Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мәдениет және тілдерді дамыту

Ақпарат

2018 жылдың 5 айына ауданның мәдени мекемелерiнде 460 iс-шара (би кештерiмен) өткiзiлдi, оларда 19 546 көрермен қамтылды. Ақылы қызмет 909700 мың теңгеге жасалды. 114 көркемөнерпаздар үйiрмелер жұмыс iстейдi, оларға 915 адам қатысады. «Халықтық» атағына 7 ұжым ие.

Аудандық 5 халық шығармашылығының фестивальдары өткiзiлдi:

7 қаңтарда — «Рождественские встречи», 9 селолық округтердiң қатысуымен (17 номер).

15 ақпанда — Ауған және әскери — патриоттық әндер фестивалi 11 округтiң қатысуымен өттi (19 номнр).

22 наурызда — «Наурыз- мейрамы» фестивалi аудандағы 13 селолық округтiң қатысуымен өттi.Ұлттық дастархан, қайырымдылық дастархандары.

Ауданда Жеңiс күнiне арналған «Мамыр жұлдыздары» фестивалi және Қызылжар ауаданы мен Шал ақын ауданының қатысуымен Благовещенка селосында Қуандық Қасымовқа арналған еске алу фестивалi өттi.

9 көгiлдiр от бағдарламалары өттi, 500-ден аса адамдарға қызмет көрсетiлдi, ұлттық мәдени орталықтарда 105 экскурсиялар өткiзiлдi, 1 566 қонақ болды, 2 мерейтой өттi.

Әсiресе қызыққа толы өткен бағдарлама «Колядки». «Казачья станица» халықтық ансамблi,ұлттық мәдени орталықтарының жетекшiлерi О. Бламбаева, А. Коваль, режиссер И. Дробышева «Евразия» телеоператорларын қарсы алды.

Олар мерекеге тән қызықты салт-дәстүрлер мен колядкалар, сондай-ақ, АМҮ-iнде бал ашу салты, ал жерлестерiмiздiң үйлерiне барып колядка өткiздi.

Осы түсiрiлiмдердiң бәрi «Хабар» арнасы бағдарламасында көрсетiлдi.

Қайырымдылық күнi мерекесiнде аудандық Ардагерлер Кеңесiмен бiрлесе «Уражай» дәмханасында кеш өттi. Кеш қонақтары — тыл ардагерлерi, Кеңес одағы кезiнде адал еңбегi үшiн марапатталғандар мен Ұлы Отан соғысы кезiнде тылда әскери қызметiн адал өткiзгендер болды.

Олардың iшiнде — Н.М. Запорожец — 92 жаста, Т.М. Ғабдуллин — 87 жаста, Г.Ф. Шулпин — 90 жаста, М.П. Бессараб — 89 жаста және тағы басқалар. Барлығы 25 адам шақырылды. Дөңгелес үстел басына жиналған жерлестерiмiз жастық шақтағы әндерiн шырқап, соғыс жылдары мен соғыстан кейiнгi ауыр жылдардағы жайларды естерiне алысып, жақсы демалып қайтты. «Бәрi үшiн Сiздерге алғыс айтамыз!» деп аталды бұл кеш.

Қожаберген жырау алаңында жалпыхалықтық мереке — Наурыз мейрамын жамбылдықтар шат-шадыман көңiлмен өткiздi. Аудан орталығындағы барлық мекемелер мен ұйымдар мен селолық округтар ұжымдары қайырымдылық дастарханыдарын жасады. Мерекенiң ең қызықты да құпия сәтi келiп жеттi. Бұл — «Орталық» сауда үйi ұымдастырған лоторея билеттерiн ойнату едi. Сыйлық қоры 4 миллион болды. Ең басты ұтыс сыйлығы автокөлiк болды.Оны Украинск селосының тұрғыны Наталья Богуш ұтып алды. Сондай-ақ, 5 қысқа толқынды пеш, 5 кiр жуатын машина және 5 теледидарды бақытты ұтыс иелерi ұтып алды.

Байқаудың нәтижесi бойынша қайырымдылық дастархандарын жайған ұжымдар iшiндегi ең үздiктерi таңдап алынды. Олар —  аудандық Бiлiм бөлiмi, Первомай, Пресноредуть, Майбалық, Озерное, Жамбыл, Қайранкөл селолық округтар әкiмшiлiктерi болды.

7 мамыр Қожаберген жырау алаңында Отан қорғаушылар күнiне арналған салтанатты iс-шара өттi. Аудан әкiмi И.И. Турков құттықтап сөз сөйледi.

Әскери комиссариаттың құрылғанына 100 жыл толуына орай аудандық қорғаныс iстер жөнiндегi бөлiмiнiң қызметкерлерi марапатталды.

