Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Бюджетті жоспарлау

2018 жылға арналған жамбыл ауданының бюджетi

Алдағы үшжылдық кезеңге арналған бюджеттiк саясаттың негiзi болып Ел басының Қазақстан халқына жолдаған Жодауында белгiленген маңызды бағыттары болады.

2018-2020 жылдарға арналған аудан бюджетi Қазақстан Республикасының Бюджеттiк Кодексiне, «2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемi туралы», «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жасалған және бекiтiлген.

«2018-2020 жылдарға арналған Жамбыл ауданының аудандық бюджет жобасы туралы» аудан әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 31 қазандағы №254 қаулысы және Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №17/1 шешiмi негiзiнде 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет бекiтiлдi.

Аудан бюджетi қолда бар салық базасына сәйкес, 2018 жылға арналған аудандық бюджетте түсiмдердiң болжамды көлемi 393 340 мың теңге сомасында анықталды. Түсiмдердiң жалпы көлемiнде 91,4% салық түсiмдерi алады, немесе 359 600 мың теңге, салық емес түсiмдер 3,5%, немесе 13 850 мың теңге, негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер 5,1% немесе 19 890 мың теңге.

2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджеттiң кiрiстерi, Салық кодексiнiң қағидасы есебiмн орташажылдам кезеңге макроэкономикалық көрсеткiштердiң болжамды параметрлерiнен және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерден шыға отырып есептелген, 2015-2016 жылдардағы есептелген және төленген салықтар сомасы, сондай-ақ Салық басқармасының ұсыныстары ескерiлген. Салық түсiмдерiнiң негiзгi көздерi кiрiс салығы (7%), әлеуметтiк салық (426%), мүлiк салығы (13,1%), көлiк құралдарына арналған салық (9,9%), жер салығы (0,4%), бiрыңғай жер салығы (2,5%), басқа да салықтар мен жиюлар(24,5%) болады.

2018-2020 жылдарға арналған кiрiстер есептерiнде АЕК 6%-ға өскенi есепке алынған.

Салық көздерiнiң негiзгi көздерi кiрiс салығы (3,1%), әлеуметтiк салық (47,1%), меншiк салығы (оның iшiнде мүлiк салығы, жер салығы, көлiк құралдарына арналған салық (23,8%), басқа да салықтар мен жиюлар(26%) болады.

2019 жылға арналған аудандық бюджетте түсiмдердiң болжамды көлемi — 439 617 мың теңге, 2020 жылға — 454 485 теңге.

Бюджеттiк кодекстiң 35 бабы 2 тармағы 2-1 тармақшасына, сондай-ақ «Жергiлiктi өзiн –өзi басқару органдарына трансферттердi ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2015 жылғы 19 наурыздағы №195 бұйрығына сәйкес жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының трансферттерi болып жергiлiктi өзiн-өзi басқару қызметтерiн жүзеге асыру үшiн жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына берiлетiн облыстық бюджетке және аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түскен келесi түсiмдер болады:

  1. аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумақтарында тiркелген жеке тұлғалардың төлем көздерiне салынбайтын кiрiстер бойынша жеке кiрiс салығы;
  2. аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумақтарында тұрған мүлiкке, жеке тұлғалардың мүлкiне арналған салық;
  3. аудандық маңызы бар қала, ауыл, кентте тұрған жер учаскелерiне, жеке және заңды тұлғалардың елдi мекендердегi жерерiне жер салығы;
  4. аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумақтарында тiркелген жеке және заңды тұлғалардың көлiк құралдарына арналған салық.

2018 жылға бекiтiлген аудандық бюджет салалар кесiмiнде 3 741354 мың теңгенi құрады:

  • бiлiм — 2 406 852 мың теңге;
  • әлеуметтiк қорғау  — 322 109 мың теңге;
  • мәдениет — 95 735 мың теңге;
  • спорт — 7 736 мың теңге;
  • БАҚ — 10 700 мың теңге;
  • тiлдердi дамыту — 567 мың теңге;
  • жастар тәжiрибесi — 8 040 мың теңге;
  • барлық әлеуметтiк- мәдени iс-шараларға — 2 851 739 мың теңге немесе аудан бюджетiнен 76,2%;
  • қорғаныс — 9 706 мың теңге;
  • басқару органы — 509 185 мың теңге;
  • ЖАО резервi — 7 866 мың теңге;
  • нақты сектор — 362 858 мың теңге;
  • оның iшiнде:
  • ауыл шаруашылығы — 6 898 мың теңге;
  • жолдар және жолаушылар тасымалын қаражаттандыру — 18 722 мың теңге;
  • эпизоотикаға қарсы iс-шаралар өткiзу — 53 463 мың теңге;
  • ТҚШ және елдi мекендердi абаттандыру — 11 698 мың теңге
  • «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша ауылда әлеуметтiк сала мамандарын қолдау — 62 041 мың теңге;
  • «Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы — 21 654 мың теңге;
  • Басқалар (елдi мекендердiң жер-шаруашылыңыларын орналастыру, жергiлiктi өзiн-өзiн басқару органдарының трансферттерi және басқалар) — 198 412 мың теңге.

Мақаланың шыққан күні: 29.08.2017 11:35

Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.02.2018 10:30

СҚО Жамбыл ауданы әкiмi
Әбiшев Мұратбек Жапасұлы

Промышленная Революция 4.0

Желтоқсан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+