Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Көкейтестi

Абаттандыру ережесiн сақтау бойынша жадынма

Құрметтi Жамбылдықтар және бiздiң ауданның қонақтары!

Бiздiң әрқайсымыз ыңғайлы, жайлы жағдайда өмiр сүрудi және жұмыс iстеудi қалайды.

Кәнекей, оларды бiрлесiп жасайық !

Сiздер назарларыңызды облыстық мәслихаттың 2017 жылдың 11 сәуiрiндегi №13/21 шешiмiмен бекiтiлген Солтүстiк Қазақстан облысындағы қалалардың және елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру Қағидаларына аударуларыңызды сұраймыз.

Сiздерге көмек ретiнде абаттандыру Қағидаларының кейбiр ережесiн ұсынамыз.

I. Жеке және заңды тұлғалар:

көшелер және үй нөмiрлерi көрсетiлген тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстайды;

қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулет нысандарын тиiстi жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтiп-ұстайды;

дербес өз қаражаты есебiнен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлiнген аумақты санитариялық күтiп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етедi;

ғимараттардың қасбеттерiн және олардың жекелеген элементтерiн (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтiру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргiзу. Дүкендер мен кеңселердiң көшелерге қасбеттермен шығатын витриналары жарықпен безендiрiледi.

II.Жол берiмейдi:

жалпыға ортақ пайдаланылатын алаңдар мен демалыс аймақтарын, көшелерiн ластауға;

тұрғын орамдарда, ортақ пайдалану орындарында, су бөлетiн мұнаралардың, су айдынында, көпшiлiк демалу орындарында, тұрғын үйлердiң подъездерi жанында көлiк құралдарын жөндеуге және жууға;

III. Қағида бұзылғандығы үшiн жауапкершiлiк: «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексiнiң 505-бабына сәйкес ескерту жарияланады немесе айыппұл салынады:

жеке тұлғалар үшiн 48 100 теңге көлемiнде (20 айлық есептiк көрсеткiшi (АЕК), бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер үшiн — 72 150 теңге (30 АЕК);

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар үшiн — 72 150 теңге (30 АЕК), бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер үшiн (40 АЕК);

орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн 96 200 теңге көлемiнде (40 АЕК), бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер үшiн — 120 250 теңге (50 АЕК);

iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн — 240 500 теңге (100 АЕК) бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер үшiн — 721 500 теңге (300 АЕК);

Құрметтi достар! Бiреулердiң келiп, бiз үшiн тәртiп орнатады деп күтудiң қажетi жоқ! Бiз өзiмiз, балаларымыз және немерелерiмiздiң жарқын болашағы үшiн ыңғайлы да жайлы жағдай жасауымыз керек.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң назарларына!

2018 жыл бойнша ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер, ауыл кооперативтерi, шаруа немесе фермер қожалықтары арнаулы салық режимiн қолданылатын туралы Хабарламаны ұсыну мерзiмi 2017 жылдың 10 желтоқсанда аяқталадыi.

Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттiк кiрiстер басқармасы

Лизинг берушiлер, ломбардтар, риэлторларға және бағалы металдар мен асыл тастар, олардан жасалған зергерлiк бұйымдардың дилерге мәлiмет үшiн

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы мониторингi комитетi (бұдан әрi — Комитет), Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Заңының (бұдан әрi — КЖ/ТҚҚ туралы Заң) 3-бабының 1-тармағы 13-16-тармақшаларына сәйкес,

лизинг берушi ретiнде лизингтiк қызметтi лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер және заңды тұлғалар;

ломбардтар;

бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлiк бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер және заңды тұлғалар;

жылжымайтын мүлiктi сатып алу-сату мәмiлелерiн жүзеге асыру кезiнде делдалдық қызметтер көрсететiн дара кәсiпкерлер және заңды тұлғалар қаржы мониторингi субъектiлерiне жатады деп бiлдiредi.

Қаржы мониторингi субъектiлерiмен мiндеттi түрде орындау үшiн КЖ/ТҚҚ туралы Заңымен рәсiмдер көзделген.

КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 3-бабы 3-тармағына сәйкес, жоғарыда көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен Комитетке, қызметтi бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жiберуге мiндеттi.

«Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингi субъектiсi болып табылатын тұлға қызметiнiң басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама, «Е-лицензиялау» мемлекеттiк дерекқорлар» ақпараттық жүйесiнде (www.elicense.kz) («Қаржы» бөлiгi — «Хабарлама жасау тәртiбi») автоматтандырылған.

Қызметтi бастағаны туралы хабарламаны қағаз жүзiндегi жiберген тұлғаларға, осы жүйе арқылы хабарламаны қайта жiберу талап етiлмейдi.

Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 17-бабы 2-тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың осы Заңда рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртiбi белгiленген қызметтi немесе әрекеттердi (операцияларды) тиiстi рұқсатты алмай немесе тиiстi хабарламаны жiбермей жүзеге асыруына жол берiлмейдi.

КЖ/ТҚҚ заңнаманың орындау үшiн қаржы мониторингi субъектiлерi, КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 4-бабымен көзделген, қаржы мониторингiне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар туралы мәлiметтер мен ақпаратты жiберуге мiндеттi.

КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес жоғарыда көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi мәлiметтер мен ақпаратты бөлiнген байланыс арналары арқылы ұсынады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 23 қарашадағы №1484 Қаулысымен бекiтiлген Қаржы мониторингi субъектiлерiнiң қаржы мониторингiне жататын операциялар туралы мәлiметтер мен ақпарат беру қағидаларын 3-тармағы 1-бөлiгiне сәйкес, Заңның 3-бабы 1-тармағының 1-6, 8-17 тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi ұсынатын ақпарат операция жасалған күннен кейiнгi жұмыс күнiнен кешiктiрмей уәкiлеттi органға «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының телекоммуникация желiлерi (АРМ-СФМ) немесе XML пiшiмiнде уәкiлеттi органның веб-порталы (Web-СФМ) арқылы жiберiледi.

Комитеттiн ресми интернет-ресурсында (kfm.gov.kz) «ҚМСК» — «ҚОМЖЖ» бөлiгiнде жүйелерiнде тiркеу туралы ақпарат орналасқан.

Web-СФМ жүйесi жеңiлдетiлген тiркеу болғаны және операциялардың үлкен емес саны бар қаржы мониторингi субъектiлерiне арналған атап көрсетемiз.

