Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Құқықтық ақпараттық сұрақтары бойынша

АХАТ (АХАЖ) электронды мұрағаты

2008 жылға дейiн тiркелген акт жазбаларын, жеке мәлiметтердi түзету бойынша жұмыстың басталғанын хабарлайды.

Қазiргi уақытта қағаз форматтан электронды форматқа көшiрiлген акт жазбаларындағы мәлiметтердi түзету бойынша жұмыстар жүрiп жатыр, соған байланысты азаматтардың жеке мәлiметтерiнде дұрыс емес мәлiметтердiң болуы мүмкiн. 2018 жылдың маусымынан бастап, азаматтарға 2008 жылға дейiн тiркелген мұрағаттық акт жазбаларын, өздерiнiң жеке мәлiметтерiн тексеру қолжетiмдi болады. Мұрағаттық жазбаларда қатенiң болмауын жетi жағдай бойынша тексеруге болады: туу, қайтыс болу, некенi қию, некенi бұзу, бала асырап алу (қыз асырап алу), әке болуды анықтау, тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерту.

Тiркеушi органдар (АХАТ бөлiмдерi) әдiлет органдарымен, «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясымен, жеке нотариустармен және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрге, сканерлеу жүргiзу кезiнде азаматтармен өзгерiстер, түзетулер (мысалы, неке бұзылды,ТАӘ ауыстыру, бала асырап алу, әке болуды анықтау және т.б.жүргiзiлдi) енгiзiлгендiктен, акт жазбаларындағы ескiрген алғашқы мәлiметтердi түзету, сонымен бiрге атрибуттау кезiнде жiберiлген қателердi жою бойынша жұмыстар жүргiзуде.

Сәйкес келмеушiлiк анықталған жағдайда азаматтар үшiн түзетуге өтiнiм берудiң үш нұсқасы қарастырылған.

  1. «Электронды үкiмет» порталы арқылы «жеке кабинетте» өтiнiмдi өзi қалдырады (АХАЖ АЖ мәлiметтердi жаңарту бойынша қызмет). Дұрыс емес мәлiметтердi түзету үшiн сканерленген құжаттарджың көшiрмелерiн eGov.kz порталы арқылы жiберу жеткiлiктi. Қызметтi көрсету мерзiмi 1 күндi құрайды, қызмет тегiн көрсетiледi;
  2. «ХҚКО» ақпараттық жүйесi арқылы өтiнiм беруге мүмкiндiктерi бар Мемкорпорация қызметкерлерi арқылы;
  3. Ақпараттық жүйелерi «АХАЖ» ақпараттық жүйесiмен бiрiктiрiлген мемлекеттiк органдарға, жеке нотариустарға қандай да болса қызмет алу үшiн жүгiну кезiнде.

Мемлекеттiк органдарға немесе жеке нотариустарға жүгiнген кезде, өтiнiш берушiлерге тиiстi түзету енгiзу үшiн, тiркеушi органдарға (АХАТ бөлiмдерiне) немесе әдiлет департаменттерiне жүгiнуге ұсыныс берiледi.

Осы жұмыс тұрақты түрде жүргiзiлетiн болады.

Сонымен бiрге, азаматтар қағаздағы мәлiметтердi электронды форматқа көшiру кезiнде жiберiлген дұрыс емес мәлiметтердi ғана түзетуге болатынына назар аудару қажет. Қағаз акт жазбаларындағы, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердегi қателердi заңда белгiленген тәртiпте түзетуге болады.

«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешiм қабылдауы» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi

«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешiм қабылдауы» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi тұрғын үй қатынастары саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органның құрылымдық бөлiмшелерiмен көрсетiледi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру:    

  • «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (ХҚКО);
  • «Электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi Мемлекеттiк корпорацияға (ХҚКО) құжаттар пакетiн тапсырған күннен бастап, сонымен қатар порталға өтiнiш берген кезде — 30 (отыз) күнтiзбелiк күн.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлi) өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

  • Мемлекеттiк корпорацияға (ХҚКО):

осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң коммуналдық тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйдiң бар немесе жоқ екенiн тексеруiне келiсiмiн көрсете отырып, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу туралы өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн түпнұсқасы талап етiледi);

республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемiнде үш жыл тұрғанын растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi (тек Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар қалаларда, астанада тұратын азаматтары үшiн);

некеге тұру (бұзу) (2008 жылғы 1 маусымға дейiн), отбасы мүшелерiнiң қайтыс болуы (2007 жылғы 13 тамызға дейiн), балалардың тууы туралы куәлiктердi (2007 жылғы 13 тамызға дейiн);

жалғыз тұрғын үйi авариялық жағдайда деп танылса, азаматтар тиiстi жергiлiктi атқарушы органның анықтамасын ұсынады;

халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын көрсетiлетiн қызметтi алушылар (жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) өтiнiш жасаған кезде:

өтiнiш жасаудың алдында соңғы он екi ай iшiнде отбасының әрбiр мүшесiне шаққандағы табысы туралы мәлiметтер қосымша ұсынылады;

мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттарына жататын көрсетiлетiн қызметтi алушылар өтiнiш жасаған кезде:

жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы қосымша ұсынады;

ғарышкерлiкке кандидаттар, ғарышкерлер:

Қазақстан Республикасының Үкiметi берген, олардың мәртебесiн растайтын құжаттарды ұсынады;

отбасы тұратын тұрғын үй белгiленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмеген немесе жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы:

тиiстi уәкiлеттi органның анықтамасын қосымша ұсынады.

