Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Онлайн тәртiпте автокөлiктi тiрке және жүргiзушi куәлiгiн ауыстыр!» акциясы

Петропавл қаласында «Онлайн тәртiпте автокөлiктi тiрке және жүргiзушi куәлiгiн ауыстыр!» акциясы өтiп жатыр. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемкорпорациясының СҚО бойынша филиалының қызметкерлерi мамандандырылған ХҚО-да, автобазарларда онлайн тәртiпте мемлекеттiк қызметтердi алу мүмкiндiктерi туралы ақпараттандыру мақсатында кiтапшаларды таратып, түсiндiрме жұмыстарын жүргiзуде.

Осы орайда, азаматтар жүргiзушi куәлiктерiн (ЖК) мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, кез-келген уақытта электрондық үкiмет порталы арқылы ауыстыра алатынын, сондай-ақ автокөлiктi қайта тiркей алатындығын естерiңiзге саламыз. Бұл әдiс ұзын-сонар кезекте тұру мәжбүрлiгiнен құтқарып қана қоймай, уақытты үнемдеуге де мүмкiндiк бередi.

Жүргiзушi куәлiгiн онлайн тәртiпте ауыстыру қызметiн алу оңай әрi жылдам. Алдымен еgov.kz порталына кiрiп, электрондық өтiнiштi толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен растау қажет. Өтiнiшпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суретi де жолданады. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң (мобильдi азаматтар базасына тiркелген жағдайда хабарлама SMS түрiнде келедi) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын ЖК алып кетуге болады.

Бөлiмге барғанда, ауыстыратын ЖК, жеке басыңызды куәландыратын құжатты, өтiнiш пен баж салығын төлеу туралы электрондық чектi ұсыну қажет. Айта кетсек, жүргiзушi куәлiгiнiң баж салығы бұрынғыдай 1,25 АЕК, яғни 3 006,25 теңгенi құрайды.

Портал арқылы өтiнiм бергенде, ешқандай құжаттың скан-нұсқасын ұсынудың қажетi жоқ, себебi қажеттi мәлiметтердiң барлығы ақпараттық жүйелер арқылы алынады. . Қызметтi онлайн алу үшiн egov.kz порталында авторизациядан өтiп, сатылатын көлiк жайлы ақпаратты енгiзiп, айыппұлдар мен салық төлемдерiн, техникалық жағдайынтексеруге сұраныс жолдау керек.  Егер қарыздар болса, электрондық портал арқылы өтеуге болады. Мұнан кейiн автокөлiктi сатып алушы азамат электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинетi арқылы сатушы қалдырған өтiнiммен танысып, айыппұлдарды тексергеннен кейiн нөмiр белгiсiне, көлiк құралын тiркеуге және тiркеу туралы куәлiкке төлем жасай алады. Сатып алушы өзiнiң ЭЦҚ-мен смарт-келiсiмдi растаған соң мамандандырылған ХҚО-ға нөмiр белгiсiн алып кету үшiн ғана келедi. Сондай-ақ нөмiрдi үйге жеткiзу қызметiне де тапсырыс беруге болады.

Жыл басынан Петропавл қаласында жүргiзушi куәлiгiн онлайн ауыстыру қызметiн 405 адам пайдаланды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша
филиалының PR-менеджерi

Мақаланың шыққан күні: 20.09.2018
Қаралым саны: 79

СҚО Жамбыл ауданы әкiмi
Турков Иван Иванович

Промышленная Революция 4.0

Желтоқсан 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасыБолашаққа бағдар: рухани жаңғыру

@2018 Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+