Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

ЭКСПО-2017 туралы ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесi

2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астана қ. «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы халықаралық мамандандырылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесi ұйымдастырылады.

Көрме билетiнiң құны:

Белгiленгенапта күнiне билет — 4000 теңге, демалыс күнi — 6000 теңге

Белгiленбеген апта күнiне билет — 6000 теңге, демалыс күнi — 8000 теңге және жоғары.

Сату орындары:

Билеттердi «Қазпошта» АҚ барлық бөлiмшелерiнде сатып алуға болады, қаласының «Турист» туристiк фирмаларда (Амангелдi көшесi, 141, тел. 46-35-56), «Прогресс» (Интернациональная көшесi 55, тел. 46-98-44), 2-қабатта «Рахмет» СОО (ресми билет кассасы «ЭКСПО-2017») (https://expo2017astana.com) сондай-ақ көрменiң ресми сайты арқылы алуға болады.

Қазақстан Республикасы азаматтарына жеңiлдiк билеттерi көзделген

Жеңілдік билеттерді сатып алуға құқығы бар адам санаттары Билет құны
ҰОС қатысушылары мен мүгедектері Тегін
Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар   Тегін
Барлық топтағы мүгедектер   Тегін
Жетім балалар   Тегін
6-жасқа(қоса алғанда) дейінгі балалар   Тегін
Оқушылар   Билет құнынан 50%
Студенттер   Билет құнынан 50%
Зейнеткерлер   Билет құнынан 50%
Көп балалы ата-аналар   Билет құнынан 50%
4 не одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар, көп балалы отбасылар   Билет құнынан 50%

Шет елдердiң азаматтарына жеңiлдiктерқолданылмайды. Тек, 6 жасқа дейiнгi балалар үшiн кiру еркiн.

Толығырақ ақпаратты http://expo2017astana.com ресми сайтынан ала аласыздар.

«ЭКСПО-2017» көрме кешенi

«ЭКСПО-2017» көрме кешені

2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астана қ. «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы халықаралық мамандандырылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесi ұйымдастырылады.

Көрменiң басты мақсаты — жауаптылыққа шақыру, пiкiрталастар тудыру және адамдардың табиғат үшiн келетiн зиянды барынша азайтып энергия тұтынуды жоспарлап бақылау бiлуге үйрету бiлiмiн қалыптастыру.

Келушiлердiң жалпы саны шамамен 5 миллионды құрайды деп болжанады. Келушiлердiң жалпы санынан 85%-ын қазақстандықтар (Солтүстiк-Қазақстан облысы — 100 мың адам), ал 15%-ын шетел мемлекеттерiнiң азаматтары құрайды деп жоспарланып отыр, олардың көпшiлiгi ТМД елдерi мен Қытайдан келедi. Туристердiң едәуiр саны Еуропа, Түркия мен АҚШ-тан келедi деп күтiледi. Павильондар дайындауға 100 ел мен 10-нан астам халықаралық ұйым қатысады.

ЭКСПО-2017 көрмесi — Тәуелсiз Қазақстанның ең көлемдi жобасы. Астана Халықаралық көрмелер бюросына мүше 161 мемлекет өкiлдерiнiң құпия дауысқа салу барысында Халықаралық көрме бюросының (ХКБ) 152 Бас ассамблеясы кезiнде 2012 жылғы 22 қарашада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрменi өткiзудiң орны ретiнде таңдалды. Астана өтiнiмiне 103 ел қолдау көрсеттi. Алдағы көрме елдiң барлық өңiрлерi қатысатын ұлттық жоба болып табылады.

«Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенiнiң жалпы алаңы 174 гектарды құрайды. Көрме аймағында Қазақстанның Ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық және ұжымдық павильондар, сауда-көңiл көтеру объектiлерi орналастырылады. Көрмеден тыс аймақта жиналыс орталығын, баспасөз орталығын, жабық қала, тұрғын үйлер мен қонақ үйлер .

ЭКСПО басты ғимараты — алдыңғы қатардағы технологиялар пайдаланып шар түрiнде салынатын Қазақстанның ұлттық павильоны. «Сфера» басты объектiде мақсатты футуристiк дизайндi бұзбай электр энергиясын өндiруге мүмкiндiк беретiн жаңа фотоэлектр технологиялар қолданылатын болады. Павильон желiден электр энергиясын тұтынуды төмендетудi қамтамасыз етедi. Осы технология екi шусыз жел генераторларымен берiледi, оларды қала iшiнде орналастыруға болады және олар жел бағыты мен тауытқуына тәуелдi болмайды.

Сфераның тақырыптық тұжырымдамасы «Болашақ энергиясының мұражайы» ретiнде берiледi. Сфера табаны маңында 5000 кв. м. аумақта екi негiзгi аймаққа бөлiнген Ұлттық павильон орналасады. Қазақстанмен танысу аймағы келушiлердi Қазақстанның жер бедерiмен, мәдениетi, тарихы, қазiргi жағдайы мен келешегiмен таныстырады. «Жасампаз энергия» аймағында «жасыл экономика» тақырыбы бойынша отандық ғалымдардың үздiк жобалары қойылады..

