Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ, Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданның бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы төменгi емес болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымының бос орнына iшкi конкурс жариялайды

интернет-ресурсында орналыстырған күнi 24.09.2019 ж.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ, 150600, Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка ауылы, Дружба көшесi, 10 анықтама телефоны 8(71544)21531, факс 8(71544)21233, электрондық пошта
zhambil-akimat@sko.gov.kz, Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданның бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы төменгi емес болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымының бос орнына iшкi конкурс жариялайды:

1. «Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ мемлекеттiк-құқықтық мәселелерi жөнiндегi құрылымдық бөлiмшенiң бас маманы.

Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметкер санаты E-4.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 100 767 теңгеден 136 426 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

Құқық қорғау органдарымен және әдiлет органдарымен өзара iс-қимылды жүзеге асыру, мемлекеттiк қызметшiлер арасында заңгерлiк семинарлар, жалпы оқытулар өткiзу. Нормативтiк-құқықтық актiлердiң тiзбесiн жүргiзу. Белгiленген тәртiпте, сотта, мемлекеттiк органның, сонымен қатар, басқа да ұйымдарда құқықтық мәселелердi қарастырған кезде мүддесiн қорғау. Прокурордың наразылықтарына, ұсыныстарына жауаптар қайтару.

Әкiмнiң және аудан әкiмдiгiнiң нормативтiк-құқықтық актiлерiнiң мониторингiсiн жүргiзу, әдiлет органдарына жiберу үшiн әкiмнiң және аудан әкiмдiгiнiң қабылданған актiлерi туралы есептердi, тоқсан сайынғы есептердi дайындау.

Әкiмнiң және аудан әкiмдiгiнiң нормативтiк-құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеуге дайындау және жөнелту және оларды басылымдарда жариялау.

Құқық қорғау бағытындағы консультативтiк кеңес органдарының қызметтерiн ұйымдастыру, атап айтқанда құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның қызметтерiн ұйымдастыру.

Комиссия деректерiнiң жұмыс жоспарын құру, комиссиялардың ұсыныстарының орындалуына мониторинг жүргiзу, құқық қорғау бағытындағы облыстық комиссиялармен өз ара қимыл жасау.

Нормативтiк құқықтық актiлерге тiркелiм жүргiзу.

Алқаби отырыстарына жыл сайынғы кандидаттарджың тiзiмiн қалыптастырады және олардың өзектелуi бойынша жұмыстар жүргiзедi.

Ұйымның iшкi тәртiп ережелерiн сақтайды.

Өз құзыретiнiң шегiнде, жетекшiлiк ететiн мәселелерi бойынша басшымен жүктелген басқа да мiндеттердi орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм: «Құқық» бейiнi бойынша.

Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi: «Құқық» бейiнi бойынша рұқсат етiледi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару.

Жоғары немесе жоғарыдан кейiнгi бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

Iшкi конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекiтiлген, «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурс өткiзу қағидалары негiзiнде өткiзiледi.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

  1. 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;
  2. тиiстi персоналды басқару қызметiмен құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар құжаттарын «Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ электронды түрде электрондық почта мекен-жайына немесе «E-gov» электронды Үкiмет порталды немесе ИАЖ «Е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесi арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағат бұрын кешiктерiлмей бередi.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.

Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер одан «Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ әңгiмелесуге жiберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде өтедi. Әңгiмелесу өткiзу кезiнде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және барлық деңгейдегi мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң (үкiметтiк емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкiлдерi, мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның қызметкерлерi қатыса алады.

Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей персоналды басқару қызметiнде (кадр қызметiнде) тiркеледi. Тiркелу үшiн тұлғалар персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн немесе электрондық көшiрмесiн, ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн немесе электрондық көшiрмелерiн ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажеттi құжаттар «Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ zhb.sko.gov.kz және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiн келесi жұмыс күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде қолма-қол, пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмде келесi мекенжайға ұсынылуы тиiс: «Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ, 150600, Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка ауылы, Дружба көшесi, 10, немесе
zhambil-akimat@sko.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкiмет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесi арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде ұсынылуы тиiс. Анықтама телефоны 8(71544)21531, факс 8(71544)21233.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық құрылымына, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қосымша (DOC 18 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 24.09.2019
Қаралым саны: 85

СҚО Жамбыл ауданы әкiмi
Әбiшев Мұратбек Жапасұлы

Промышленная Революция 4.0

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+