Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия

Сыбайлас жемқорлықпен қарсы iс-қимыл бойынша жұмыс туралы ақпарат

Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкiмдiгi жанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия жұмыс iстейдi, ол Жамбыл ауданы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 18 ақпандағы №57 қаулысымен құрылған.

Комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссия туралы бекiтiлген Ереженiң негiзiнде жұмыс iстейдi.

2017 жылы 4 комиссияның отырысы өткiзiлдi. Ветеринария, iшкi саясат, экономика және қаржы, Жамбыл ауданының жұмыспен қамту, ветеринарлық станция, ауылдық округтерiнде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша атқарылған жұмыстары қарастырылды.

Комиссияда қараудың қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар берiлдi, тұрақты негiзде мониторинг жүргiзiледi.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының 8-бабына сәйкес 2017 жылдың басынан бастап сыбайлас жемқорлыққа тәуелдiлiкке 25 iшкi сараптама (2016 жылы 13) және ведомстволық ұйымдарда 2 сараптама жүргiзiлдi.

Жылдың басынан бастап барлық атқарушы органдарда және ауылдық округ әкiмiнiң аппараттарында, сонымен қатар, ведомствоға бағынысты ұйымдарда мемлекеттiк қызметшiлер мен қызметкерлердiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы мiнез-құлық стандарттары бекiтiлдi.

Аудан әкiмiнiң ресми-интернет ресурсында, атқарушы органдардың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдар туралы» бөлiгiнде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру және Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимылдар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт, ұйымдардың ведомстволық жоспары 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары орналастырылды.

Мемлекеттiк органдарда «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлердiң әдеп кодексi» стенды рәсiмделдi, мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп нормасын бұзған фактiлердi тiркеу журналы жүргiзiледi. Басшының атына азаматтардың өтiнiштерi мен арыздары үшiн жәшiктер орнатылды, аудан әкiмдiгiнiң ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы Комиссияның жұмысына өтiнiштердi қабылдау үшiн жәшiк орнатылды. Барлық мемлекеттiк органдарда жалпы құқықтық оқулар жүргiзiледi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер қарастырылды.

Аудандық газет беттерiнде мемлекеттiк орган басшыларының тоқсан сайын жеке және заңды тұлғалардың өкiлдрiн қабылдау кестесi және сенiм телефондары жария етiледi.

Жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту бойынша жұмыстар «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалымен тығыз өз ара қарым-қатынаста жүргiзiледi. Партияның аудандық филиалында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнiндегi қоғамдық кеңес құрылып табысты жұмыс iстеп жатыр.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын жүзеге асыру мақсатында аудан әкiмiнiң аппаратында персоналды басқарудың бiрыңғай қызметi құрылған (кадрлық қызмет). Бұл қызмет тұрақты негiзде мемлекеттiк қызметшiлердiң Этикалық кодексiнiң, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдар туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының талаптарын сақтауды бақылайды. Жас мамандардың жұмыс iстеуi үшiн тәлiмгерлiк институт енгiзiлдi. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамаларына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау курстарында оқиды.

Жыл басынан бастап, Өңiрлiк орталықта 30 мемлекеттiк қызметшi бiлiктiлiгiн арттыру курстарында оқыды. Бiрiншi рет мемлекеттiк қызметшi қатарына алынған 7 қызметшi қайта даярлаудан өттi, оның iшiнде басшы лауазымға 2 мемлекеттiк қызметшi өттi.

Бiрiншi рет мемлекеттiк қызметшi қатарына алынғандар алты ай бойына Петропавл қаласындағы Өңiрлiк орталықта оқудан өтедi.

Ауданның жергiлiктi атқарушы органдары мемлекеттiк қызмет көрсету тiзбесiне сәйкес мемлекеттiк қызметтiң 103 түрiн ұсынады (2016 жылы мемлекеттiк қызметтiң 87 түрi көрсетiлдi). Жыл басынан баламалы 21 892 қызмет көрсетiлдi (2016 жылмен салыстырғанда — 4445). Мемлекеттiк органдар арқылы — 14 297 (2016 жылмен салыстырғанда 35 566). Барлық түрлер бойынша — 42 832 қызмет көрсетiлдi (2016 жылмен салыстырғанда — 44 522).