Осыған байланысты КЖ/ТҚҚ және рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамаларын бұзу жол бермеу мақсатында, КЖ/ТҚҚ туралы заңымен көзделген қажеттi шараларды қабылдау, қызметтi басталуы туралы хабарламаны жiберу және жоғарыда көрсетiлген жүйелерiнде тiркеу мiндеттi түрде ұсынамыз.

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
Қаржы мониторингi комитетi

БАҚ-та жарияланатын мақала жобасы (ZIP 8 Kb)

«Атамекенiм» акциясы кәсiпкерге жаңа мәртебе бередi

11 Қыркүйекте «Атамекен» алаңында Ұлттық кәсiпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев, кәсiпкер Қайрат Құдайбергеннiң қатысуымен баспасөз мәжiлiсi өттi. Баспасөз мәжiлiсiнде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Ұлттық палатаның бастамасымен «Атамекенiм» акциясының басталғаны туралы хабарлады.

Акцияның мақсаты — әлеуметтiк жауапкершiлiк мәселелерiнде бизнестiң бастамаларына қолдау көрсету. Акция Қазақстанның 16 өңiрiнде өтедi.

«Елiмiзде «Туған жер», «Туған жерге тағзым» атты шаралар өткiзiлiп келедi. Бiз Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру, бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында «Атамекен» акциясын ұйымдастырып отырмыз. Бұл акция аясында Ұлттық палата бiрнеше бастамаларды көтерiп отыр», — деп хабарлады Абылай Мырзахметов.

БАҚ өкiлдерiмен кездесу барысында Абылай Мырзахметов қайырымдылықты ынталандырудың экономикалық шаралары бар екенiн еске салды. Әлеуметтiк мәселелердiң шешiлуiне атсалысқан кәсiпкерлер белгiлi бiр салық жеңiлдiктерiн пайдаланады.

«Қолдағы ақпаратты қарайтын болсақ, салық жеңiлдiктерiн пайдаланудың тиiмдiлiгi, қайырымдылықтың қоғам дамуына әсерi туралы бағалау мен мониторинг жоқ. Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң мәлiметiнше, қайырымдылық бойынша салық салудың жеңiлдiк нормасын пайдаланған кәсiпорындар саны 2015 жылы 2 мыңға жеткен, ал салық салынатын табысты азайту сомасы — шамамен 46 млрд теңге», — дедi Басқарма Төрағасы.

Абылай Мырзахметов сонымен қатар «Атамекен» ҰКП бастамалар жайында таныстырып өттi.

«Бiз «Парыз» мемлекеттiк сыйлығын бекiтудi, «Үздiк әлеуметтiк кәсiпкер» аталымын беру туралы бастама көтерiп отырмыз. Басты мақсат — қайырылымдылық жасау, жақсылыққа шақыру идеясын таратып, әлеуметтiк жобаларды жүзеге асыруға үлес қосқан кәсiпкерлердiң үлесiн бағалау, ынталандыру», — деп түсiндiрiп өттi Басқарма Төрағасы.

Ал кәсiпкер Қайрат Құдайберген қайырымдылық жасаған, әлеуметтiк мәселелердi шешуге үлес қосқан кәсiпкерлер туралы ақпаратты тарату көпшiлiктi игi iстердi атқаруға үндеу екенiн атап өттi. Ал кәсiпкерлердiң көбi салық саласында белгiлi бiр артықшылыққа ие болатыны туралы хабарсыз екенiн айтқан бизнесмен ынталандыру шараларының ауқымы кең болуы керектiгiн ұсынды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев Ұлттық палата әзiрлейтiн Әлеуметтiк мәселелер тiзiмiн түсiндiрiп өттi.

«Бiз Қазақстан бойынша қандай әлеуметтiк мәселе бар екенiн жинақтағымыз келедi. Өңiрлер бойынша жеке-жеке сараланған мәселелер кәсiпкердiң әлеуметтiк мәселелердi шешуiне көмек болады. Кәсiпкер қандай да бiр көмек бере отырып, салықтық артықшылықтарды пайдалана алады», — дедi Эльдар Жұмағазиев.

«Атамекен» ҚР ҰКП ресми интернет-ресурсында «Қайырымдылық» айдары ашылады және осы айдарда Әлеуметтiк мәселелер тiзiмi жарияланады. Қандай да бiр көмекке немесе қолдауға мұқтаж азаматтар онлайн-режимде осы тiзiмге өтiнiм қалдыруға мүмкiндiгi бар. Кәсiпкерлер өтiнiм-тiлектермен таныса алады. Өтiнiм қалдыратын немесе керi байланысқа тапсырыс беруге болатын арнайы батырма да iске қосылады.

Бүгiнде «Атамекен» ҚР ҰКП Павлодар облысының әкiмдiгiмен бiрге Екiбастұз қаласы мен Шарбақты ауданын мысалға ала отырып, елдiмекендер жеке-жеке енгiзiлген Әлеуметтiк мәселелер тiзiмiн дайындады. Ұлттық палата облыстарда және әрбiр елдiмекенде жекелей атаулы қайырымдылық жобасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшiн мәселелерге сұрыптау жүргiзудi ұсынып отыр.

Баспасөз мәжiлiсiнде «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов атап Ұлттық палата кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту, жас ұрпақтың қаржылық сауатын ашу, интеллектуал ұлт қалыптастыру мәселесiне көңiл бөлiп отырғанын екреше атап өттi. Сонымен қатар меценаттардың, қайырымдылықпен айналысатын кәсiпкерлердiң де тiзiмiн дайындау туралы бастама көтерiлгенiн хабарлады.

«Атамекен» акциясы аясында Facebook пен Instagram әлеуеметтiк желiлерiнде жалпыға ортақ топтар ашылады. Аталған топтар әлеуеметтiк жауапкершiлiк танытатын азаматтар мен көмектесуге дайын бизнесмендердiң басын қосады. Аталған акция 2017 жылдың соңына аяқталады.

atameken.kz

1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесi және ондағы атқарушы өкiмет органдарын құрудың тәртiбi мен олардың мәртебесi туралы келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы хаттаманы ратификациялау туралы (ZIP 13 Kb)

Көкейтестi Көкейтестi Көкейтестi Көкейтестi Көкейтестi Көкейтестi

Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру — сапалы әрi қолжетiмдi медициналық көмек!

Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруды енгiзу

ҮЕҰ Дерекқоры бойынша жадынама

Құрметтi аудан тұрғындары!

Ауданның шалғай жатқан ендi мекендерiнде тұратын азаматтардың өтiнiштерiн қабылдау және рәсiмделген құжаттарды тапсыру мақсатында, 2016 жылы шығатын мобильдi топ құрылды.

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерiмен кеңес беру және құжаттарды қабылдау ауыл аймақтардағы әкiмдiк ғимаратында өткiзiледi.

Қосымша хабарлайтынымыз, Халыққа қызмет көрсету орталығында, мемлекеттiк қызметтердiң барлық түрлерiне кезектi брондау және 2-29-10 телефон арқылы немесе Пресновка селосы, Горький қиылысы, 10 «Г» мекен жайы бойынша кеңес алуға болады.

Шалғай елдi мекендердiң тұрғындары мемлекеттiк қызметтердi пошта арқылы алады

«Азаматтарға арналған үкiмет» «Қазпочта» АҚ-мен бiрлесiп, пилоттық жобаны iске қосты. Соның арқасында ХҚКО жоқ шалғай елдi мекендердiң тұрғындары мемлекеттiк корпорацияның қызметтерiн «Қазпочта» АҚ ауылдық бөлiмшелерiнде ала алады.

Әзiрше 66 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi, оның iшiнде электрондық анықтамаларды беру, баланың туылуын тiркеу, баланың туылуы мен күтiмiне байланысты жәрдемақы тағайындау, жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспорттың телнұсқасын беру, запастағы офицерлерге әскери билеттер және олардың телнұсқаларын (әскери билеттiң орнына уақытша куәлiктер) беру және тағы да басқа қызметтер бар.

«Азаматтар арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, мемлекеттiк корпорацияда шалғайдағы ауылдық округ тұрғындарының мемлекеттiк қызметтердi еркiн алуына ерекше назар аударылып келедi. Осылайша, 2012 жылдан бастап бүкiл Қазақстан бойынша 70 мобильдiк ХҚКО жұмыс iстейдi, олар әкiмдiктердiң өтiнiмдерi бойынша елдi мекендерге шығып, қызмет көрсетедi. Жыл басынан берi олар 7455 рет ауыл тұрғындарына барып, 335 736 қызмет көрсеткен.

Қазпочта бөлiмшелерi арқылы танымал мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң пилоттық жобасы — азаматтарға уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкiндiк беретiн ыңғайлылыққа арналған тағы бiр қадам. Пилоттық жоба алдымен Шығыс Қазақстан облысында екi ай бойы тестiлеуден өттi, нәтижесiнде оны Қазақстанның барлық аумағында қолдану туралы шешiм қабылданды. «Пилоттық жобаны тестiлеуде ШҚО почта байланысы бөлiмшелерiнде 233 құжат берiлген. Одан бөлек, бiздiң жұмысымызға тұрғындар тарапынан жақсы пiкiрлер айтылып, оң бағалар берiлгендiктен, бiз оны елiмiздiң барлық аумағында жүргiзудi шештiк. Қазiргi таңда шалғай елдi мекендердiң тұрғындары почта байланысы бөлiмшелерi арқылы 1656 корпорация қызметiн ала алады. Демек, ендi бұл қызметтердi алу үшiн, олар аудан орталықтарына барып әуре болмайтын болды», — дедi Оспанов.

«Бiз ауыл тұрғындарын тек почта қызметiмен емес, сонымен қатар әр түрлi банк қызметтерiмен, әрине, оның iшiнде ХҚКО қызметiмен де қамтамасыз ететiн боламыз. Өйткенi ауылда көбiне почта байланысы бөлiмшелерi ғана жұмыс iстейдi. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi почта арқылы алу үшiн, ауыл тұрғындары құжаттар пакетiн ұсынулары, қызмет көрсетуге жазбаша түрде өтiнiш берулерi және қажет болған жағдайда, мемлекеттiк баж салығын төлеулерi тиiс. Қазпочта операторы өтiнiштердi қабылдап, құжаттар пакетiн қалыптастырады және оны жақын жердегi халыққа қызмет көрсету орталығына жөнелтедi. Онда ХҚКО инспекторы қызметтi ресiмдеп, курьер арқылы дайын құжаттарды жiбередi», — деп қосты «Қазпошта» басшысы Сәкен Сәрсенов.

Шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік қызметтерді пошта арқылы алады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
коммерциялық емесакционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

Шетелдiктермен неке тiркеушiлер үшiн жаднама
Құрметтi азаматтар!

Шетелдiктермен неке қиюшы Қазақстанның азаматтары осындай жұп жасасудың ықтимал құқықтық және әлеуметтiк салдары туралы хабардар болуы және ескертiлуi тиiс.

Бiрiншiден, шетелдiктермен неке құрудан бұрын сiздiң болашақ жұбайыңыз (зайыбыңыз) азаматы болып табылатын елдiң азаматтық және отбасылық құқықтың ерекшелiктерiмен танысуды ұсынамыз. Ерлi-зайыптылардың құқықтары мен мiндеттерi, оның iшiнде ортақ балаларға қатысты, сондай-ақ осындай некенi бұзудың құқықтық салдарына ерекше көңiлдi аудару қажет.

Бұл, осы некеде туған балалардың құқықтары, сiздiң құқықтарыңызды бұзумен байланысты, кез келген мәселелердi шешуде дұрыс көзқарас пен мiнез-құлыққа дайын болу үшiн, өмiрдегi нақты жағдайда туындауы мүмкiн көптеген жағымсыз сәттердi болдырмауға мүмкiндiк бередi.

Кейбiр елдердiң заңдары бойынша, шетел азаматтарымен некеге тұратын кезде олардың елiнiң азаматтарының некеге жарамды деп тану жөнiндегi осы мемлекеттiң құзыреттi органының рұқсатын алуды талап етедi. Тиiсiнше, осы келiсiмсiз тiркелген неке Сiздiң таңдау жасалған азаматтың елiнде танылмауы мүмкiн және басқа да көптеген күрделi жағдайлар тудыруы мүмкiн, ол кезде некеге тұрған адамның кез келген құқықтарын қорғау туралы айту айтарлықтай қиын болады.

