Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мемлекеттік мекеме туралы ереже

Аудан әкімдігінің
2010 жылдың 04, ақпанындағы
№ 20 қаулысымен
бекітілген

«Жамбыл ауданы әкімдігінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Жамбыл ауданының әкім аппараты (ілгеріде-Аппарат) аудан әкіміне тікелей бағынышты және есеп беруге міндетті, әкімнің және аудан әкімдігінің қызметін, ақпараттық-сараптау, ұйымдастыру-құқықтық және материалды-техникалық жабдықтауды қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

2. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен және нормативтік-құқықтық актілерімен, сонымен қатар, осы Ережемен жүзеге асырады.

3. Аппарат мемлекетті мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің мемлекеттік тілдегі мөрі және мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігіндегі қазынашылық органдарында есеп шоттары бар.

4. Аппарат өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға шыға алады.

Аппарат заңнамаға сәйкес, оған уәкімдік берсе мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға шығуға құқысы бар.

5. Аппараттың ережесі, құрылымы және штаттық санының лимиті аудан әкімдігімен бекітіледі.

6. Аппараттың филиалдары мен өкілдігі жоқ.

7. Аппараттың құрылтайшысы аудан әкімдігі қатысатын мемлекет болып табылады.

8. Осы Ереже Аппараттың құрылтайшылық құжаты болып табылады.

9. Аппараттың қызметі аудандық бюджеттен қаржыландырылады.

10. Осы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.

11. Аппараттың толық атауы: «Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

12. Аппараттың заңды мекен-жайы: 150600, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка селосы, Дружба көшесі, 10.

13. Аудан әкімі аппаратының қызметі болып табылатын міндеттерді орындау аясында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға шығуға тыйым салынады.

Егер, аппаратқа заңнамалық актілермен кіріс түсіретін қызметті жүзеге асыратын құқық берілсе, осындай қызметтен түскен кіріс мемлекеттің бюджеттік кірісіне беріледі.

2. Аппараттың құқықтары және мәні, мақсаттары, қызметтері

14. Аудан әкімнің және әкімдігінің қызметін қызметінде, ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру Аппарат қызметінің мәні болып табылады.

15. Аппараттың негізгі мақсаттары:

1) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орындардың қызметтерін үйлестіру;

2) облыстық әкімдікпен, мәслихатпен, құқық қорғау органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өз ара қарым-қатынастарды қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес апаратқа жүктелген басқа да мақсаттарды орындау болып табылады.

16. Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларына сәйкес келесі қызметтерді атқарады:

1) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, облыс және аудан әкімдерінің шешімдерін, өкімдерін, облыс және аудан әкімдерінің қаулыларын ұйымдастыруды және орындалуын қамтамасыз ету;

2) мемлекет Басшысының, Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Әкімшілігінің және Премьер-Министрі Кеңсесі Басшыларының, облыс және аудан әкімдігі қаулыларының, облыс, аудан әкімінің шешімдерін және өкімдерін, актілерін, тапсырмаларының орындалу мерзіміне бақылау жасау;

3) әкімдіктің және аудан әкімінің актілерін даярлау және орындау процессінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

4) аудан әкімінің және оның орынбасарларының қызметін құжаттамалауды қамтамасыз ету және қызмет жасау, іс қағаздарын жүргізу;

5) өз құзіретінің шегінде аудан әкімі аппаратының жұмыс регламентін сақтауды қамтамасыз ету;

6) әкімнің, әкімдіктің және аудан әкімі аппаратының сот органдарында мүдделерін қорғау және ұсыну;

7) аудан әкімі аппаратында іс қағаздарын ұйымдастыру және жүргізу, соның ішінде құпия, арнайы байланыс, корреспонденцияларды өңдеу, нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес қамтамасыз ету;

8) хаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру;

9) қызметтік құжаттарды қарастыру;

10) аудан әкімімен, олардың орынбасарларымен және аппарат басшысымен ұйымдастыру;

11) аудан әкімдігі мүшелерінің ұсынысы бойынша аудан әкімдігінің отырыстарында қарау үшін аудандық бюджеттен қаржыландырылатын органдары басшыларының материалдарды даярлау, күн тәртібін құру, тоқсан сайынғы сұрақтар тізімін даярлауды ұйымдастыру;

12) аудан әкіміне және орынбасарлары үшін ауданның әлеуметтік- экономикалық даму жағдайын сипаттайтын материалдарды даярлау;

13)әкімнің және аудан әкімдігінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