Мемлекеттiк қызмет көретуге уәкiлеттi атқарушы органдардың әр ғимаратында мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпаратты жариялай отырып стендтар орналастырылған. Аудан әкiмiнiң интернет-ресурсында «мемлекеттiк қызмет көрсету» қосымшасы бар. Аудандық газет беттерiнде мерзiмдi түрде мемлекеттiк қызмет көрсету туралы материалдар басылып отырылады.

Электрондық үкiмет порталы арқылы электрондық түрде жалпы көрсетiлген қызмет саны 2017 жылы 66,1% болды. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiн бұзған немесе түскен шағымдар болған жоқ.

Жыл басынан бастап мемлекеттiк қызметтер бойынша 115 түсiндiрме iс-шаралар жүргiзiлдi (мақалалар, семинарлар, дөңгелек столдар, ашық есiк күндерi). (2016 жылмен салыстырғанда 59).

«Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкiм аппараты» КММ, сонымен қатар, барлық жергiлiктi атқарушы органдарда өтiнiштердi қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қатардағы №221-11 Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Жергiлiктi атқарушы органдары басшыларының азаматтарды қабылдауы бекiтiлген кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

2017 жылы аудан әкiмiнiң аппаратына 127 өтiнiш түстi, оның 114-жеке тұлғалардан және 13 заңды тұлғалардан. Жалпы өтiнiштер санының 72-жазбаша, 53-өтiнiш басшылардың жеке қабылдауында қаралды.

Мемлекеттiк сатып алулар туралы заңнаманы сақтауды, мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерiн қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл ауданының бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлiктерi элекрондық мемлекеттiк сатып алуларды өткiзу Ережелерiне сәйкес мемлекеттiк сатып алулар порталы арқылы жүргiзедi.

Аудандық «Ауыл арайы» және «Сельская новь» газеттерiнде тұрақты негiзде сыбайлас жемқорлық тақырыбна материалдарды жариялады. 11 мақала жарияланды, оның iшiнде 5 мақала ведомствоаралық комиссия мүшелерiнiң мақаласы. Желтоқсан айында медиа-жоспар бойынша 3 мақала жарияланбақшы. Жергiлiктi атқарушы органдардың атына сындар айтылған жоқ.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерi жастардың жұмысында жүргiзiлетiн iс-шаралардың атауына айналған. Жастар ресурсының орталығы нөлдiк төзiмдiлiк қалыптастыру мәселелерi бойынша «Есiктен есiкке» атты акция, «Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсымын» атты флешмоб ұйымдастырылды, оған 30 адам қатысты. Адамдардың көп жиналатын орындарында CALL CENTRA телефондары нұсқалған парақшалар таратылды. Барлық ауылдық кiтапханаларда осы тақырыпқа арналып дөңгелек столдар жүргiзiледi.

Аудан мектептерiнiң тәрбиелiк кешендi жұмыс жоспарына патриоттық рухта тәрбиелейтiн, құқықтық мәдени, тарихи тұлғаларды көпшiлiкке таратуға бағытталған, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мiнез құлығын қалыптастыруға ықпал ететiн, сыбайлас жемқорлық жағдайларына жағымсыз көзқарас қалыптастыратын iс-шаралар енгiзiлдi. Ауданның 39 мектебiнде «Парасатты азамат» атты стендтар рәсiмделдi. «Адал ұрпақ» клубы құрылып жұмыс iстейдi, клуб басшылармен бiрлесе отырып келесi iс-шараларды жүргiздi: «Жемқорлық құқық бұзушылық картасы», «Сатылмайтын еңбек», конкурстар, «Жемқорлыққа жол жоқ» атты театрландырылған қойылымдар, «Жемқорлықтың зардабы» атты видиеороликтар, «Мен болашақты таңдаймын» флешмобы, «Бiз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты сынып сағаттары, сыныптан тыс iс-шара «Сыбайлас жемқорлықпен күрес — өзiмiзден бастайық».