Шетел азаматымен Қазақстанның азаматы Қазақстанның аумағында кез келген Азаматтық хал актiлерiн тiркеу (АХАТ) бөлiмiнде, Қазақстанның шетелдегi консулдық мекемелерiнде неке жасасуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда, неке тiркелгеннен кейiн сiз Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес құжат (басқа сөзбен айтқанда, Қазақстанның үлгiсi бойынша) аласыз.

Шет мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдарында неке қиған жағдайда сiз Қазақстан аумағында оны пайдалану үшiн заңдастыру немесе апостиль қою қажет етiлетiн құжатты аласыз. Қазақстан аумағында мұндай некенi қайта тiркеудiң қажетi жоқ, бұдан бұрын көрсетiлгендей сiздiң құжатыңызды апостильдеу немесе заңдастыру жеткiлiктi болады.

Шетелдiкпен некенi тiркеу үшiн болашақ ерлi-зайыптылардың жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсету қажет. Шетелдiк, басқа мемлекеттiң аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам, жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар, нотариалды куәландырылған оның мәтiнiнiң қазақ немесе орыс тiлiне аудармасын қамтамасыз ету қажет. Мұндай құжаттардың мәтiнiн аударуыдың дұрыстығы дипломатиялық өкiлдiкте немесе консулдық мекемеде, шетелдiктiң азаматтығы немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлiгiмен куәландырылған болуы мүмкiн.

Сонымен қатар, бұрын тiркелген неке (азаматтар бұрын некеде тұрса), тоқтатылғанын растайтын құжаттар (болмаса — некеге қабiлеттiк туралы анықтама) табыс етiлуi тиiс.

Шетелдiк, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында болу заңдылығын растайтын құжатты ұсынуы керек.

Жас ата-аналар үшiн жаднама
Құрметтi ата-аналар!

Шын жүректен сiздi жаңа өмiрлiк мәртебеңiзбен құттықтаймын, осы күннен бастап Сiз ана және әке атандыңыз! Өмiрге жаңа адам келдi, ол Сiз және сiздiң жалғасыңыз болып табылады! Оның пайда болуымен көп қамқорлық және iстер пайда болды! Оның пайда болуымен жаңа құқықтар мен жаңа мiндеттер пайда болды!

Ата-ана ретiнде Сiзге бiлу маңызды:

  • Ата-аналар өз балаларына қатысты тең құқықты және тең мiндеттер атқарады.
  • Балаңыздың туу фактiсi мiндеттi түрде тiркелуi тиiс. Ел өзiнiң әр азаматы туралы бiлуi қажет, тiптi ең кiшкентайы туралы! Тууды тiркеу туралы өтiнiш Сiздiң сәбиiңiз туғаннан кейiн үш күн iшiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының бөлiмшелерiне немесе Азаматтық хал актiлерiн тiркеу (АХАТ) бөлiмдерiнде берiледi.
  • Балаңызға қандай есiм беретiнiңiз туралы ойланыңыз.

Баланың тегi ерлi-зайыптылардың ортақ тегiмен берiлуi мүмкiн, анасы немесе әкесiнiң тегi әр түрлi болса, олардың бiреуiнiң тегi бойынша берiлуi мүмкiн. Тегiн ұлттық дәстүрге сәйкес, оның әкесi немесе атасының атынан тағайындауға болады.

Баланың аты оның ата-анасының келiсiмiмен берiледi. Егер ата-аналардың келiсiмi жоқ болса, олардың дауы сотта шешiлуi мүмкiн.

Баланың әкесiнiң аты баланың әкесi ретiнде жазылған адамның атымен берiледi.

  • Ата-аналар өз баласының физикалық, психикалық, адамгершiлiк және рухани дамуына қажеттi өмiрлiк жағдайлар қамтамасыз етуi тиiс, олар өз баласының денсаулығына қамқорлық етуi керек.
  • Ешбiр жағдайда балаға зорлық көрсетуге жол берiлмейдi, ата-ана құқықтарын тиiстi емес деңгейде атқару немесе оларды асыра пайдалану, заңнамамен қарастырылған жауапкершiлiкке, оның iшiнде қылмыстық жауапкершiлiкке де әкеп соғады.
  • Тәрбие беру мәселелерiнде ата-аналар, барлық басқа тұлғалардың алдында өз баласын тәрбилеуде құқығы басым.
  • Оған бiлiм беру мәселелерiнде ата-анасы балаға мiндеттi орта бiлiм берудi қамтамасыз етуi тиiс, сондай-ақ баланың көзқарасын ескере отырып, жалпы орта бiлiм алғанға дейiн баланы оқытатын бiлiм беру ұйымын және нысанын таңдауға құқығы бар.
  • Баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғау

Ата-ана өз баласының заңды өкiлдерi болып табылады және кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның iшiнде соттарда арнайы өкiлеттiксiз оның құқықтары мен мүдделерiн қорғайды.

Өкiнiшке орай, әр түрлi өмiрлiк жағдайларға және себептерге байланысты жекелеген жағдайларда ата-аналар некелерiн бұзады және бала ата-ананың бiреуiмен ғана, әдетте анасымен қалады. Бұл ретте кәмелетке толмаған баларды асырау екi ата-ананың да мiндетi болып қалады.

— Ата-аналары ажырасқаннан кейiн балаларды асырау қалай жүзеге асырылады ?

Ата-аналар балаларды асырауға алимент төлеу туралы келiсiм жасасуы не алимент өндiрiп алу туралы арызбен сотқа жүгiнуi мүмкiн, онда өндiрiп алушының, яғни ата-ананың бiреуiнiң пайдасына тиiстi шешiм сот бұйрығы шығарылады. Ата-ананың екiншiсi борышкер болып, алимент төлеуге мiндеттеледi.

— Баладан бөлек тұратын ата-ана.

Осындай ата-ананың баласымен қарым-қатынаста болуға, оның тәрбиесiне, бiлiм алу және басқа да бала үшiн маңызды мәселелурдiң шешiлуiне қатысуға құқығы бар. Ал, баламен тұратын ата-ана екiншi ата-ананың баламен араласуына кедергi болмауы керек.

— Баланы асырауға кететiн қосымша шығындарға ата-аналардың қатысуы

Баланы асырауға кететiн қосымша шығындарды ата-аналар екi жақты келiсiммен алады не оны сот белгiлейдi.