14) атқарушы биліктегі органдардың өз ара іс-қимылдарын ұйымдастыру,

15) аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін, әкімдіктің қаулыларын және әкімдік отырыстарының хаттамаларын уақытында рәсімдеу, оларды тарату және сақтау;

16) әкімдіктің және аудан әкімінің актілерін сақтау, есепке алу, жүйелендіру және кодификациялау;

17) аудан әкімінің құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттік органдармен қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресу, құқықтық тәртіпті, заңнамалықты және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының қорғанысын және қарулы күштердің қызметін ұйымдастыру;

18) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан республикасының Заңдарын, Президенттің, Үкіметтің және Қазақстан республикасы Премьер-Министінің актілері мен тапсырмаларын, әкімдіктің қаулыларын, облыс, аудан әкімінің қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен күрес, мәселелері бойынша шешімдері мен өкімдерін орындау бойынша құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және өз ара іс-қимылдарын қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті, заңнамалықты және ұлттық қауіпсіздікті, Қазақстан Республикасының қорғанысын және қарулы Күштер қызметін ұйымдастыру;

19) әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдерін және өкімдерінің жобасын құқықтық талдауды жүзеге асыру, әкімнің және аудан әкімінің нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу;

20) жалпы құқықтық оқытуды өткізуді ұйымдастыру;

21) «Мемлекеттік қызмет туралы», Қазақстан Республикасының еңбек кодексі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес кадрлық жұмыстарды өткізу;

22) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсыну үшін сәйкес құжаттарды даярлау, наградтық құжаттарды рәсімдеу, марапатталатындар туралы мәліметтер банкін қалыптастыру;

23) аудан әкімімен тағайындалатын және олармен келісетін лауазымдардың тізіміне енетін кадрларды оқытуды және қайта даярлауды ұйымдастыру;

24) аудан әкімімен тағайындалатын және олармен келісетін кадрлар құрамы ұсыныстар енгізу, зерделеу, даярлау және оларға кадрлар резервін қалыптастыру;

25) Президентпен, Үкіметпен, Қазақстан Республикасының Парламентімен, сонымен қатар, облыс, ауданның жергілікті атқарушы органдарымен жүргізілетін мемлекеттік саясатты түсіндіруді және насихаттауды ұймдастыру және нақты іс жүзінде орындалуы үшін іс-шаралар қолдану;

26) оған заңнамалық түрде жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асыру.

17. Аппарат оған жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру және өз қызметтерін орындау үшін белгіленген заңнамалық тәртіпте:

1) әкімдіктің және аудан әкімінің құзіреті бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті, ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрауға және алуға;

2) өз құзырының мәселелері бойынша, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы бөлімдердің басшыларына қажетті тапсырмалар беру;

3) мемлекеттік басқару органдарымен және басқа ұйымдармен сәйкес аумақта басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өз ара іс-қимыл жасау;

4) әкімдіктің және аудан әкімінің қабылдаған актілері бойынша келісімді қамтамасыз ету;

5) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметі актілерінің, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларының, облыс және аудан әкімдігінің шешімдерінің және өкімдерінің орындалуын жүзеге асыру және бақылау жасау;

6) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқа да құқықтары мен қызметтерін жүзеге асырады.

3. Аппараттың қызметін ұйымдастыру

18. Аппаратты басшы басқарады, ол осы лауазымға аудан әкімімен тағайындалады және тікелей оның жетекшілігімен жұмыс істейді.

19. Әкімдікпен бекітілген аппараттың құрылымына келесі құрылымдық бөлімшелер енгізіледі:

1) ұйымдастыру-бақылау және кадрлар жұмысы бойынша құрылымдық бөлімше;

2) жалпы мәселелер бойынша құрылымдық бөлімше.

Құрыдымдық бөлімшелерді қолданыстағы заңнамаларға сәйкес аппарат басшысының ұсынысы бойынша аудан әкімімен тағайындалатын және қызметінен босатылатын басшылар басқарады.

20. Аппарат басшысы:

1) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Аппаратты басқарады;

2) Аппараттың жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, Аппаратқа жүктелген қызметтер мен тапсырмалардың орындалуына тікелей жауап береді;

3) аудан әкімінің келісімімен Аппараттағы ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

4) Аппараттың құрылымдық бөлімшелеріне жалпы басшылық жасайды және қызметін үйлестіреді, олардың ережелерін бекітеді, Аппарат бөлімшелерінің міндеттерін және басшыларының өкілеттігін анықтайды;

5) аудан әкіміне тағайындау, лауазымынан босату мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, ауданның жергілікті атқарушы органдарының басшыларын, селолық округтердің әкімдерін, Аппарат қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартуға ұсыныс жасайды;

