Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының отырысы
Аудан әкiмi аппаратының мәжiлiс залында аудан әкiмi З. Макеновтың төрағалығымен әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссия өткiзiлдi. Комиссияға аудандық комиссия мүшелерi қатысты.
Комиссия бiрқатар мәселелердi қарады:
- «Мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде әлеуметтiк қолдауды қажет ететiн әйелдердi (оралмандарға, зейнеткерлiкке шыққан жасқа жеткен адамдарға) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы».
- «Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейiнгi отбасылық және гендерлiк саясат тұжырымдамасын iске асыру туралы есеп.
- «Тұрмыстық зорлық — зомбылық жағдайларын, әйелдерге және балаларға қатысты сексуалдық шабуылдарды болдырмауға бағытталған жергiлiктi полиция қызметiнiң жұмысы туралы».
Мақаланың шыққан күні: 04.10.2018
Қаралым саны: 203