Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болады

2016 жылғы 1 қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының заңы (бұдан әрi — Заң) қолданысқа енгiзiлдi.

Заңның 26-бабына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттiк лауазымдарына бiрiншi рет қабылданатын немесе жаңадан қабылданатын азаматтар мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн iрiктеудiң келесi кезеңдерiнен өтедi:

  1. уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен тестiлеу;
  2. уәкiлеттi органда қорытынды ала отырып, жеке қасиеттерiн бағалау;
  3. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға жалпы конкурс.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестiлеудi ұйымдастыру қағидалары, бағдарламалары (бұдан әрi — Қағидалар) бекiтiлсiн.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға үмiткерлердi Қазақстан Республикасының заңнамасын және мемлекеттiк тiлдi бiлуге тестiлеу(бұдан әрi — заңнаманы бiлуге тестiлеу) ережесiне сәйкес үш бағдарламадан тұрады.

Бiрiншi бағдарлама: 9 Заң, бiрiншi бағдарлама бойынша тестiлеуден өту мәнi барлық нормативтiк құқықтық актiлер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (145 сұрақ) кемiнде 102 дұрыс жауапты және әрбiр нормативтiк құқықтық актiлер бойынша кемiнде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Бiрiншi бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуге арналған тестiлердi орындауға арналған жалпы уақыт 115 минутты құрайды.

Екiншi бағдарлама: 8 Заң, екiншi бағдарлама бойынша тестiлеуден өту мәнi барлық нормативтiк құқықтық актiлер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кемiнде 78 дұрыс жауапты және әрбiр нормативтiк құқықтық актiлер бойынша кемiнде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Екiншi бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуге арналған тестiлердi орындауға жалпы уақыт 105 минутты құрайды.

Үшiншi бағдарлама: 6 Заң, үшiншi бағдарлама бойынша тестiлеуден өту мәнi барлық нормативтiк құқықтық актiлер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кемiнде 50 дұрыс жауапты және 2 әрбiр нормативтiк құқықтық актiлер бойынша кемiнде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Үшiншi бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуге арналған тестiлердi орындауға арналған жалпы уақыт 85 минутты құрайды.

Шектi мәннен жоғары нәтижелерi бар заңнаманы бiлуге тестiлеуден өту кезiнде үмiткер 20 минут iшiнде жеке қасиеттерiн автоматтандырылған бағалауға тестiлеуге жiберiледi.

Жеке қасиеттерiн автоматтандырылған бағалау шеңберiнде кандидаттардың даму деңгейi анықталады: бастамашылық, коммуникативтiк, талдаушылық, ұйымшылдық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Заңнаманы бiлуге тестiлеу нәтижелерi бойынша сертификат, жеке қасиеттерiн бағалау нәтижелерi бойынша — қорытынды берiледi.

Олар бiр жыл бойы әрекет етедi және үшiншi кезеңге — мемлекеттiк орган әңгiмелесу нысанында өткiзетiн жалпы конкурсқа қатысу үшiн ажырамас құжаттар болып табылады.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары (Zip 30 Kb)

Мемлекеттiк қызметшiлердi және бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға үмiткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесi (Zip 30 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 25.08.2017 10:58

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.03.2019 15:46

СҚО Жамбыл ауданы әкiмi
Әбiшев Мұратбек Жапасұлы

Промышленная Революция 4.0

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+