылы Дружба к-сi, 1а, №13 каб. Жамбыл ауданының Кәсiпкерлiктi қолдау орталығына өтiнiш бiлдiрiп, кеңес алуға болады, тел. 79015.

Кәсiпкерлiктi қолдау бағдарламаларының және шараларының тiзiлiмi

Кәсiпкерлiк субъектiлерiне жаднама

2014-2018 жылдарға арналған кәсiпкерлiктi дамыту картасы

Өндiрiстiк өненркәсiптегi ШОБ қолдау бағдарламасы

Өндiрiстiк өнеркәсiпте бағдарламаны қаржыландыру жобасы бойынша жылдық 6% несиенi қалай алу. 13 банктердiң бiрiне жаңа өтiнiммен немесе қайта қаржыландыруды жүзеге асу несиесi.

  1. Банк талап еткен пакет құжаттарын ұсыну. Банк менеджермен бiрге ОКЭД кодын анықтау, несиелеу жобаға сәйкес келуiне байланысты.
  2. Қажет еткен жағдайда: несие беру туралы оң шешiмдi алғаннан кейiн, 20% несие құны көлемiнен кепiлдiк алу үшiн, несие комитеттi шешiмiнiң көшiрмесiн «Даму» қорынан берудi сұрау.
  3. Негiзi несие қызметi ШСОК:
  • Нысаналы топтар — шағын субъектiлер және орта кәсiпкерлiк *(ШСОК),өндiрiстiк өнеркәсiп саласында өздерiнiң жобаларын iске асыру, жылдық номиналдық ставка сыйақысы — 6,0% жылдықтан көп емес;
  • несиелеу мерзiмi — 120 айға дейiн;
  • Қаражатты нысаналы пайдалану: «НУХ «КазАгро» АҚ және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң сауықтыру бағдарламасы, «Даму Өңдiрiс» бағдарламасы, Бизнес жол картасы-2020 бағдарламасы, кәсiпкерлiк қолдау қаржылық бағдарламасына қатыспайтындар, қолданыстағы қарызды қайта қаржыландыру; жаңаны иелену, негiзгi қаражаттарды құру және модернизациялау, қаржыландырдың басымдылығы- заемщиктiң соңғы қаржыландыру жобалары, экономика саласында iске асыру, 10 бөлiмге сәйкес (Азық-түлiк өнiмдерi) және 11.06 және 11.07 классына. 11 бөлiм (Сусын өнiмдерi) секции С (Өндiрiстiк өнеркәсiп).
  • ШСОК бiреуiне ең жоғарғы лимитi қаржыландыру — 1 850 млн. тенгеден көп емес;
  • жеңiлдiк кезең бойынша сыйақыны өтеу — 18 айға дейiн

Ауданның кәсiпкерлiк бөлiмi

Мұрағат 2015 жыл

Мақаланың шыққан күні: 29.08.2017 10:14

Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.05.2019 10:55

СҚО Жамбыл ауданы әкiмi
Әбiшев Мұратбек Жапасұлы

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+