Жамбыл ауданының бiлiм бөлiмi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгi Департаментiмен бiрлесе отырып «Мемлекеттiк қызметтер» атты тақырыпқа шығармадан кокурс өткiзiлдi, конкурстан бiрiншi орынды Благовещенка жалпы бiлiм беру мектебiнiң оқушысы Вальтер Елена бiрiншi орынды иемдендi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру мәселесi Жамбыл ауданының Қоғамдық кеңесiнiң отырысында қарастырылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгi Департаментi және СҚО Қазақстан халықтары Ассамблеясының бiрлескен iс-шарасын жүзеге асыру аясында 2017 жылдың 28 маусымында аудан әкiмiнiң төрағалық етуiмен орталықтардың, қоғамдық ұйымдардың өкiлдерiн қатыстыра отырып этномәдени және дiни бiрлестiктер, жастар арасында, сонымен қатар, жергiлiктi атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлық мәдениетiн қалыптастыру тақырыбына дөңгелек стол ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 2017 жылдың 27 қарашасында кәсiпкерлiк палатасының қатысуымен дөңгелек-стол семинары ұйымдастырылды.

Жыл басынан 13 ауылдық округтерде парақшаларды тарату, сыбайлас жемқорлықты, сыбайлас жемқорлық фактiлерi туындаған жағдайда iс-қимылдарды жасау тәртiптерi, сонымен қатар, оларды тұрғындарға тарату, сонымен қатар, халықтың көп жиналған орындарына орналастыру (ауруханалар, дүкендер, мектептер, ФАП, АДА, клубтар және т.б.) жауапкершiлiктерi түсiнiдiрiлдi.

Мемлекет Басшысының қойған мiндеттерiн жүзеге асыру мақсатында бiздiң ауданда үстiмiздегi жылдың 4 қазанынан бастап «Болашаққа парасыз! Бiрге» атты акция аясында 3 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдi топ өз қызметiн жүргiзiп бiздiң мемлекетiмiздiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының маңыздылығы түсiнiдiрiлiп отырылды.

Осы топтың басшылары ХҚО жеке қабылдауларын жүргiздi, қабылдау кестесi аудандық газеттерде жарияланды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгi Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Департаментiнiң басшысы, Г.С. Тұрсынбаевтың және Солтүстiк Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi Ұлттық бюро Департаментiнiң инспекторы, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтың мүшесi С.Н. Зайцеваның қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өткiзiлiп атқарылған жұмыстың қорытындысы шығарылды.

Үстiмiздешгi жылдың 8 желтоқсанында Петропавл қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өткiзiлдi, онда Солтүстiк Қазақстан облысында атұарылған жұмыстар қорытындыланып нәтижелерi шығарылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды сапалы ұйымдастырғаны үшiн Жамбыл ауданының мобильды тобы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгi Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Департаментiнiң дипломымен марапатталып 3-шi орынды иелендi.

Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкiмдiгi жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесi бойынша ведомствоаралық комиссияның атқарылған жұмыстары туралы ақпараты

Ауданда 2017 жылдың 1-жартыжылдығында Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша көзделген салалық Бағдарламада iс-шараны iске асыру мақсатында, келесi жұмыстар жүргiзiлдi:

2017 жылға комиссияның жұмыс жоспары бекiтiлген. Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесi бойынша комиссияның жұмысы тұрақты бақылауда. Бiрiншi жартыжылдық бойынша 2 комиссия отырысы өткiзiлдi, онда 4 мәселе қаралды және сәйкес ұсыныстар берiлдi.

Заң қызметiнiң жұмысы үнемi бақылауда, олардың қызмет мәселесi бойынша әкiмдердiң және жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларына консультация өткiзедi.

Ауданның он бiр бөлiмдерi мен ауылдық округi әкiмдерiнiң аппараттарында веб-сайттар жұмыс iстеп тұр, сонымен қатар «сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл» бөлiмi бар.

