Инвестициялық алаңдар (ZIP 2712 Kb)
2020 жылғы қаңтар-наурыздағы инвестициялық қызмет
2020 жылдың 1 тоқсанында негізгі капиталға инвестицияның күтілетін көлемі 1210 млн. теңге сомасында жоспарланды, НКИ 105,5%.
1 тоқсанның қорытындысы бойынша көлемнің орындалуы 1494,8 млн. теңгені құрады, НКИ 132,1%, оның ішінде жеке инвестициялар 1494,8 млн. теңге, НКИ 134,8%.
Көрсеткіштің орындалуы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жаңа ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуы есебінен қамтамасыз етілген.
2019 жылғы инвестициялық қызмет
СҚО статистика департаментінің ресми мәліметтеріне сәйкес 2019 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі 8212,2 млн. теңгені құрады, НКИ 105,5% құрады, оның ішінде жеке инвестициялар 7830,5 млн. теңге, Бюджеттік инвестициялар 381,7 млн. теңге, облыстық көлемде ауданның үлесі 3,5% құрады. Жыл қорытындысы бойынша облыс аудандары арасында Жамбыл ауданымен жеке инвестициялардың 29,4% жоғары өсу қарқыны қамтамасыз етілді, ол жалпы көлемде 95,4% құрады. 1 бюджеттік теңгеге 20,5 теңге жеке инвестициялар келеді.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың салалық құрылымында ең үлкен үлес ауыл шаруашылығына (82,7%), өнеркәсіпке (2,4%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (6,1%), ақпарат пен байланысқа (4,9%), өзгелерге (3,9%) келеді.
Қаржыландыру көздері бойынша инвестициялардың жалпы көлеміндегі меншікті қаражат үлесі 6222,5 млн. теңгені (75,8%), банк кредиттерінің үлесі 314 млн. теңгені (3,8%), басқа қарыз қаражатының үлесі 1294 млн. теңгені (15,8%), бюджет қаражаты 381,8 млн. теңгені (4,6%) құрайды.
Сыртқы инвестициялардың көлемі 341,4 млрд. теңгені құрады, инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 4,2%-ды құрайды.
«Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікті кредит беру тетігі
«Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікті кредит беру тетігі аясында 2019 жылы аудан экономикасының басым секторларында инвестициялық жобаларды тарту бойынша жұмыстар жүргізілді.
Жалпы сомасы 206 млн. теңгеге 4 жоба іске асырылды , оның ішінде Қайранкөл а/о «Солтүстік Жер» ЖШС 70 млн. теңге, Преснов а/о 2 жоба «Егін Жай Зерно» ЖШС 130 млн. теңге, Благовещенка а/о «Байжұман» Ф/Ш 6 млн. теңге. Аграрлық-несие корпорациясы арқылы қаржыландырылды.
2020 жылы Майбалық а/о «Агрофирма Жамбылская» ЖШС майлы дақылдарды өсіру үшін ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға 530 млн. теңге сомаға жоба мақұлданды.
Мақаланың шыққан күні: 29.08.2017 09:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.04.2020 17:40