— Баланың мүддесiн ескере отырып, ерлi-зайыптылардың ажырасуы кезiнде ортақ меншiктi бөлу.

Тек қана балаларға арнап сатып алынған заттар, бөлуге жатпайды және балалармен бiрге тұратын ата-анаға берiледi. Ерлi-зайыптылармен ортақ кәмелетке толмаған балаларының атына жасалған жарналар, осы балаларға тиесiлi болып саналады және ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде қарастырылмайды.

— Бала өзiнiң заңды мүдделерiн қорғауға құқығы бар. Және оларды бiрiншi болып — ата-аналар, Сiздер қорғау керексiз.

Сiздiң балаңыз өседi және бiздiң елiмiздiң лайықты азаматы болады. Ал қазiр ол жай ғана дүниеге келiп, анасы мен әкесiн бақытты еттi! Кiшкентай сәбиi үшiн жауапкершiлiктi сезiнетiн ата-аналары, әжелерi мен аталары үшiн, есiмi  — сiздiң сәби болып табылатын, ең жас керемет үшiн оның өмiрiнiң алғашқы айлары өте маңызды. Осы сәттер ең қуанышты жаңалықтар, өмiрдi құру, жеке тұлға қалыптастыру ретiнде барлығының есiнде қалсын. Сiздiң балаңыздың денi сау және бақытты болып өссiн!

Некеге отырушылар үшiн жаднама
Құрметтi күйеу жiгiт пен қалыңдық!

Бүгiн сiз неке қию туралы өтiнiш бердiңiз, осылайша өзiңiздiң отбасыңызды, өзiңiздiң кiшкентай әлемiңiздi құру жолындағы алғашқы қадам жасадыңыз! Ал сiз онда жайлы және бақытты болуыңыз тек сiздерге байланысты.

Отбасылық қарым-қатынастардың негiзгi заңдылық құжаты 2011 жылғы «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексi болып табылады. Онда отбасылық өмiрде пайда болуы мүмкiн көптеген маңызды сұрақтарға жауап табуға болады. Отбасылық қарым-қатынасқа енушi жастардың құқықтық сауаттылығы бұл отбасындағы өзара қатынастарды бастапқыдан дұрыс қалыптастыру мүмкiндiгi болып табылады.

Неке құрушылар үшiн бiлу маңызды:

  • Неке отбасын құру мақсатында неке құрушылардың тек өзара келiсiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. Ешбiр жағдайда неке құру үшiн мәжбүрлеуге жол берiлмейдi. Мұндай неке кейiннен жарамсыз болып табылуы мүмкiн.
  • Өзара келiсiм бойынша неке құрушылар медициналық-генетикалық мәселелер бойынша, сондай-ақ ұрпақты болу денсаулығын қорғау мәселелерi бойынша (денi сау баланың бiтуi, оны көтеру және туу мүмкiндiгi) медициналық кеңес алу және зерттеуден өту мүмкiн. Осындай зерттеулердiң нәтижелерi азаматтың неке құруға ниет бiлдiрген тұлғасына оның келiсiмiмен хабарлануы мүмкiн.

Неке қию тiркелгеннен кейiн неке құрушыларда ерлi-зайыптылардың мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтары мен мiндеттерi пайда болады.

  • Бiрiншiден, бұл, отбасында ерлi-зайыптылардың теңдiк құқығы, яғни, ерлi-зайыптылар тең құқықтарға ие болып, тең мiндеттердi атқарады.
  • Тектi таңдау құқығы, ерлi-зайыптылар олардың бiреуiнiң тегiн ортақ тек ретiнде таңдай алуы немесе олардың некеге дейiнгi тегiнде қалуы болып табылады. Сондай-ақ, өз тегiне жолдасының тегiн сызықша арқылы қосып, осылайша қос тек иесi атану мүмкiндiгi бар.
  • Отбасындағы мүлiктiк құқықтар мен мiндеттерiн анықтау үшiн неке құрушылар неке шартын жасай алады. Некеге тұрмас бұрын немесе некеде тұрған кезде кез келген уақытта нотариуста шарт жасасу мүмкiн.

Болашақ жұбайлардың ең маңызды парызы отбасындағы қарым-қатынасты өзара сыйластық және өзара көмек негiзiнде орнату, отбасының әл-ауқатын ықпалдау және нығайту, өз балаларының денсаулығына, олардың дамуы мен әл-ауқатына қамқорлық ету парызы және т.б.

Той — бұл әрбiр адамның өмiрiндегi ең бақытты күнi деп аталып кеткен. Ал бұл таң қаларлық емес: осы күнi сiз махаббат, нәзiктiк және отбасылық бақытқа толы жаңа әлемге енесiз.

Неке тiркеу күнi Сiз бiр-бiрiңiздiң, отбасы, ата-ана, қоғам, мемлекет және сiздiң балаларыңыздың болашағының алдында үлкен қарыз аласыз. Отбасын құру — Сiздiң өмiрiңiздегi ең маңызды және бiрегей шешiмдердiң бiрi және ерекше жауапкершiлiктi талап ететiн өте маңызды қадам болып табылады.

Отбасындағы жақын тұрақты қатынастар — бұл күрделi жүйе, өйткенi, отбасы — бұл тiрi ағза. Ол жүйеде тиiмдi және ұзақ уақыт бойы жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн, өзара iс-қимыл тетiктерi, жұмыс iстеу қағидалары бар.

Отбасын сақтау үшiн, отбасында үлкендерге, ата-аналарға құрмет, ерлi-зайыптылардың бiр-бiрiне сүйiспеншiлiгi болуы және балаларды құрмет пен даңқта тәрбиелеуi қажет.

Әке мен ана бiр-бiрiн және балаларды жақсы көретiн, Сiздiң отбасы шын мәнiнде бақытты болсын. Сiздiң балаларыңыз бақытты отбасының қандай екенiн бiлсiн. Сiздiң бақытты отбасылық өмiрдiң мысалы, болашақта олардың мақсаты мен мұратына айналсын.