Бiрiншi жартыжылдықта 61 өтiнiш түстi, соның iшiнде 60 өтiнiш және 1 шағым. Жеке тұлғалардан 58 өтiнiш, 3 өтiнiш заңды тұлғалардан, соның iшiнде 10 өтiнiш жоғарғы органдардан түстi.

Барлық түскен өтiнiштер уақытында тiркеледi, «ЕУОЛ» ААЖ енгiзiледi және оларға заңмен белгiленген мерзiмде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жауаптар берiледi.

Есептi кезеңде 54 өтiнiшке түсiнiктемелер берiлдi, 6 өтiнiш толық қанағаттандырылды, 1 өтiнiш аумақтылығы бойынша қайта жiберiлдi.

Аудан әкiмiнiң аппаратында азаматтарды қабылдау бекiтiлген кестеге сәйкес жүргiзiледi. Азаматтарды қабылдау кестесi аудан әкiмiнiң өкiмiмен тоқсан сайын бекiтiледi және «Ауыл арайы» — «Сельская новь» аудандық газеттерiнде, сондай-ақ Жамбыл ауданы әкiмiнiң ресми интернет-ресурсында жарияланады.

Бiрiншi жартыжылдықта аудан әкiмiнiң, оның орынбасарларының, аппарат басшысының жеке қабылдауында 31 өтiнiш қаралды. Жазбаша түрде 30 өтiнiш түстi, соның iшiнде 1 өтiнiш (шағым) аумақтығы бойынша бағытталды, өйткенi осы мәселенiң шешiмi әкiмдiктiң құзыретiне кiрмейдi.

Өтiнiштердiң мазмұндары әр түрлi: жер мәселелеi, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелерi, еңбек және халықты жұмыспен қамту мәселелерi бойынша және т.б.

Есептi кезеңде аудан әкiмiнiң блогы мен виртуалды қабылдауға 3 өтiнiш түстi.

Құқықтық жаппай оқыту жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларымен және ауылдық округтердiң әкiмдерiмен ай сайын жүйелi түрде өткiзiледi.

Әрбiр мемлекеттiк органдарда Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексi ресiмделген және орналастырылған, мемлекеттiк қызметшiлердiң әдебiн бақылау кiтабы бар, аудандық газет беттерiнде тоқсан сайын барлық мемлекеттiк органдар басшыларының азаматтарды жеке қабылдау кестелерi басып шығарылады, сенiм телефондары жарияланған.

Барлық мемлекеттiк органдар мен ведомстволық ұйымдармен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердiң және қызметкерлердiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы мiнез-құлық стандарттары дайындалды.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ мен «Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзiлдi.

2017 жылдың 26 маусымы Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы қоғамдық кеңесiнде аудан әкiмi аппаратының құрылымдық бөлiмше басшысының «Жамбыл ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру» тақырыбына ақпарат тыңдалған болатын.

ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң СҚО бойынша департаментi және СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы арасындағы ынтымақтастық бойынша бiрлескен iс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында үкiметтiк емес ұйымдардың, этно-мәдени және дiн орталықтары өкiлдерiнiң қатысуымен 2017 жылдың 28 маусымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу — дөңгелек үстел «Этно-мәдени және дiни бiрлестiктер арасында, жастар арасында, сонымен қатар жергiлiктi атқарушы органдар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған болатын.

Сондай-ақ, Жамбыл ауданы ауылдық округтерiнiң аумақтарында Мемлекеттiк қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiмен ұсынылған әйгiлi әртiстер Асанәлi Әшiмов, Роза Рымбаеваның бейнелерiмен, САLL CENTRA 1424 телефондарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта парақшалар таратылды, аудан орталығы Пресновка а. 2 баннер орналастырылды.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнiндегi 2016 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс

Жамбыл ауданының әкiмдiгi жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерi жөнiндегi Ведомствоаралық комиссия өз жұмысын атқарады. 2016 жылдың басынан бастап 3 комиссияның отырысы өткiзiлдi. Жерге қатысты 10 мәселе қарастырылды, сонымен қата, ТКШ, құрылыс, заң, жұмыспен қамту, ТЖ. экономика және қаржы, аудан прокуратурасы бойынша сұрақтар көтерiлдi. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша ұсыныстар берiледi және бақылауға алынады.

