Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

ҮЕҰ Дерекқоры

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 19 ақпандағы
№51 бұйрығына
қосымша

Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары

РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз!

Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 06.12.2017 №175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

Осы Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметтері жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 41-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 6-1) тармақшасынасәйкес әзірленді және үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде мәліметтерді ұсыну және дерекқорын үкіметтік ұйымдардың қалыптастыру тәртібін айқындайды. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:

1) үкіметтік емес ұйым – ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда).

2) Үкіметтік емес ұйымдар дерекқоры (бұдан әрі – Дерекқор) – үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор;

2-тарау. Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну тәртібі

Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері жөніндегі мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға 1-қосымшағасәйкес қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын 31 наурызға дейін қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол немесе электрондық түрде веб-портал арқылы ұсынады.

Үкіметтік емес ұйымдар есепті кезең үшін ақпаратты көрсете отырып ағымдағы жылдағы іске асырылатын жобалар жөніндегі ақпараты бар өз қызметтері туралы мәліметтерін ұсынады.

Есепті кезең Дерекқорға мәліметтер ұсыну жылының алдындағы күнтізбелік жылы деп түсіндіріледі.

Осы Қағидаларға 1-қосымшадағы кестелер осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.

Үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер уәкілетті органға пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынылған жағдайда, үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы мәліметтерді ілеспе хатпен жолдайды. Үкіметтік емес ұйымдар мәліметтер туралы веб-портал арқылы уәкілетті органға ұсынған жағдайда, мәліметтер заңды тұлғаға берілген электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген және Қазақстан Республикасы аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдар және өкілеттіктер) бар үкіметтік емес ұйымдар осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте филиалдар немесе өкілеттіктер туралы мәліметтерді ұсынады. Осы Қағидаларда 1-қосымшадаI, II және VII бөлімнің 1-кестесінің 1-қосымшада көзделген үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, үкіметтік емес ұйымдар өзгертілген мәліметтерді қазақ және орыс тілдерінде пошта арқылы немесе қолма-қол немесе электронды түрде «Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқоры» веб-порталы арқылы осындай өзгерістер пайда болған күннен бастап жиырма жұмыс күн ішінде уәкілетті органға ұсынады.

Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 12.07.2018 №68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

7-1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 213-бабына сәйкес есепті кезең басталғанға дейін және есепті кезең ішінде өз қызметін қайта бастамаған, сондай-ақ тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысында салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған үкіметтік емес ұйымдар үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсынбайды.

Ескерту. 2-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қоғамдық даму министрінің 12.07.2018 №68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3-тарау. Үкіметтік емес ұйымдар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі

Уәкілетті органдар үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыруды үкіметтік емес ұйымдар және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мәліметтер негізінде жүзеге асырады. Уәкілетті орган үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді алған кезде, олардың уақтылығын, толықтығын және анықтылығын қарайды.

Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді, осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынылған жағдайда уақтылы болып саналады.

Осы Қағиданың көрсетілген 1-қосымшасына сәйкес мәліметті толық ұсыну, бұл барлық кестені толтыру болып табылады.

Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді толық ұсыну уәкілетті органға жолдау күннің шындығына сәйкес келген жағдайда, анық болып саналады. Грамматикалық қателер үкіметтік емес ұйым туралы мәліметтерді анық емес деп тану үшін негіздеме болып саналмайды.

Уәкілетті орган үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтердің келіп түсуіне қарай он бес жұмыс күн ішінде Дерекқорды жаңартады. Үкіметтік емес ұйымдарды Дерекқордан алып тастауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімінен үкіметтік емес ұйымдарды алып тастау туралы ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады. 12. Дерекқорға ұсынатын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді тексеруді жүзеге асыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын 10 сәуірге дейін аумақтық әділет органдарынан және мемлекеттік кірістер органдарынан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен үкіметтік емес ұйымдар туралы (тіркеу/қайта тіркеу күні, мекенжайы, құрылтайшылары, басшылары және олардың байланыс деректері, соңғы есепті мерзімге салықтық есеп беру күні) қорытынды мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады. Мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде, пошта арқылы қағаз және электрондық тасығыштарда ұсынылады.

Қосымша (DOCX 45 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 13.03.2018 11:59

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.03.2020 20:12

СҚО Жамбыл ауданы әкiмi
Ескендiров Марат Мәкенұлы

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКСПОРТ ПОРТАЛЫ ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚБолашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2020 Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+