Аудан әкiмдiгiнiң (құзiретi) өкiлеттiгi
Жергiлiктi атқарушы орган (әкiмдiк) — аудан әкiмi басқаратын және өз құзiретi шегiнде Жамбыл ауданының аумағында жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.
Жергiлiктi атқарушы орган заңнамаларға сәйкес келесi өкiлеттiктердi жүзеге асырады:
- ауданның жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк даму бағдарламаларын әзiрлейдi және оның орындалуын қамтамасыз етедi.
- ауданның коммуналдық меншiгiн басқарады, оны қорғауға iс-шараларды жүзеге асырады.
- Ааматтардың және ұйымдардың Конституция, Заңдардың, Қаақстан Республикасы Президентiнiң және үкiметiнiң актiлерiн, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк-құқықтық актiлерiн орындауларына ықпал жасайды.
- аудан аумағңында кәсiпкерлiк қызмет ивестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;
- аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi:
- аудан аумағындағы кенттер мен ауылдар құрылысын салудың бас жопарларын әзiрлейдi және оларды аудандық мәслихаттың бекiтуiне ұсынады, коммуналдық меншiк объектiлерi мен әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлердi салуға тапсырысшы болады,коммуналдық желiлер мен құрылыстарды салуға рұқсат бередi;
- ауданда су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк игнфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады.
- әскери тiркелу мен әскери қызметке шақыру жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелерi жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi;
- қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастырады.
- өз құзiретiнiң шегiнде жер қатынастарын реттейдi,
- аудандық маңызы бар жолдарды пайдалануды және ұстауды ұйымдастырады;
- оның басқаруындағы тұрғын үй қорын бөледi,
- тұрғындарды жұмыспен қамтуға және кедейлiкпен күресуге ықпал жасау жөнiндегi бағдарламаны жүзеге асыруға қатысады;
- халықты әлеуметтiк қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерiн шешедi, халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына атаулы көмек көрсетуге, оларға қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi.
- аудан аумағындағы тарихи және мәдени құндылығы бар табиғат объектiлерiн тарих пен мәдениеттiң қорғалатын ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныс енгiзедi.
- қоғамдық орындарды абаттандыружәне сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi.
- ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдарды құрады.
- аудан әкiмдiгi Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес оған жүктелген басқа да басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Мақаланың шыққан күні: 23.08.2017 12:29
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.08.2017 12:29