Шетелдiк қаржыландыру мониторингi бойынша

Жеке және заңды тұғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың құрымдылық бөлiмшелерi (бұдан әрi — тұлғалар) орналасқан немесе тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiстер органына шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдiк ұйымдардан, шетелдiктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлiктi алғаны және жұмсағаны туралы, 1 теңгеден асатын сомаға олармен жасалған мәмiлелер жөнiнде, мынадай түрлерге бөлiнедi:

  • заңдық көмек көрсету, оның iшiнде құқықтық ақпарат беру, азаматтардың және ұйымдардың құқығын қорғау және өкiлi болу, және де оларға консультативтiк мағлұмат беру;
  • қоғамдық, социологиялық ойлар бойынша сұхбат алу және зерттеу (коммерциялық мақсатта жүргiзiлген қоғамдық, социологиялық ойлар бойынша сұхбат алу және зерттеулерден басқа), және де олардың қорытындысын тарату және жария ету;
  • мағлұматтарды жинау, талдау және тарату, көрсетiлген қызмет коммерциялық бағытта жүргiзiлгенiнен басқа.

Мәлiметтер бекiтiлген бұйрыққа сәйкес тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етiледi. Толтыруға жататын мәлiметтер болмаған жағдайда нысан нөлдiк көрсеткiшпен табыс етiледi.

Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдiк ұйымдардан, шетелдiктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлiктi алғаны және жұмсағаны туралы мәлiметтердi табыс етiлетiн кезең күнтiзбелiк тоқсан болып табылады.

Кешендi немесе тақырыптық тексеру кезiнде (тексеру мерзiмiн ұзартылған және тоқтатылғанды қоса), тексеру жүргiзiлiп жатқан алдыңғы мерзiмге табыс етiлген мәлiметтерге өзгертулер мен толықтырулар енгiзуге тыйым салынады.

Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдiк ұйымдардан, шетелдiктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлiктi толығымен жаратылса мәлiметтердi беру тоқтатылады.

Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдiк ұйымдардан, шетелдiктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлiктi салықтық кезеңiнiң бiрiнде қайтарған жағдайда, алынған ақшалар көрсетiлген бағанаға көрсетiлiп, басқа бағаналар қайталанып жазылады, «минус» белгiсi бар және сомалық бағаналардан басқа.

Мәлiметтерге өзгертулер енгiзiлген жағдайда «Қосымша» түрi белгiленiп алдыңғы мәлiметтер көрсетiлген бағаналар толтырылып жiберледi, «минус» белгiсi бар және сомалық бағаналардан басқа. Дұрыс толтырылған мәлiметтер жаңа бағаналарға, жаңа дәрежесiмен толтырылады.

Мәлiметтерге толықтырулар енгiзiлген жағдайда «Қосымша» түрi белгiленiп жаңа бағаналарға, жаңа дәрежесi толтырылып, бiрақ реттiк саны кезектi (қосымша) тапсырған мәлiметтерден кейiн толтырылады.

Тұлғалар мәлiметтердi өз ерiктерi бойынша:

  • жеке келiп немесе қағаз тасығышта бередi;
  • электрондық түрдегi мәлiметтер Салық кодексiнiң 572-бабына сәйкес электрондық салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiне тұрған, салық есептiлiгiн қабылдау және өңдеу жүйесiнiң орталық торабы жүзеге асырады.

Қағаз тасығыштағы мәлiметтер:

  • екi данада жасалады, тұлғалар қол қояды, мөрмен куәландырылады (боған жағдайда);
  • бiр данасы мемлекеттiк кiрiстер органының кiрiс нөмiрi қойылған мөрiмен тұлғаға қайтарылады;
  • Мемлекеттiк кiрiстер органымен тiркелiп, салық есептiлiктерiн қабылдау және өңдеу жүйесiнде енгiзу жүзеге асырылады.

Қағаз тасығыштағы мәлiметтердiң табысталған күнi болып Мемлекеттiк кiрiстер органдары қағаз тасығыштағы мәлiметтердi қабылдаған күнi болып табылады.

Электронды түрдегi мәлiметтердi салық есептiлiгiн қабылдау және өңдеу жүйесi немесе мәлiметтердi компьютерлiк өңдеуге жататын электронды тасығыш арқылы тапсырылады. Бұл ретте, электрондық түрдегi мәлiметтер салық есептiлiгiн қабылдау және өңдеу жүйесi арқылы тапсырылғанда, тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

Тұлға, электронды түрде табысталған мәлiметтердi, Мемлекеттiк кiрiстер органымен осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес тiркеу нөмiрiн беру арқылы салық есептiлiгiн қабылдау және өңдеу жүйесiнiң орталық қорабымен қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы растауды электронды түрде алады.

Электрондық түрдегi мәлiметтердiң табысталған күнi болып салық есептiлiгiн қабылдау және өңдеу жүйесiнiң орталық қорабымен қабылданған күнi болып табылады.

Егер мыналар:

  • мемлекеттiк кiрiстер органының коды көрсетiлмесе;
  • «БСН (ЖСН)» (бизнес сәйкестендiру нөмiрi, жеке сәйкестендiру нөмiрi) көрсетiлмесе немесе дұрыс жазылмаса;
  • ақша және (немесе) басқа да мүлiктi берген субъектiнiң аты көрсетiлмесе немесе дұрыс жазылмаса;
  • қағаз тасығышта жасалған мәлiметтерге жеке не заңды тұлғалардың не (немесе) заңды тұлғалардың құрымдық бөлiмшелерiнiң басшылары қол қоймаған, мөрмен куәландырмаған жағдайда (бар болғанда) мәлiметтер мемлекеттiк кiрiстер органдарына тапсырылмаған болып табылады.

Билiк тармақтары арасында өкiлеттiктерiн қайта бөлуi сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Үндеуi

Сiздердiң назарларыңызға елiмiз үшiн аса маңызды, тағдырлы мәселенi ұсынбақпын.

Бұл — Конституция мен заңдарға өзгерiстер енгiзу.

Бiздiң алдымызда билiк тармақтарының өкiлеттiктерiн қайта бөлу мiндетi тұр.  

Қазiр заманның дидары өзгердi.

Бiз де өзгеруге тиiспiз.

Сол себептi, мемлекеттiң басқару жүйесiн де жаңғыртатын кез келдi.

Мен елдiң мүддесi мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып осындай байлам жасадым.

Арнайы құрылған жұмыс тобы атқарылған iстердi баяндады. 

Реформа екi негiзгi бағыт бойынша iске асады.

Бiрiншiден, Президенттiң әлеуметтiк-экономикалық процестердi реттеудегi бiршама өкiлеттiктерiн Үкiметке және басқа да атқарушы органдарға берген жөн.

