Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Ауданның тарихы

Жамбыл ауданы облыстың солтүстiк-батыс бөлiгiнде орналасқан. 1970 жылы Преснов, Мамлют, Сергеевка аудандарын iрiлiендiру базасында құрылып орталығы Благовещенка болған. 1997 жылы кәзiргi шекараларын қосу арқылы 1928 жылы құрылған Преснов ауданымен бiрiктiрiлген. Ауданның аумағы 7,46 шаршы метр. Халық саны 21,97 мың адам, 53 елдi мекен 13 округқа бiрiктiрiлген. (2013 ж.). Аудан орталығы — Пресновка селосы. Жамбыл ауданы әдеттегi шұңқырлы — төбелi жазығында Есiл-Тобыл өзендерiнiң арасында Батыс Сiбiр ойпаң жерiнде орналасқан. Ауданның климаты шұғыл котинетальды, қаңтар айының орташа температурасы -18-190С, шiлде айында +18+19. Жыл сайынғы жауын-шашын түсiмi 300-330 мм. Қыста қар аз, жазы ыстық, орташа жылдық ылғал 74 пайыз, орташа қардың қалыңдығы 16-18 см. Гидротехникалық коэффициент 0,80. Қазба байлықтарымыздың iшiнде құрылыс матриалдары басым. 150 тұщы көл бар. Оның iшiнде Үлкен Қарақамыс, Тахтакөл. Майбалық және т.б. Көбiнiң балық шаруашылығы үшiн маңызы бар. Топырақ бетi алуан түрлi, төбелiндегi қара топырақты жазықтықты-шабындықта, өсiмдiктiң өсiп-өнуiне күшi аз, жоталарының етегiнде және көлдiң шұңқырлы етектерi сортаң жерлердiң қалыптасуына мүмкiндiк туғызады. Аудан аумағында селеу шөп, бетеге, жiбектi жусан, өрмелеп өсетiн бидайық, селбен, қылтанақсыз арпабас және басқа да көптеген шөптер өседi. Көп дәрiлiк және балдық өсiмдiктер де бар. Көктемгi адонистiң үш түрi, тәттi жапырақты таспашөп және таза-ақ тұңғиық атты шөптер Қазақстанның Қызыл кiтабына енгiзiлген. Ағаш өсiмдiктерiнiң арасында көп тарағандары — қайың, көктерек, терек, қылқан жапырақты ормандарда жас қарағайлар, ал шiлiктiлерден — тал, шие, итмұрындық және долана өседi. Ауданның ормандары мен жазық далаларында сүт қоректiлер: бұлан, елiк, түлкi, қарсақ, ақ қояндар, құстардың iшiнде сұр қаз, ақ маңдайлы қаздар, көлдегi үйректер, жүзуiш гагралар, сұр және ақ көкқұтандар мекен етедi. Тұяқты жануарларды, бұланды және қылқан жапыратқты ормандардағы түз аң-құстарды сақтау үшiн 3980 гектарлы орманды алқапты алып жатқан «Чернолесье», «Жаңажол» және «Троицкое» 3 шағын қорығы құрылды. Боз суырларды сақтау және тарату үшiн 2290 гектарды алып жатқан шалғынды далада «Жаңажол» және «Преснов» 2 шағынды қорығы бар.

Ауданымыздың жерiнде тарихта мәңгi аты қалған тарихи тұлғалар Толыбай сыншы, Сегiз Серi, Қожаберген жырау, Тоқсан би, Сексен батыр, Нияз серi, Шағырай-сал, Баймұхамет Iзтөлин, Игiбай Әлiбаев, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсiрепов, Иван Шухов, Сафуан Шәймерденов өмiр сүрген. Г. Потаниннiң, В. Дьяченконың балалық шағы осы өңiрде өткен. Аудан аумағында тарихи оқиғалардың өтiкiзiген жылдары С. Мұқановтың мерейтойы (2000 жыл), Ғ. Мүсiреповтың мерейтойы (2002 жыл) Қожаберген жыраудың 240-жылдығы (2002 жыл), Социалистiк еңбек Ерлерi: А.Т. Самсонов, И.Т. Яненко, Е.Ш. Шайкин, А.Л. Асадулаев, И.Н. Калмыков, В.А. Самсонов, И.В. Подолянник, Т. Мұстафин, К.С. Сұрағанов.

Ауданнан майданға Советтер Одағының Батыры В.М. Довженко, Құрмет орденiнiң толық кавалерi Я.И. Батырев, Ә. Дәрменов, К.И. Мосякин аттанды.

Мақаланың шыққан күні: 22.08.2017 16:38

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.08.2017 16:38

СҚО Жамбыл ауданы әкiмi
Әбiшев Мұратбек Жапасұлы

Промышленная Революция 4.0

Қазан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+