  • порталда:

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату;

республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемiнде үш жыл тұрақты тұру фактiсiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi (тек Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар қалаларда, астанада тұратын азаматтары үшiн);

некеге тұру (бұзу) (2008 жылғы 1 маусымға дейiн), отбасы мүшелерiнiң қайтыс болуы (2007 жылғы 13 тамызға дейiн), балалардың тууы туралы куәлiктiң (2007 жылғы 13 тамызға дейiн) электрондық көшiрмесi;

жалғыз тұрғын үйi авариялық жағдайда деп танылса, тиiстi жергiлiктi атқарушы органның анықтамасының электрондық көшермесi ұсынылады;

халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын көрсетiлетiн қызметтi алушылар (жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) өтiнiш жасаған кезде:

өтiнiш жасаудың алдында соңғы он екi ай iшiнде отбасының әрбiр мүшесiне шаққандағы табысы туралы анықтаманың электрондық көшермесi қосымша ұсынылады;

мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттарына жататын көрсетiлетiн қызметтi алушылар өтiнiш жасаған кезде:

жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманың электрондық көшiрмесi қосымша ұсынылады;

ғарышкерлiкке кандидаттар, ғарышкерлер:

Қазақстан Республикасының Үкiметi беретiн, олардың мәртебесiн растайтын құжаттарды ң электрондық көшiрмесiн ұсынады;

отбасы тұратын тұрғын үй белгiленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмеген немесе жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы:

тиiстi уәкiлеттi органдар анықтамасының электрондық көшермесiн қосымша ұсынады.

Жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некенi бұзу туралы (2008 жылғы 1 шiлдеден кейiн), қайтыс болу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейiн), балалардың тууы туралы куәлiктiң (2007 жылғы 13 тамыздан кейiн), меншiк құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдiң бар немесе жоқ екенi туралы анықтамалардың, мекенжай анықтамаларының, басқа адамдарды көрсетiлетiн қызметтi алушының отбасы мүшелерi деп тану туралы сот шешiмiнiң, көрсетiлетiн қызметтi алушының немесе оның отбасы мүшелерiнiң халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мәлiметтерi көрсетiлетiн қызмет берушiге тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден «электрондық үкiмет» шлюзi арқылы электрондық құжаттар нысанында берiледi.

Құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi құжаттардың электрондық көшiрмелерiн жасайды, содан кейiн тұпнұсқаларды көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға Мемлекеттiк корпорация ұсынған нысан бойынша келiсiм бередi.

Мемлекеттiк корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.

Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды беру азаматтың (не нотариалды расталған сенiмхат бойынша оның өкiлiнiң) жеке куәлiгi растайтын құжат ұсынылған кезде жеке қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация бiр ай бойы нәтиженiң сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды көрсетiлетiн қызметтi алушыға одан әрi сақтау үшiн бередi. Бiр ай өткен соң көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш жасаған кезде Мемлекеттiк корпорацияның сұратуы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнi iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға дайын құжаттарды жiбередi.

Портал арқылы өтiнiш жасаған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсетуге арналған сұрауды қабылдау туралы мәртебе көрсетiледi, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiле отырып, хабарлама жiберiледi.

«Электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуi

Электрондық үкiмет — бұл ақпараттық технологиялар мемлекет пен азаматтарды және де мемлекеттiк органдарды бiр-бiрiмен өзара әрекеттестiретiнбiрiңғай механизмi. Дәл осы механизм мемлекеттiк органдарынан анықтамаларды, куәлiктердi кезектi қысқартып, жеңiлдетуге және жеделдетуге мүмкiндiк бередi.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ АХАТ құрылымдық бөлiмшесi азаматтық хал актiлерiн тiркеу туу туралы, неке қиюды (ерлi-зайыпты) туралы, қайталама куәлiктер немесе анықтамалар, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы, атын, әкесiнiң атын, тегiн ауыстыруды тiркеу, неке бұзу туралы балама негiзiнде «электрондық үкiмет» www.egov.kz веп-портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетедi.

«Электрондық үкiмет» порталынан мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуды жеңiлдету мақсатында бiр реттiк парольдiң көмегiмен қызметке тапсырыс беруге мүмкiндiк жасалған.

Ол қалай жұмыс iстейдi? Бiр реттiк пароль — бұл sms-хабарлама, ол жұрау жiбергеннен кейiн азаматтың мобильдi телефонына келедi. Ол телефонына тексерiс кодын алады, оны egov.kz енгiзу қажет. Кодты енгiзгеннен кейiн портал автоматты түрде сiздiң номерiңiздi тексередi және телефон номерi мен осы базада тiркелген номермен сәйкес келген жағдайда сұралған қызмет нәтижесi тез арада ұсынылатын болады.

Мобильдi азаматтар базасына қалай тiркелуге болады?

Телефон номерiңiздi алушының жеке кабинетiнде не «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясына жүгiну арқылы ЖСН байлауға болады.

Мақаланың шыққан күні: 02.08.2018 16:37

Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.08.2018 17:09

СҚО Жамбыл ауданы әкiмi
Әбiшев Мұратбек Жапасұлы

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+