Сфераның сегiз деңгейiнде келушiлер энергетика саласында — ғарыш, күн мен жел, биомассалар, су және кинетикалық энергиялармен танысады. Соңғы деңгей келешек Астанаға — 2050 жылғы Қазақстан астанасына арналатын болады.

Бұдан басқа «Астана ЭКСПО-2017» Үздiк Практикалар аймағын таныстырады — бұнда жаңартылатын энергия көздерiн өндiру, сақтау және тасымалдау саласында 25-30 үздiк әлемдiк тәжiрибе таныстырылатын болады. Көрменiң тақырыбы ашылатын қорытынды алаң Қоғамдық аймақтар болады. Олар Болашақ энергиясының тұжырымдық негiздерiне арналатын болады, осы үлгiмен ЭКСПО тақырыбын ашу жалғасады.

«Астана ЭКСПО-2017» сатып алуға билеттерiнiң акциясы

«Ұлттық компаниясы» «Астана ЭКСПО-2017» Акционерлiк қоғамы «кешкi» — жаңа билеттердiң түрi туралы хабарлайды ол 18.30 бастап 1 шiлде 10 шiлде кезеңiнде «Астана ЭКСПО-2017» көрмеге бару құқығын бередi. Жұмыс күнiне билеттiң құны-2 мың теңге және 3 мың теңге демалыс күнiне. Сондай-ақ билет шарттары азаматтардың артықшылық санаттарына қолданылады, олар үшiн билет құны 2 есе аз жеңiлдетiлген баға — 1 мың теңге жұмыс күнi және 1,5 мың демалыс күнiне.

Сонымен қатар, «Астана Күнiне» орай 2017 жылы 1 шiлдеден бастап 10 шiлдеге дейiн акция жүргiзiледi- көрмеге кiру кезiнде үш билет сатып алынса келушiлерге бiр билет сыйлыққа берiледi.

Сондай-ақ көрмеге, 18 жасқа дейiнгi балалар мен жасөспiрiмдер демалыс күндерiне тегiн келуге болады.

I. Астана ЭКСПО дисконттық картасы

Кез-келген жолаушы өз ықтияры бойынша төмендегiнi көрсететiн Астана ЭКСПО дисконттық картасын сатып ала алады:

«Тұлпар-Тальго» коммерциялық поездарымен жүруге 15 пайыздық жеңiлдiк (2017 жылдың аяғына дейiн);

сыйлыққа  ЭКСПО-ға 1 премиум билет, демалыс күндерiне уақыты ашық көрсетiлген (бүгiнгi күнi аталған ЭКСПО билетiнiң құны ЭКСПО кассаларында 8000 теңге);

Дисконттық картаның құны — 9999 теңге.

Дисконттық картаны Астана, Алматы-I, Алматы-II, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент, Жамбыл (Тараз), Защита (Өскемен), Атырау, Орал, Маңғыстау (Ақтау), Павлодар, Петропавловск, Қызылорда, Қостанай, Семей т.б. iрi темiржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.

II. Кешендi  қызметтер  (темiр жол билетi + ЭКСПО билетi) 

Жолаушы темiржол кассаларынан құны 2000 теңгеден жоғары тұратын  «Жолаушы тасымалы» поезының билетiмен қатар ЭКСПО билетiн қоса (қосымша төлемге сай) сатып алу енгiзiлген кешендi қызметтi пайдалана алады.

ЭКСПО билетiнiң 3 түрi ұсынылады:

  1. Жұмыс күндерi уақыты көрсетiлген ЭКСПО билетi, яғни жолаушы жұмыс күндерi өзiне ыңғайлы күнге ыңғайластырып көрмеге қатыса алады;
  2. Демалыс күндерi уақыты көрсетiлген ЭКСПО билетi, яғни жолаушы демалыс күндерi өзiне ыңғайлы күнге ыңғайластырып көрмеге қатыса алады;
  3. Демалыс күндерi уақыты ашық қалдырылған ЭКСПО билетi, яғни жолаушы кез-келген демалыс күндерi  көрмеге қатыса алады;

Жолаушы кешендi қызметтi сатып алу барысында 1600 ден 4000 теңгеге дейiн үнемдей алады (ЭКСПО билетiнiң түрлерiне қарай). Жекелей ЭКСПО билеттерi сатылмайды.

«Жолаушы тасымалы» АҚ-на сұраныс жолдау арқылы кешендi қызметтi жолаушы топтарына (10 адамнан жоғары) рәсiмдеуге болады.

Қосымша ақпаратты 8(7172) 60-02-49 телефоны, www.temirzholy.kz сайты және 105 анықтамалық қызметi бойынша алуға болады.

Мақаланың шыққан күні: 29.08.2017 12:12

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.08.2017 12:14

СҚО Жамбыл ауданы әкiмi
Әбiшев Мұратбек Жапасұлы

Промышленная Революция 4.0

Қазан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+