Сонда бұл салаға Үкiмет, министрлiктер және әкiмдiктер толықтай жауап беретiн болады.

Өкiлеттiктердi беру тиiстi заңдарды өзгерту арқылы iске асады.

Бұл өзгерiстердi Үкiмет қазiргi Парламенттiң сессияның аяғына дейiн Парламентке енгiзуi тиiс.

Екiншiден, одан да күрделi мiндет — билiк тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерiмдi ету.

Осы реформаның аясында Үкiметтi жасақтаудағы Парламенттiң рөлiн күшейтемiз.

Парламент сайлауында жеңген партия Үкiмет құрамын анықтауға түбегейлi ықпал ететiн болады.

Бұл министрлер кабинетiнiң өкiлеттi билiк алдындағы жауапкершiлiгiн арттырады.

Тиiсiнше, билiктiң заң шығарушы тармағының атқарушы билiкке бақылауын күшейтедi.

Айтылған екi бағыттың қай-қайсысы да жауапкершiлiк пен кәсiбилiктi арттыру арқылы мемлекеттiк басқару тиiмдiлiгiн күшейтедi.

Жұмыс тобы барлық сұрақтарды жан-жақты зерттеп, қоғамдық талқылауға шығару үшiн ұсыныстар жиынтығын әзiрлеуi қажет.

Нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың шығуымен нотариаттық iс-әрекеттер жасау бойынша лауазымды тұлғаларға арналған жадынама

Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 21 бабы 5 тармағына сәйкес нотариаттық iс-әрекеттер мемлекеттiк нотариат кеңсесiнiң үй-жайынан тыс және жекеше нотариустың үй-жайынан тыс жерлерде жасалуы мүмкiн.

Көшпелi нотариаттық iс-әрекеттер мүдделi адамның өтiнiшi негiзiнде нақты адамға қатысты жасалады және тұрақты сипатта болмайды.

Мүдделi адамға өтiнiш беру үшiн өзiмен бiрге жеке басын куәландырушы құжаты, сонымен қатарнотариаттыөқ iс-әрекетке қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi болуы тиiс.

1. Нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың (әрi қарай — лауазымды тұлға) шығуы мүдделi адамның жазбаша өтiнiшi негiзiнде нақты адамға (денсаулығына байланысты нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды тұлғаларға жеке өзi келе алмайтын) қатысты жасалады.

2. Нотариаттық iс-әрекет жасалып отырған адам iс-әрекетке қабiлеттi, ақыл-есi дұрыс болуы тиiс: нотариаттық iс-әрекеттiң мәнiн, мағынасын және құқықтық салдарын түсiнуi, сонымен қатар өз әрекеттерiн басқаруы, лауазымды тұлғаның сұрақтарына анық жауап беруi тиiс; мерзiмi бойынша қолданыстағы жеке басын куәландыратын құжаттары болуы, сонымен қатар (бар болған жағдайда) төлем бойынша жеңiлдiктер құқығы болуы тиiс. Құжаттар лауазымды тұлғаларға түпнұсқа түрiнде ғана берiледi.

3. Лауазымды тұлғалармен жасалатын нотариаттық iс-әрекет ҚР Салық заңнамасына және «Нотариат туралы» Заңына сәйкес төленедi. Төлем бойынша төлем, жеңiлдiк мөлшерiн (болған жағдайда) лауазымды тұлғадан бiлу қажет.

4. Лауазымды тұлға келгенге дейiн:

  • нотариаттық қызмет жасау орнына лауазымды тұлғаның уақтылы және кедергiсiз кiруiн қамтамасыз ету;
  • нотриаттық iс-әрекет жасалатын тұлғаның ұйықтататын дәрiнi қабылдауын болдырмау;
  • лауазымды тұлғаның келуi туралы адамды хабардар ету;
  • нүпнұсқада қажеттi құжаттарды күнi бұрын дайындау (жеке басын куәландырушы құжат немесе паспорт, зейнеткерлiк куәлiк, мүгедек туралы анықтама және т.с.с.);
  • нотариаттық құжаттарды және нотариаттық iс-әрекеттердi тiркеуге арналған тiзiлiмдi толтыру үшiнлауазымды тұлғаға қажеттi орын (үстел, орындық) дайындау, сонымен қатар үй-жайды тиiстi жарықпен қамтамасыз ету;
  • жағдайы бойынша таза, ұқыпты түрiн (киiм-кешегiнiң бар болуын қоса) қамтамасыз ету;
  • нотариаттық iс-әрекеттер жасалатын жерде өзге адамдардың (балаларды қоса), сонымен қатар үй жануарларының қатысуын болдырмау қажет.

5. Шақыруды болдырмаған жағдайда лауазымды тұлғаға дер кезiнде хабарлау қажет.

Прокурордың 100 кеңесі

2016 жылдың 21 желтоқсанында прокурордың 100 кеңесі» кітабының тұсаукесері өткізілді. кітабының, мобильді қосымшаның және Бас прокуратура сайтындағы арнайы парақшаның таныстырылымы өтті. Практикалық кеңестер жинағын Бас прокуратура мен Құқық қорғау органдары академиясы бірлесіп әзірлеген.

Презентациялық материалдар азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағдарланған. Жинақтың мақсаты – түрлі құқықтық жағдайларға тап болған адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өзін қалай ұстау керектігін, өз құқықтарын, жақындарының мүдделерін қалай қорғау керектігін көрсету. .Азаматтарға олардың құқықтарын, сондай-ақ, елімізде қабылданатын заңдардың ережелерін қарапайым тілмен түсіндірген маңызды кітап болып табылатындығын атап айтуымыз қажет.

Кітапта 9 тарау бар, оларда түрлі өмірлік жағдайлар бойынша кеңестер қамтылған: отбасы, бизнес үшін, өзіңді алаяқтардан қалай қорғау қажет; тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қалай жол бермеу қажет; шағым бергенде не істеу керек; терроризм мен экстремизм туралы нені білу қажет; құқық қорғау және сот органдарының өкілдерімен өзіңді қалай ұстау қажет.