Төтенше жағыдайлар бөлiмiне және өрт сөндiру қызметiне Бауыржан Момышұлының Медальi берiлдi.

Өртке қарсы тақырып бойынша облыстық конкурстың қатысушыларына сыйлықтар берiлдi.

Мектеп командасымен сап және әндер байқауы болды. Содан кейiн «Батыр» әскери-спортық эстафета өттi. Жеңiмпаздардың ақшалай сыйлықтарының демеушiсi Ауданның ардагерлер Кеңесi болды.

8 мамыр Святодуховка селосында Стелла ескерткiшiнiң ашылуына концерттiк бағдарламамен барды.

9 мамыр Жеңiстiң 73 жылдығына арналған митинг болды. Пресновка көшесiнен «Мәңгiлiк полк» және еңбек ұжымдарының өкiлдерiнiң шеруi өттi.

Митингте аудан әкiмi И.И. Турков және аудандық мәслихат хатшысы Б. Мұсабаев, ардагерлер Кеңесiнiң төрағасы Н.Г. Бородавко сөз сөйледi.

Стеллаға естелiк гүл шоқтары және гирлянды қойылды. Кейiн минингтан кейiн мерекелiк концерт «Жеңiс Әндерi». Кешке орталық алаңда жастар би кешi өттi.

9 мамыр Мирное және Петровка селосына концерттiк бағдарламамен «Лейся песня» ұжымы барды.

Жамбыл ауданының аумағында 11 мемлекеттiк кiтапхана оның iшiнде бiр орталықтандырылған, тоғыз ауылдық және бiр балалар ауылдық кiтапхана жалпы кiтапханалардың барлық талаптары қазiргi заманға сай жұмыс iстейдi.

2018 жылдың 5 айына аудандық кiтапхана қоры 128645 дана кiтаптi құрады.Келушiлердiң саны 5751 адам.жыл басына бастап 197 iс-шара өткiзiлiп оған 2586 адам қатысты.

Ауданды үш жазушының мұражайы бар: С. Мұқанов, Г. Мүсiрепов және И. Шухов. Аудандық мұражайлары ауыл тұрғындарын идеологиялық және эстетикалық тәрбиелеу бойынша белсендi жұмыстар жүргiзедi.

Мемлекеттiк және күнтiзбелiк мерекелерге арналған iс-шаралар (көрмелер, дөңгелек үстелдер, әдеби сағат және т.б.) өткiзiледi.

Аудандық мұражайлар 2018 жылды 5 айында 109 экскурсия,Оның iшiнде И. Шухов мұражайы 54, С. Мұқанов 23, Г. Мүсiрепов 32 экскурсия өткiздi. 16 дәрiс оқылды. 19 көрмек қойды, 52 iс-шара, өткiздi оған қатысқандар 1610 адам.

Тiлдi дамыту

Мемлекеттiк тiлде iс жүргiзу

Мемлекеттiк тiлде iс қағаздарын жүргiзу жұмыстың негiзгi бағыттарының бiрi болып табылады. Ай сайын жергiлiктi атқарушы органдар мен ауылдық округтер мен аудан әкiмi аппараты арасында мемлекеттiк тiлде құжаттарды басқару мониторингi жүргiзiлуде, оның нәтижелерi облыстық тiлдердi дамыту басқармасына жiберiледi. 2018 жылдың 5 ай iшiнде шығыс құжаттары — 99%, кiрiс — 90% құрады.

Мемлекеттiк тiлдi оқытуды ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының тiлдердi дамыту және 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаның негiзгi бағыттарының бiрi мемлекеттiк тiлде сөйлейтiн адамдардың санын көбейту болып табылады. Осыған байланысты барлық мемлекеттiк ұйымдарда 2017 жылдың 1 қазаннан бастап мемлекеттiк тiлдi үйренуге арналған үйiрмелер ұйымдастырылды.

2018 жылы Жамбыл ауданында 25 мемлекеттiк мекемеде ересектерге арналған мемлекеттiк тiлдi үйрену үйiрмелерi бар. Мемлекетiк тiлдi үйрену бойынша кесте және мемлекеттiк тiлдi үйренушiлер тiзiмi құрылып бекiтiлген.

Ауданда 2 бюджеттiк топ құрылған, 35 мемлекеттiк қызметкер қатысады. Осы мақсатқа аудандық бюджеттен 352 мың теңге бөлiндi.

Жыл сайын ауданда жастар арасында мемлекеттiк және басқа тiлдердi насихаттау бойынша iс-шаралар жүргiзiледi. Ағымдағы жылдың 5 айында қазақ және басқа тiлдердi насихаттау бойынша 5 конкурс өткiзiлдi. Осы iс-шараларды өткiзу үшiн жергiлiктi бюджеттен 215 мың теңге бөлiндi.