6) Аппаратта, селолық округтердің әкім аппаратарында, ауданның атқарушы органдарында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;

7) Аппараттың қызметкерлеріне міндетті түрде орындау үшін тапсырмалар береді;

8) әкімдіктің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдерінің және өкімдерінің жобаларын әкімге қол қоюға ұсынады;

9) қабылданған әкімдіктің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдерінің және өкімдерінің жобаларын әкімге қол қоюға ұсынады;

10) қолданыстағы мемлекеттік қызмет және еңбек заңнамаларына сәйкес Аппараттың кадрлық жұмысына бақылау жасайды;

11) Аппараттың құзырының шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;

12) нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын, бағдарламалар мен басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу үшін жұмыс топтарын құрады;

13) Аппараттың ақшадай қаржысын басқарады, қаржылық құжаттарға қол қояды;

14) әйелдер мен еркектердің мүмкіндіктерін тең құқықта және тең мүмкіншілікте ұстаудың мемлекеттің кепілдік заңнамасын сақтауды қамтамасыз етеді;

15)Аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауға тікелей жауапты;

16) заңнамаларға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

21. Аппарат басшысының қызметте болмаған уақытында оның міндеттерін ұйымдастыру-бақылау және кадрлар жұмысы құрылымдық бөлімшесінің басшысы немесе аудан әкімінің белгілеген тұлғасы атқарады.

22.Аппараттың қызметкерлері:

1) өздерінің еңбектегі мідеттерін абыройлы орындауға;

2)еңбек тәртібін сақтауға;

3) мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарауға;

4) еңбектік міндеттерді орындауға байланысты оған белгілі болған қызметтік немесе басқа да заңмен қорғалатын жасырын, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді жұртқа жаймауға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген басқа да міндеттерін сақтауға мндетті.

23. Аппарат қызметкерлері мына құқықтарға ие:

1) қауіпсіздікке және еңбекті қорғауға;

2) еңбек, ақыны уақытында және толық көлемде төлеуге,

3) демалуға, соның ішінде жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына шығуға;

4) бірлесуге, кәсіби одақ құру құқығын қоса басқа да бірлестіктерге бірігуге, сонымен қатар, өз еңбек құқықтарын қорғау және ұсыну үшін оларда мүше болуға;

5) кәсіби даярлыққа, қайта даярлауға және өз біліктіліктерін арттыруға;

6) қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орынына;

7) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асырады.

4. Аппараттың мүлігі

24. Аппарат негізгі қордан, айналымдағы қаражаттан, сонымен қатар Аппараттың балансында құны көрсетілген басқа мүліктерден тұратын оңашаланған мүлікті шұғыл басқаруға құқығы бар.

25. Аппарат оған мемлекетпен берілген мүлік есебінде қалыптастырылады, және ауданның коммуналдық меншігіне жатады.

26. Аппарат оған бекітілген мүлікті өз бетімен алып қоюға немесе басқа да тәсілдермен басқаруға құқығы жоқ.

Аппаратқа заңнамамен белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікті басқару құқығы берілуі мүмкін.

5. Аппаратты қайта құру және жою

27. Аппаратты қайта құру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару) және жою Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде немесе заңнамалық актілерде қарастырылған сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Аппаратты қайта құрған кезде мүліктік құқық және міндеттері жаңа пайда болған заңды тұлғаға беріледі: қосылған және біріктірілген кезде — тапсыру актілеріне сәйкес, бөлген және бөліп шығарған кезде — үлестіру балансына сәйкес.

28. Жаңа пайда болған тұлғаларды тіркеу сәтінен бастап қайта құру нысанын біріктіру нысаны жағдайын алып тастағанда аппарат қайта құрылған болып есептеледі.

Басқа заңды тұлғаны біріктіру жолымен аппаратты қайта құрған кезде біріктірілген заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы мемлекеттік тіркелімге жазу енгізілген сәттен бастап олардың біреуі қайта құрылған деп есептеледі.

29. Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінде осы жөнінде жазу енгізілгеннен кейін аппараттың қызметі тоқтатылды деп, ал аппараттың жойылуы аяқталды деп саналады.

30. Аппарат жойылған жағдайда аппараттың мүлігі кредиторлардың талабын қанағаттандыруға, ал қалған бөлігі оның меншік иесіне немесе осы мүлікке құқысы бар құрылтайшыға беріледі.

Мақаланың шыққан күні: 23.08.2017 14:46

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.08.2017 14:46

СҚО Жамбыл ауданы әкiмi
Әбiшев Мұратбек Жапасұлы

Промышленная Революция 4.0

Қазан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+