Үстiмiздегi жылдың 9 айында 85 өтiнiш түстi, оның 78 — жеке және 7 — заңды тұлғалардан. Жалпы өтiнiштiң 38-жазбаша, 46-өтiнiшi басшылықтың жеке қабылдауында болған, 1- қарау құзiретiне қарай қайта жiберiлдi, яғни, көтерiлген сұрақты шешу әкiмдiктiң құзiретiне енбейдi, Өтiнiштiң мазмұны әр түрлi: 16- жер мәселесi, 17-ТКШ мәселесi, 13-жұмысқа орналастыру және басқа да мәселелер.55 өтiнiшке түсiндiрме жұмыстар жүргiзiлдi, 60-өтiнiш қанағаттандырылды, 2 өтiнiштi шешуден бас тартылды. Мемлекеттiк басқаруды және мемлекеттiк басқарудың ашықтығын жетiлдiру мәселелерi бойынша, қызметтiк әдеп нормасын сақтауды қоса отырып жеке және заңды тұлғалардан өтiнiш түскен жоқ.

Әкiм аппаратында және жергiлiктi атқарушы органдарда мемлекеттiк қызметтер көрсетiлiп отырады.

Әкiм аппаратында азаматтық хал актiлерiн тiркейтiн 9 қызмет көрсетiледi. Жыл басынан 994 қызмет көрсетiлген.

Сонымен қатар, «Е-лицензиялау» АЖ арқылы 6 қызмет көрсетiлдi. Жыл басынан -1 қызмет.

  • «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ 19 қызмет көрсетiледi. Жыл басынан 2459 қызмет көрсетiлдi.
  • «Жамбыл ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi 5 қызмет көрсетедi. Жыл басынан -50 қызмет көрсетiлдi.
  • «Жамбыл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлiмi» ММ 4 қызмет көрсеттi. Жыл басынан бастап 265 қызмет көрсетiлдi.
  • «Жамбыл ауданының ветеринария бөлiмi» ММ 4 қызмет көрсеттi. Жыл басынан бастап 26 244 қызмет көрсетiлдi.
  • «Жамбыл ауданының ауыл шаруашылық бөлiмi» ММ 9 қызмет көрсеттi. Жыл басынан бастап 1446 қызмет көрсетiлдi.
  • «Жамбыл ауданының жер қатынастары бөлiмi» ММ 9 қызмет көрсеттi. Жыл басынан бастап 106 қызмет көрсетiлдi.
  • «Жамбыл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлiмi» ММ 1 қызмет көрсеттi. Жыл басынан бастап қызмет көрсетiлген жоқ.
  • «Жамбыл ауданының бiлiм бөлiмi» ММ 24 қызмет көрсеттi. Жыл басынан бастап 2086 қызмет көрсетiлдi.
  • «Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлiмi» ММ 1 қызмет көрсеттi. Жыл басынан бастап 14 қызмет көрсетiлдi.

Ауылдық округтерде 7 қызмет көрсетiлдi. Жыл басынан бастап 270 қызмет көрсетiлдi.

Жамбыл ауданы әкiмiнiң интернет-ресурсында барлық мемлекеттiк қызметтер бойынша стандарттар мен регламенттер орналастырылған.

Әрбiр мемлекеттiк органда қызмет алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы, көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер туралы ақпараттар орналастырылған.

«Ауыл арайы» және «Сельская новь» аудандық газеттерiнде «Адам және заң» атты айдар орналастырылған, онда тұрақты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа материалдар жарияланады.38 материал жарияланған. Бұқаралық ақпарат құралдарында жергiлiктi атқарушы органдардың адресiне сын айтылған жарияланымдар болған жоқ.

2016 жылдың басынан бастап мына тақырыпқа пiкiр талас өткiзiлдi:

ҮЕҰ өкiлдерiнiң, дiни және этномәдени бiрлестiк өкiлдерiнiң қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мiнез-құлық-қоғам мен мемлекеттiң тарапынан айрықша сенiмдi негiзге ие болған маңызды кәсiби стандарт».