«Отбасыңыз үшін» тарауында бала жоғалып кеткен жағдайда, некеге отыруға мәжбүрлесе және күштеп ұрлап әкетсе не істеу керектігіне кеңес ала аласыз. Балалардың құқығы, ата-ана қандай жағдайларда ата-ана құқығынан айрылатындығы түсіндіріледі. Бұдан басқа, бала асырап алғыңыз келсе және балабақшаға балаңызды қалай орналастыруға да кеңес береді.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау» тарауы. Бұл тарауда іс-қимылдар жоспары қадам-қадамымен нұсқалған: тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер қандай іс-шара қолданылады, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанының қауіпсіздігін әрине, полициядан басқа ешкім іс жүзінде қамтамасыз ете алмайтындығын түсіндіреді.

«Сіздің бизнесіңіз үшін» тарауы. Мұнда бизнесті қалай қорғау керектігі, егер, сіздерге тексеріс келіп қалған жағдайда, кәсіпкерлердің құқығы бұзылған жағдайда мемлекеттік органдардан басқа қайда өтінішпен жүгіну керектігі туралы кеңестер берілген.

«Еңбек қатынастары саласында» прокурордың 10 кеңесі. /жұмысынан қысқартылғандарға кеңес беретіндердің біреуі болып табылады/.

«Құқық қорғау органдарымен қатынастарда болған жағдайда» тарауында 20 кеңес берілген; Егер, Сізге қатысты әкімшілік хаттама жасағанда не істеу керек. Сұраққа жауап беріледі: «жеке тексермелеу және жеке басты тінту» жүргізілуі мүмкін.

«Терроризм мен экстремизмге қарсы ісқимыл жөнінде» тарауында террористердің тұзағына түсіп қалған жағдайда, күдікті зат тауып алған кезде қандай іс-қимыл жасайтындықтарыңызға кеңес берілген.

«Қалай алаяқтардан қорғану керек». Бұл тақырыпқа бір қатар кеңестер берілді: қалай қаржы пирамидасының құрығына түспеу қажет, өзіңді интернеттегі алаяқтықтан қалай қауіпсіздендіру керек және тағы да басқа кеңестер.

«Сот органдарымен қатынастарда болған жағдайда». Бұл тарауда талап қою арызы нысаны мен мазмұны бойынша қандай болуы тиістігінен бастап сот шешіміне қалай шағымдануға болатындығына дейін кеңес берілген.

«Өтініш беру кезінде» атты кітаптың соңғы тарауы. Бұл жағдайда 10 кеңес берілген, өтінішті қалай беру керек, соның ішінде прокуратура органдарына.

Тұрғындар үшін осы жинақ Мемлекеттік прокуратура сайтында, екі тілде, 115 kz порталында орналастырылған және смартфондар үшін ios және Android платформаларында ақысыз мобильді қосымшаларға қолы жетімді.

Солтүстік Қазақстан облыстық көлік прокуратурасы


«Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде өзгерiстер

«Жамбыл ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне баланың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуiрдегi Заңымен, «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне өзгерiстер және толықтырулар енгiзiлгендiгi жөнiнде хабардар етедi.

Баланың тууы туралы өтiнiштi оның ата-аналары не басқа да мүдделi адамдар тiркеушi органдарға ол туған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей беруге тиiс, ал бала өлi туған жағдайда, босанған кезден бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы өтiнiштi бередi.

Үш жұмыс күнi өткен соң берiлген өтiнiш бойынша баланың тууын мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша тiркеушi орган жасаған қорытындының негiзiнде жүргiзiледi.

Бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған жағдайда баланың тууы туралы өтiнiштi оның ата-аналары не басқа да мүдделi адамдар Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiне оның туған күнiнен бастап екi айдан кешiктiрмей беруге тиiс.

Жамбыл ауданы әкiмiнiң аппарат басшысы
Е. Пестова

Ұран: «Мәзiрден антибиотиктердi алып тастау!»

Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске — 70 жыл

2015 жылдың 18 қыркүйек күнi сағат 11:00-де Солтүстiк Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Қайранкөл аулы «Атамен-Астык» ЖШС элеваторы мекенжайда «Солтүстiк Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Қайранкөл ауылында дәндi тазалау, кептiру және сақтау бойынша қайта құру бағыты» жобасындағы «Бөлiм», «Қоршаған ортаны қорғау» (БҚОҚ) жобасын, сондай-ақ «Атамен-Астык» ЖШС арналған қоршаған ортаны қорғау iс-шара жоспарын талқылау жөнiнде қоғамдық тыңдалым болатынын хабарлаймыз. БҚОҚ жобасы, iс-шара жоспары жөнiндегi қоғамдық тыңдалым нәтижесi қоршаған ортаны қорғау өкiлеттi орынға келiсiмге жiберiледi. Қосымша ақпараттар қажет болған жағдайда мына мекенжай бойынша хабарласыңыз: Петропавл қ., Жұмабаев көшесi, 109, каб. 403. Тел. 8-7152-36-22-25, эл. мекежай: vibatalov@ya.ru

«Атамекен-Астық» ЖШС үшiн табиғатты қорғау iс-шаралары жоспар бойынша қоғамдық тыңдаулар хаттамасы 18.09.2015 ж.

Энергия үнемдеу

Алаяқтық әрекеттерге тосқауыл қоюға арналған жадынама

Мәлiмет үшiн

«Техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызметi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 30 сәуiрдегi №423 қаулысымен бекiтiлген, «Техникалық және кәсiптiк бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызметтер стандартының 7 тармағына сәйкес тегiн көрсетiледi.

Бiрыңғай байланыс орталығын құру

Жамбыл ауданы бойынша салық басқармасы хабарлайды, «Мемлекеттiк қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi № 88-V Заңына сәйкес Бiрыңғай байланыс орталығы құрылды (ББО).

ББО негiзгi мiндетi 1414 және 8-800-080-7777 тегiн телефондары бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық ақпаратты ұсыну болып табылады.

ББО мамандар Сiзге, жеке тұлғалардың мүлiгiне салық есебi, көлiк құралдарына салық есебi, патент есептерiн толтыру, декларацияны жеңiлдету, мемлекеттiк қызметшiлер үшiн декларация, салық төлеушiнiң Кабинетiнде салық есебiн толтыру және жөнелту-салық заңнамасының жеке мәселелерi бойынша бiлiктi кеңестердi ұсынады.

Жамбыл ауданы бойынша салық басқармасы

Мақаланың шыққан күні: 29.08.2017 12:46

Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.01.2018 10:00

СҚО Жамбыл ауданы әкiмi
Турков Иван Иванович

Промышленная Революция 4.0

Желтоқсан 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасыБолашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2018 Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+