Жамбыл ауданының
мәдениет және тiлдердi
дамыту бөлiмiнiң
басшысы Б. Рамазанов

Мәдениет және тiлдердi дамыту

Жамбыл ауданында 28 мәдениет ұйымы бар: оның iшiнде 12 мемлекеттiк және 2 жеке клуб, 11 кiтапхана, 3 мұражай.

«Атамекен», «Рухани жаңғыру» бағдарламалар аясында Троицкое селосында мәдени-сауық орталығы ашылды. Ғимаратын күрделi жөндеуi, материалдық-техникалық жарақтандыру және мәдениет үйiнiң ұйымдастырушысына «Тотаман» ФҚ қаржы бөлдi (жетекшiсi Ғали Құсайынов Мнайдарұлы).

Қайранкөл селосында Қайранкөл орта мектебiнде мәдени-сауық орталығы ашылды. Железное селосында кiтапхана ашылды.

2017 жылдың шiлде айында КМҚК Благовещенка мәдениет үйiн қайта ұйымдастыру арқылы КМҚК Преснов Мәдениет үйiне қосылды. Ауданның ұйымдарында ағымдағы кезеңде бiр жарым мың iс-шаралар өткiзiлдi.

Есептiк кезеңде материалдық базасын нығайтуға бюджеттен 2663,8 мың теңге бөлiндi.( жылыту қазандығын 946 мың теңгеге, музыкалық аппаратура — 400,0 мың теңгеге сатып алынды).

Сонымен қатар, 1317,8 мың теңгеге Новорыбинка және Баянский ауылдық клубтарға музыкалық аппаратура алынды.

Ақылы қызметтер бiр жылға 1 580 мың теңге 101,2%-ға орындалды.

Кiтапханалардың кiтап қоры 128323 дананы құрайды. Келушiлер саны саны 2017 жылы 6227 адамды құрады. Жыл басынан берi 498 iс-шараларға 6623 адам қатысты.

Тұтастай алғанда ауданның кiтапханаларының материалдық-техникалық база қазiргi талаптарға сай. Кiтапханалардың техникалық жағдайы қанағаттанарлық.

Аудан кiтапханаларына жергiлiктi бюджеттен жаңа әдебиеттердi сатып алу үшiн. 500 мың т. бөлiндi.

Кiтапхананың халыққа қызмет көрсетуiн және ақпараттық сапасын арттыру мақсатында озық ақпараттық технологиялар аудан кiтапханаларына енгiзiлуде. Кадрлардың жұмыс артыру, олардың кәсiби және жалпы мәдени деңгейiн көтеру үшiн жүйелi түрде жұмыстар жүргiзiледi. Оларды жүргiзетiн iс-шаралары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған.

2017 жылы ауданның мұражайлары 294 экскурсия, 34 дәрiс оқылды, 25ресiмделуi көрме өткiзiлдi, 154 iс-шаралар 2846 адам қатысты, 112 экспонат.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданында бiрнеше ай бойы «Халық мәдениетiнiң шенiмен» фольклорлық-этнографиялық экспедициясы жүргiзiлген.

Экспедицияның мақсаты фольклорды зерттеу, ұмытылған әдет-ғұрыптарды iздеу, салт-дәстүрiн, экспонаттар жинау және сәндiк-қолданбалы өнер шеберлерiн анықтау.

Топ 14 елдi мекенге барды, 60-тан астам экспонат жинады.

Тiлдердi дамыту

Ауданда еркiн және тегiн мемлекеттiк тiлдi меңгеру үшiн қажеттi жағдайлар жасалған.

2017 жылы Жамбыл ауданы бойынша ауданның 38 мекемесiнде ересек тұрғындарға мемлекеттiк тiлдi оқыту 2 бюджеттiк топ жұмыс iстейдi, осы мақсатқа 352 мың теңге бөлiндi.

Облыстық бюджет есебiнен 2 топ ашылды,1 топ мемлекеттiк тiлдi үйренуге және 1 топ ағылшын тiлiн үйренуге.

Жыл сайын мемлекеттiк тiлдi меңгеру деңгейiн анықтау мақсатында, мемлекеттiк қызметшiлерге, жергiлiктi атқарушы органдарға, бiлiм беру мекемелерiнiң ұйымдарына, маусым айында «Қазтест» өтедi.

Жамбыл ауданының
мәдениет және тiлдердi
дамыту бөлiмiнiң басшысы
Б. Рамазанов

Мұрағат 2016 ж. (ZIP 23 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 29.08.2017 16:05

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.06.2018 18:16

СҚО Жамбыл ауданы әкiмi
Әбiшев Мұратбек Жапасұлы

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+