Жамбыл ауданының ресми сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл» атты арнайы бөлiм ашылды. Бөлiмде 2015-2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру, 2015-2025 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысында көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимылдардың және оларды жүзеге асыру жоспары орналастырылды, сонымен қатар, Жамбыл ауданының жергiлiктi атқарушы органдарымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары және үстiмiздегi жылы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерi бойынша аудандық комиссияның атқарған жұмыстары туралы ақпараттар орналастырылды.

Сонымен қатар, бөлiмде аудан әкiмiнiң, оның орынбасарларының, ауылдық округ әкiмдерiнiң және жергiлiктi атқарушы орган басшылыарының «Өзiңнен баста» акциясы аясында олардың кiрiстерi және мүлiктерi туралы мәлiметтер орын алды.

Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк қызмеитшiлердiң Ар намыс кодексiнiң мәтiнi рәсiмделiп iлiнген, мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет әдебiнiң нормасын бұзған фактiлердi тiркеу Журналы бар, аудандық газеттердiң беттерiнде тоқсан сайын барлық мемлекеттiк орган басшыларының жеке сұрақтар бойынша қабылдау кестесi жарияланады, сенiм телефондары мен тұрғындардың шағым және ұсыныстарын жина үшiн жәшiктер орналастырылған.

Жергiлiктi атқарушы орган жұмыстарының ашықтығын байқау мақсатында БАҚ өкiлдерiмен өз ара жұмыстар атқарылады. Жергiлiктi газеттердiң журналистерi аудандық ұйымдастырылған барлық шараларға, аудан әкiмдiгiнiң отырыстарына қатысалады және жергiлiктi атқарушы органдардың атқарған жұмыстарын газет беттерiне жариялайды.

Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкiмдiгi жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесi бойынша ведомствоаралық комиссияның атқарылған жұмыстары туралы ақпараты

Ауданда 2016 жылдың 1-тоқсанында Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша көзделген салалық Бағдарламада iс-шараны iске асыру мақсатында, келесi жұмыстар жүргiзiлдi:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта БАҚ-на 2 мақала жарияланды.

2016 жылдың 1-тоқсанында сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша ведомствоаралық комиссия 1 отырыс өткiздi. 3 мәселе қаралды. Қаралған мәселелер бойынша орындау үшiн ұсыныстар берiлдi.

Ауданның он бiр бөлiмдерiнде жергiлiктi газетке мерзiмдi орналастырылатын веб-сайт, электрондық мекен-жайлар жұмыс iстеп жатыр.

2016 жылға арналған комиссияның жұмыс жоспары бекiтiлдi. Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесi бойынша аудандық комиссияның жұмысы үнемi бақылауда.

Заң қызметiнiң жұмысы үнемi бақылауда, олардың қызмет мәселесi бойынша әкiмдердiң және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары консультация өткiзедi.

Есептi кезеңде 30 жазбаша және ауызша өтiнiш түстi, соның iшiнде жеке тұлғалардан 25 өтiнiш және заңды тұлғалардан 5 өтiнiш түстi, жалпы санынан «Нұр Отан» партиясының Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалы арқылы 2 өтiнiш түстi.

Барлық түсетiн өтiнiштер уақытында тiркеледi, «ЕУОЛ» ААЖ енгiзiледi және заңмен белгiленген мерзiмде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жауаптар берiледi.

Есептi кезеңде 29 өтiнiш қаралды, есептi кезеңнiң соңында 1 өтiнiш қаралмады.

Аудан әкiмiнiң аппаратында азаматтарды қабылдау бекiтiлген кестеге сәйкес жүргiзiледi. Азаматтарды қабылдау кестесi аудан әкiмiнiң өкiмiмен тоқсан сайын бекiтiледi және «Ауыл арайы» — «Сельская новь» аудандық газеттерiнде, сондай-ақ Жамбыл ауданы әкiмiнiң ресми интернет-ресурсында жарияланады.

2016 жылдың 1-тоқсанында азаматтарды жеке қабылдауда 17 адам, соның iшiнде: аудан әкiмiнiң жеке қабылдауында 5 адам, экономика мәселелерi жөнiндегi аудан әкiмi орынбасарының жеке қабылдауында 4 адам, ауыл шаруашылығы, құрылыс және шұғыл мәселелер жөнiндегi аудан әкiмi орынбасарының жеке қабылдауында 1 адам, аппарат басшысының жеке қабылдауында 3 адам қабылданды. Соның iшiнде оң шешiлгенi 1 өтiнiш, 16 өтiнiшке ауызша түсiнiктемелер берiлдi.

Өтiнiштердiң мазмұндары әр түрлi: жер, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, еңбек және халықты жұмыспен қамту мәселелерi бойынша.

Есептi кезеңде аудан әкiмiнiң блогына 4 өтiнiш түстi, виртуалды қабылдауға өтiнiш түскен жоқ.

Құқықтық жаппай оқыту жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларымен және ауылдық округтердiң әкiмдерiмен ай сайын жүйелi түрде өткiзiледi.

Әрбiр мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк қызметшiлердiң Ар-намыс Кодексi ресiмделген және орналастырылған, мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы нормаларын бұзу фактiлерiн тiркеу журналы бар, аудандық газет беттерiнде тоқсан сайын барлық мемлекеттiк органдар басшыларының азаматтарды жеке қабылдау кестелерi басып шығарылады, сенiм телефондары жарияланған.

Аппарат басшысы
Е. Пестова

2016 жылға арналған Жамбыл ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесi бойынша ведомствоаралық комиссияның тоқсан сайынғы отырыстарын өткiзу жоспары Zip (14 Kb)

2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бойынша салалық бағдарламасымен қарастырылған шараларды жүзеге асыру мақсатында ауданда келесi жұмыс iстелiндi:

  • БАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа 7 мақала жарияланды;
  • 1 дөңгелек үстел өткiзiлдi.

Ауданының он бiр бөлемде веб-сайты жұмыс iстейдi, қасылардың мекен жайлары жергiлiктi газеттерiнде мерзiмдi орналастырады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесi жөнiндегi аудандық комиссияның жұмысы тұрақты бақылауға алынады. Комиссияның 2015 жылға жұмыс жоспары бекiтiлдi. Ауданның жергiлiктi атқарушы органдарымен ведомстволық жоспарлары әзiрлендi.

Әдiлет қызметiнiң жұмысы тұрақты түрде бақылауға алынады, басшыларға олардың қызмет мәселелерi жөнiнде кеңес берiледi.

Мемлекеттiк қызметкерлер уақытында мүлiктiң және кiрiстердiң декларациясын тапсырады. Сыбайлас құқық бұзушылық фактiлерi бойынша ұқсас бұзушылықты болдырмау мақсатында әрдайым сараптама жүргiзiледi және жергiлiктi атқарушы органдар басшыларына қажеттi ұсыныстар берiледi.

Ай сайын жүйелiк негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдар басшыларымен селолық округтер әкiмдерiмен жалпы құқықтық оқыту өткiзiледi.

Мемлекеттi қызметшiлердiң Ар-намыс кодексiнiң мәтiнi барлық мемлекеттiк органдарында рәсiмделiп орналастырылған, мемлекеттiк қызметшiлерiмен қызметтiк этикасының нормаларын бұзған фактiлердi тiркеу журналдары бар, аудандық газеттердiң беттерiнде тоқсандық сайын барлық мемлекеттiк органдар басшыларының жеке мәселелерi бойынша қабылдау кестелерi жарияланады, сенiм телефондары жарияланған.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясынiске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары Zip (103 Kb)

Жамбыл ауданы әкiмдiгi жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының тоқсан сайынғы отырыстарын өткiзу жоспары Zip (6 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 29.08.2017 14:56

Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.02.2018 17:22

СҚО Жамбыл ауданы әкiмi
Әбiшев Мұратбек Жапасұлы

Промышленная Революция 4.0

Қазан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+